ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АӨК САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕСІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан Республикасының АӨК саласындағы мамандарын даярлау мәселесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы  шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі. Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін — әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

Бүгінде бұл міндеттерді орындауда инновациялық даярлығы мен тәжірибесі бар білікті де білімді мал шаруашылығы мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болуы қажет.Ағымдағы жағдайды талдаудың нәтижесі елімізде мал дәрігерлері мен зоотехниктердің жетіспеушілігі байқалатынын, және соңғы жылдары, елімізде аталған сала бойынша мамандар даярлау саны азайып, сапасы төмендеп отырғанын көрсетеді. Бұл мамандықтар бойынша оқуға түсуге ынта білдірген жастардың саны да жылдан жылға азаюда. Мәселені жан-жақты қарастыру үшін қалыптасқан жағдайды талдайық.Жаңа білім алу, технологияларды әзірлеу және трансферттеу, кадрларды даярлау аясында аграрлық ғылымның қазіргі заманғы жүйесін құру ел экономикасының аграрлық секторын жедел дамытуға және оның бәсекелестік қабілетін арттыруға жәрдем көрсетудің негізі болып табылатыны белгігілі.

Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Ауылшарушашылық кешені нарықтың әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әр түрлі үлгілерін танытады. Ауылшаруашылығы өндірісі нарығының бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар.

«Қазіргі кезде АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:

1) АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т.б. түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;

2) негізгі өндірістік құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркін, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;

3) АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

4) АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау;

5) өнім экспортын қолдау;

6) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

7) ҚР АӨК-сін дамыту үшін қажетті көлік, су, сақтау, қайта өңдеу және өзге де инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту;

8) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық білімді тарату;

9) бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау.Қазақстанда негізінен ақшалай және қаржылық қолдау құралдары басым. /1/

1-кесте. 2011 – 2015 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-32

Ескерту- мәліметтер http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000151 сайтынан алынған.

Жалпы, Қазақстанда ауылдық жерлерді сапалы мамандармен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы саласының, агроөнеркәсіптің дамуына серпін берері сөзсіз. Аграрлық салада маман болуға талапкерлер арасынан сұраныс төмендеу болғанымен, болашақта бұл жағдай өзгерері анық. Мысалға, ірі аграрлық кәсіпорындар өз мамандарын өз қаражатына дайындау кезеңі әбден туындады. Оның үстіне, үкімет тапсырысымен, яғни грантта оқитын жастарды заңды түрде жұмысқа орналастыру бойынша ауылдық жерлерге жіберетін болса бұл да жастар үшін жақсы мүмкіндік. Ал мамандар оқуға ынталы болып, жұмыссыздар қатарын толтырмас үшін, мамандардың белгілі бір бөлігін жұмыс беруші есебінен мақсатты түрде даярлау қажет. Кез келген саланың орнықты дамуы үшін ресурстардың болуымен қатар, кешеннің кәсіби мамандармен қамтамасыз етілуі айрықша маңызды. Қазақстанның әлеуеті зор әрі келешегі кемел агроөнеркәсіп кешеніні үшін білікті кадрлар дайындап, тиімді жұмыспен қамти білуел экономикасының дамуына серпін берері анық.

«ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес, ҚР экономикасының салаларына да, ауыл шаруашылығына да берілген кредиттер көлемі жыл сайын өсуде.Бұл ретте АӨК саласындағы кредиттер үлесі 2015 жылы 8%-ды құрады.
2015 жылы АӨК субъектілеріне берілген кредиттер сомасы 603,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғыдан 61%-ға аз.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ) мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ) ауыл шаруашылығындағы жиынтық кредиттік портфелі 1 448,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 66%-ы ЕДБ-ға, 34%-ы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялар тобына тиесілі.2016 жылғы тамыздағы жағдай бойынша АӨК субъектілерінің ЕДБ алдындағы мерзімі өткен берешектерінің сомасы 48,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 44,6%-ға аз.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ шағын және орта бизнесті инвестициялық қолдауға бағдарланған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жыл сайын елімізде 60%-дан астам техника сатып алынуда. ЕДБ мен басқа да жеке меншік қаржы ұйымдары аграрлық сектордағы шағын және орта бизнесті (бұдан әрі – ШОБ) қаржыландыруға болмашы ғана қатысуда»/2/.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-43

1-Сурет. «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдигі» Акционерлік қоғамының жыл сайынғы берген кредиттерінің мөлшері, млрд. теңге

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпааттық-құқықтық жүйесі http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000894 сайтынан алынған

Жаһандану жағдайында əлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен рецессияның ұлттық экономикаға ықпалы күрт өсті. Көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты əсер ете бастады. Қазіргі жағдайда жəне болашақта болатын құбылыстарға сəйкес келетін іс-шаралар жүйесін құрастыру жəне дағдарыс салдарынан болатын жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын шараларды ұйымдастыру қажет.

«2010 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1640,2 млрд.теңгені құрады, бұл ретте өндіріс өсімі 2009 жылмен салыстырғанда 13,9%) құрады, бұл соңғы 8 жылда ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің үлесі елдің жалпы ішкі өнімі көлемінде (ЖІӨ) 6,3% құрады»/3/.

Аграрлық саланы қолдауда мемлекет үлкен рол атқарады. Аграрлық кешенді мемлекеттік қолдаудың азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ете отырып аграрлық өндірісті тұрақтандыру мен дамыту басты міндетіне жатады. Үкімет ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірістік құрылымын қайта қарауды және ресурс үнемдеуші технологиялар есебінен саланың тиімділігін арттыру міндетін қойып отыр. Мұндай технологияларды енгізу бір шама қаражатты талап етеді.

«Ауыл шаруашылығындағы өнімнің дәстүрлі түрлері бойынша экспортқа басымдық берген жөн. Ішкі сұранысқа құрылған импорт алмасу аз пайда әкеледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін арттыру қажет. Аталған тауарларды саудалаудан түсетін ортақ экспорттық табыс 2 есеге өседі (1,8 трлн теңге). Бұл дегеніңіз, барлық Қытай агроөнімдері импортының 6,3 пайызы немесе Ресей импорты құнының 7,4 пайызы. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға және Ресейге жеткізетін 10 экспорттаушы елдің қатарына кіре аламыз»/4/.

Aуылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруды дамытудың әртүрлі жолдарының іске асуының мүмкіндіктері нақты жағдайларға байланысты болғандықтан, экономикалық тиімділік мөлшері де, әртүрлі іс жүзіндегі ықпалы да бірдей еместігімен айқындалады. Сондықтан кезек күттірмейтін міндет көрсетілген факторлардың экономикалық бағасын анықтап, болашақтағы өндірісті дамытудың болжамдық тұжырымын жасауда тепе-теңдік үлгілерінде есепке алу қажеттігі байқалады.

«ҚазАгро» Ұлттық холдинг» Басқармасының шешімімен «ҚазАгроҚаржы» отандық лизингілік компаниясы еліміздің ауыл шаруашылығындағы 14 инвестициялық жобаның oператоры болып отыр, оларды дамытуға шамамен 94 млрд. теңге қаржы бағытталмақшы»/5/.

Мемлекеттің қолдауынсыз ауыл шаруашылығы дамымайды, шаруа қожалары өздерінің болашақтағы мүмкіндіктеріне деген сенімін жоғалтып, сәйкесінше банкроттыққа ұшырайды. Мемлекеттік қолдаудың көптеген аспекттері бар. Мысалы, агралық өндірістің дамуын, мемлекеттің қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды, бағаны реттеуді, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісіне квота бөлуді, сырттан келетін арзан өнімдерге кедергілер қоюды, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруды және  т.б. қолдау.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі берген мәліметке сүйенсек, бұл салада мыңдаған маман тапшы.

500-ден аса агроном;

550-дей зоотехник;

1500 мал дәрігерлері;

1500 фельдшерлер;

408 фермер-менеджер;

560инженер-механиктер;

1000-ға жуық техник-технологтар;

2 мың 200-ден астам тракторист-машинистер қажет. Сондай-ақ, өнімді қайта өңдей білетін және нан пісіру өндірісін игергендер де қажет»/6/.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандык өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі кездегі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халыкаралык экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. «Қазіргі таңда білікті кадрлар даярлау мәселесі Елбасының ұдайы назарында тұрған басым бағыттардың бірі, әсіресе, экономиканың маңызды саласы саналатын ауыл шаруашылығында кәсіби мамандар даярлау бүгінгі күннің басты талабы болып отыр»/7/.

Ауыл шаруашылық өндiрiсiн орналастыру мен мамандандырудың келешекте дамуын оңтайландырудың нұсқасын анықтауда көп жылдық статистикалық мәліметтерді пайдаланып, болашаққа анықталған техникалық-экономикалық көрсеткiштер негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін орналастыру  және  мамандандырудың оңтайлы нұсқасын негiздеу қажет.

«ШҚО-да АӨК дамыту бойынша жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгеден асатын 154 ірі және шағын жоба жүзеге асырылды.Жалпы облыста АӨК дамыту бойынша жалпы сомасы 9,3 млрд. теңгеден асатын 154 ірі және шағын жоба жүзеге асырылды. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ институттары арқылы қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмысы белсенді түрде жүргізілді. 2014 жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша облыста сомасы 6,1 млрд.теңгені құрайтын 68 жоба жүзеге асты. 2013 жылмен салыстырғанда «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша облыста жоба саны 3,5 есеге көбейді, инвестициялар көлемі 2,2 есеге ұлғайды.

2014 жылы 6,1 млрд. теңгеге 810 ауыл шарушылығы техникасы сатып алынған. Соның ішінде 5,1 млрд. теңгеге 646 бірлігі лизинг арқылы алынған. Бұл аталған бағыттағы жалпыреспубликалық шығынның 16 % құрайды. 2014 жылы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы машина-тракторлық паркті жаңартуға құйылған инвестиция көлемі 34% артты»/8/.

Бұл жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс жасап, мәселенің шешімін табуда кешенді жүйе қажет екендігі анық. Осыған орай, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып отырған шаралар ауыл жастарына көмек беруге, оларды ауылда тұрақты түрде жұмыс істеуге ынталандыруға бағытталған бірнеше жақсы бастамалар бар.

«ҚР агроөнеркәсіптік кешенін әрі қарай дамыту сектор дамуының бірқатар негізгі проблемаларын шешуге жаңа тұжырымдамалық тәсілмен келуді талап етеді, бұрын қабылданған бағдарламаға қарағанда жаңа бағдарламада АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға баса назар аударылады. Осылайша, отандық өндірушілер Кеден одағы және алдағы ДСҰ-ға кіру шеңберіндегі бәсекелестік күресте қажетті мемлекеттік қолдау мен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілетін болады:

  1. Қаржылық сауықтыру
  2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру
  3. АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
  4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
    АӨК-ні дамыту бағдарламасы және басқа да бағдарламалық құжаттар шеңберінде шешуді талап ететін негізгі мәселелер ретінде мыналар бөлініп алынды:

— Қаржылық сауықтыру

— Жер және салық қатынастары

— Саланы қаржыландыру

— Кооперацияны дамыту

— Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі

— Инфрақұрылым, қауіпсіздік, техникалық реттеу

— Маркетинг, консультациялар

— Ғылым, инновациялар, білім беру, кадрлар даярлау

— Аралас салалар: а/ш химиясы, а/ш машиналарын жасау

— Әлеуметтік инфрақұрылым»/9/.

«АӨК-тің жаңа ролін жүзеге асыру еліміздің тұрақты дамуын, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етпек Бұл міндеттерге ауқымды түрде кооперацияларды дамыту арқылы жетуге болады.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» холдингі арқылы жүзеге асырылады. ЖҚШ бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында өңдеуші кәсіпорындардың қосымша жүктемелігін 30%-ға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға делдалдарды қысқарту арқылы төмендету көзделіп отыр.

Қазақстан халқы үшін ауыл шаруашылығы саласы негізгі кіріс көзіне айналады. 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 30%-ға 1трлн. теңгеге немесе 3,3 трлн. теңгеден 4,3 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі 50%-ға 1,2 млн. теңгеден 1,9 млн. теңгеге арттыру, экспорт 17%-ға 2,1 млрд-тан 2,5 млрд. АҚШ долларына дейін, және импорт көлемін 17%-ға 3,4 млрд-тан 2,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету көзделіп отыр»/10/.

  Өнім өндіру табыстылығын арттырудың өзектілігімен ғылыми-тәжірибелік маңызы нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына байланысты туындайды. Нарықтық экономикада өндірістің рентабельділігі өнімді өткізуден түскен ақшалай түсімдер арқылы өндіріс шығындарын жабу ғана емес, ұдайы өндірісті жүргізу үшін қажетті деңгейде пайда алудағы кәсіпорынның рентабельділігін білдіреді.
Қабылданған аграрлық бағдарламада, ауылдың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту қажеттілігі аталған.

«Егер де экономиканың барлық секторларында  қазып шығаратын, қайта өңдейтін, аграрлық өнеркәсіптің қызмет аясы серпінді, бәсекеге дайын, ізденуге және жаңа нарықтарды игеруге ықпалды болса, онда экономиканы инновациялық деп санауға болады.

2010 ІВМ зерттеу нәтижелерін жариялады. Ол зерттеу нәтижелері негізінде әлем бойынша жетекші компаниялардың 750 басшысының жеке кездесудегі пікірлері жатыр. Одан мынадай қорытынды жасалған: басшылар жаңа өнім мен қызмет өндірудің осыдан былай қарай өсуінің жеткілікті шарты емес.

Жұмыстың жаңа әдістерін іздеу үстінде олар өндіріс процесіне инновациялық бизнес­­ модельдерді енгізуге тырысуда.

Дамыған елдерде ғылыми техникалық құрылымдар өндіріспен тиімді байланысты инновациялық орталықтар арқылы қамтамасыз етеді. Ғылыми қайшылықтар ең алдымен шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен іске асырылады.

Инновациялық  орталықтар нақты функциялар атқарады. Олардың ішінде ммңыздысы ғылыми жетістіктер мен технологияларды ғылыми секторлардан өндіріс секторларына өткізу. Ол бизнеске көмек ету арқылы іске асады. Сол үшін коммерциялық компаниялар құрылады»/11/.

Соңғы экономикалық эффект ауыл шаруашылығы бойынша жалпы барлық ресурстарды тиімді пайдалануға, үнемдеу және сақтау ушін жүйелі түрде күресу, өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыруға байланысты.

«Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірістік капиталдардың өсімін қаржыландырудың маңызды көзі олардың кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталған , сондай ақ қаржылық нысандар, қаржылық резерв, басқа инвестициялық ресурстар арқылы жұмсалынатын пайда болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банктік кредиттер:негізгі капиталды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады.

Өндірістік капиталдарды көзі бұдан басқа, айналымнан тыс активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі , айналым активтерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борыштық бағалы қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыздық қааражаттарға топтастыруға болады»./12/

«Астық өндіруден Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды, ал әлемде бидай экспортшы елдер арасында сегізінші, ұн экспорты бойынша бірінші орынды алады. 2011 жылы егіс алқаптары 21 млн көлемінде қарастырылып отыр. Жаздық (дәнді дақылдар) 17,8 млн-ға, дәнді дақылдар — 1,6 млн ға, маслиналықты 825 мың гектарға етілмек. Алдыңғы жылмен астық дәнді дақылдар мен жем дақылдары сәйкесінше 0,4 млн га және 0,8 млн га-ға артпақ. Қант қызылшасы үшін ағымдағы жылы егіс алқабы 16 мың га-ға қыскарды. Күнбағыс алқабын 43мың гектарға, сондай-ақ рапс пен мақсатыны қыскарту есебінен тамыр дақылдарын 81мың гектарға азайтты»/13/.

Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін — әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

.«Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі кадрлық тапшылық мәселесін шешу үшін мынадай шешу жолдары жүзеге асырылу қажет:

—  Жас мамандарды аграрлық ғылымға тарту үшін сыйақы беру және еңбекке ынталандыру, сондай-ақ ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жүйесін күшейту;

—  Кадрмен қамсыздандыру саласы бойынша бұдан әрі кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру;

—  Жас білікті мамандарды ауылдық өңірлерге ынталандыру және тарту;

—  ветеринар мамандығы бойынша, мемлекеттік тапсырыс квотасымен білім алған ауыл жастары арасынан азаматтар оқу орнынын бітіргеннен кейін ауылдық аумақта кемінде үш жыл міндетті түрде жұмыс істеуі;

—  ауылға келген ауыл шаруашылығындағы жас маманға, қосымша әлеуметтік көмек ретінде: бірреттік көтерме жәрдемақы, тұрғын үй алуға бюджеттік кредит беру; үй шаруашылығын жүргізу үшін жеңілдетілген кредит беру;

—  Аграрлық саладағы ірі корпорацияларға қажетті маман дайындау үшін компания есебінен грант бөлу;

—  Аграрлық сектордың қажеттілігіне байланысты жоғары білімді және жоғарғы білімнен кейінгі білімді кадрлар даярлау, сонымен қатар техникалық, ауыл шаруашылығындағы кәсіптік білім және ветеринария мамандықтарына мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту;

—  Аудандардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті бюджет есебінен ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;

—  Ауылдық аумақтарда кәсіптік лицейлер салу және ашу;

—  АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша зерттеулерді шоғырландыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүргізу;

—  Аграрлық ғылым инфрақұрылымын дамыту және шетелдік аграрлық технологиялар трансфертін қамтамасыз ету жолымен ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін енгізу және процестерін жеделдету, сондай-ақ өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу және ғылыми қызметкерлер қызметін ынталандыру және аграрлық ғылымға жас мамандарды тарту»/14/.

Аграрлық сектордың даму деңгейі Қазақстан қоғамының экономикалық, қоғамдық-саяси тұрақтылығының, анықтаушы факторлары болып табылады.Ауыл шаруашылығы мәселелерінің бірі — ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасы мен дақылдарды қорғау төмендеп кетті. Қазақстан жерлері табиғи күйінде төмен өнімділік қасиетке ие, сондықтан оны жақсартып отыруды қажет етеді.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы экономиканың көптеген салаларының ғылыми-техникалық саясатының негізіне мемлекет пен ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен оны нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу басты бағыт болып отыр. Қазір ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттарында бірлесе жұмыс істеудің жаңа түрлері іздестірілуде. Негізгі міндет аймақтар мен кәсіпорындардың дамуының инвестициялық кезеңіне өтуге экономикалық, инфрақұрылымдық жағдайлар жасау арқылы тұрақты экономикалық дамуға, экономиканың инновациялық дамуына өтуге мүмкіндік туғызу.»/15/.

«Еліміздің АӨК-де әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар — саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.»/16/.

    «Ауылдық жерлерде кәсiпкерлiк қызметiнiң ауыл шаруашылығы емес түрлерiне кредит беру ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған: туризмдi, қонақ үй бизнестi және жол бойындағы қызмет көрсетудi ұйымдастыру, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң өндiрiсi, балық өнiмдерiн көбейту, өсiру және қайта өңдеу. Кредиттер объектiлердi қайта құруға, қайта жаңартуға, айналым қаражатын толтыруға берiледi.»/17/.

Инновациялар зерттеу, өндіру жəне сату (өткізу) қатынастарының жалпы кешенін қамтитын күрделі де көп қырлы мəселе болып табылады.«Нарықтық экономикадағы инновациялардың басым көпшілігі кəсіпкерлік құрылымдар тарапынан өндірістік жəне коммерциялық міндеттерді шешудің құралы ретінде, əрі олардың тұрақты жұмыс істеуін, экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде жүзеге асырылады жəне нарыққа, нақты бір тұтынушы тобына немесе қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады»/18/.

Әлемдік экономикаға ықпалдасу біздің еліміз үшін маңызы зор өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру біз үшін — әлемдік бәсекелеске қатысу, бұл жерде ең бірішші тұтынушылардың мүддесі сақталынады – сатылатын зат неғұрлым сапалы, бағасы тиімді болса, соғұрлым өтімді болады.

«Ауылшаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі:

Біріншіден, ол табиғат климат жағдайына тәуелді.

Екіншіден, өндіріс циклі ұзақ әрі маусымдық сипатта.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығын маусымдық шығындарын несиелеудің дамыған жүйесіне өте мұқтаж.

Төртіншіден, қысқа мерзімді несиелер нарығында шағын ауыл    шаруашылық кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі төмен.»/19/.

«Агроөнеркəсіп кешенінің дамуына қажетті шарттардың бірі – ғылыми-техникалық прогресс. Аталмыш процесс ғылым мен техника жетіктістерін игеру арқылы кеңейтілген ұдайы өндірісті жүргізуге мүмкіндік беретін инвестициялық-инновациялық процестерге негізделеді. Сонымен қатар, кадр (маман) əлеуеті агроөнеркəсіп кешеніндегі инновацияларды игерудің басты факторларынан саналады. Сол себептен, кадр əлеуетін күшейтпестен ауыл шаруашылығы өндірісіне озық үлгідегі, ресурс үнемдеуші технологияларды ендіру мүмкін емес.»/20/.

«Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жаһандану жағдайымен экономикалық интеграциялануының барысында қызмет көрсету нарығының маңызы да өте зор. Қазақстан өзінің геосаяяси орналасуы жағдайында, экономикалық әлеуеті мен тарихи дәстүрлерінің арқасында әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық интеграцияның белсенді жақтаушысы және ғаламдық үрдістердің қатысушысы болып табылады»/21/.

Елімізде жұмыссыздықпен күресу шаралары қарқынды дамып жатыр. Қазіргі таңдағы жұмыссыздыққа иліккен адамдардың көпшілігі жастар. Себебі, жоғары оқу орындарының барлығы нарық талабына сай маман даярлай алмағандығы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы. Және де жұмысқа алушылардың қатаң ереже-талаптарына сай келмеуі. Ұлттық және шетел компанияларының жұмысқа алудағы шарттарының тым жоғары деңгейде болуы.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтің жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» жөнінде қойған міндетіне сәйкес экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі, жақсы өмір сүру деңгейі, көбіне адамның құнттылығына да байланысты»/22/.

өндірісін орналастыру мен мамандандыруды дамытудың әртүрлі жолдарының іске асуының мүмкіндіктері нақты жағдайларға байланысты болғандықтан, экономикалық тиімділік мөлшері де, әртүрлі іс жүзіндегі ықпалы да бірдей еместігімен айқындалады. Сондықтан кезек күттірмейтін міндет көрсетілген факторлардың экономикалық бағасын анықтап, болашақтағы өндірісті дамытудың болжамдық тұжырымын жасауда тепе-теңдік үлгілерінде есепке алу қажеттігі байқалады.

«Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында барлық субъектілерді біреуге біріктіру мүмкіндігі қаралатын болды. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен БЭК-тағы мүшелік тұрғысында отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қлдау деңгеейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.

Соңғы 5 жылда шешуді қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд. Теңгеден астам құрады»/23/.

Аграрлық саланы қолдауда мемлекет үлкен рол атқарады. Аграрлық кешенді мемлекеттік қолдаудың азық-түлік қауіпсіздігін қаматамасыз ете отырып аграрлық өндірісті тұрақтандыру мен дамыту басты міндетіне жатады.

«Ауыл шаруашылығы — өсімдік және жануар ресурстарын өңдеумен байланысты салалардың күрделі кешенін бере отырып, әлемдік шаруашылықтың маңызды бөлігі болып табылатыны белгілі. Ауыл шаруашылығының бұл саласы халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіп, бірінші қажеттіліктегі тұтыну тауарларын өндірумен әлеуметтік маңызға ие болып отыр. Экономикадағы аграрлық сала Ұлттық және аймақтық шаруашылықтар құрылымына әсер етеді.Кез-келген елдің экономикасындағы ауыл шаруашылығының алатын рөлінің көрсеткіші ретінде экономикалық белсенді халықтың ішіндегі ауыл шаруашылығында жұмыс бастылық үлесін, сондай-ақ ЖІӨ-нің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлес салмағын қолданады. Әлемде жалпы экономикалық белсенді халықтың 40%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді, ал бұл шамамен 1,1 млрд адамды құрайды»/24/.

«Аграрлық сферада инновациялық дамуды тежеуші негізгі мәселелердің бірі білікті кадрлардың тапшылығы болып табылады. Инновация трансферті мен оны пайдалану үшін кадрлар дайындау жүйесі өзіне жоғары білікті кадрлар дайындауды, сондай-ақ инновациялық өндіріс үшін мамандар мен жұмысшыларды дайындаудан қосады. Бұл жүйе қарқынды болуы тиіс және кадрларды дайындау мен біліктілікті үздіксіз арттыруды, алдыңғы қатарлы ғылыми мекемелерде тұрақты өтілден өтуді қарастыруы қажет. Инновацияны дамытудың маңызды бағыттарының бірі инновациялық процестерді қолдау жүйесін дамыту болып табылады. Мұндай қолдау объектілерін таңдау үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің инновациялық қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу қажет. Осы бағыт шеңберінде ғылыми мекемелердің бюджеттерінен мақсатты қаржыландыру және интеллектуалды меншікті қорғауға ықпал ету қарастырылуы мүмкін»/25/.

Қорытынды

Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі кезде аграрлық саланың алдында тұрған шешілуге тиісті маңызды міндеттерді қарастыру – осы саланың ерекшелігін, яғни халық шаруашылығының басқа салалырна қарағанда аграрлық салада, нарықтық экономикаға өтудің күрделі де қайшылықты екендігін мойындаудан басталады. Оның ең басты себептеріне аграрлық өндірістің нақты қоғамдастырылуының барынша төмен дәрежесін, ұдайы өндірістің табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға ерекше тәуелділігін, территориялық шоғырлануымен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларының әртүрлілігін айтуға болады.

Сонымен қатар, Қазақстанның аграрлық секторының нарықтық қатынастарға өтуі барлық салалардың түбегейлі түрде қайта құрылуын талап етеді. Халық шаруашылығының барлық сферасында нарықтық бағдарламалардың жүзеге асырылуының мүмкіндіктері өз кезегінде реформалардың нәтижесіне, яғни агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) аралас салаларының және ауыл шаруашылығының ахуалына байланысты. Осылайша, радикалды аграрлық реформа өзінің мақсатты бағыттары және мазмұны, сондай-ақ ұйымдық-құқықтық механизмі және күтілген нәтижесі бойынша біздің еліміздің барлық экономикалық жүйесінің қайта құрылуының органикалық құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген саланың орнықты дамуы үшін ресурстардың болуымен қатар, кешеннің кәсіби мамандармен қамтамасыз етілуі айрықша маңызды. Қазақстанның әлеуеті зор әрі келешегі кемел агроөнеркәсіп кешеніні үшін білікті кадрлар дайындап, тиімді жұмыспен қамти білуел экономикасының дамуына серпін берері анық. Жаһандану жағдайында əлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен рецессияның ұлттық экономикаға ықпалы күрт өсті. Көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты əсер ете бастады. Қазіргі жағдайда жəне болашақта болатын құбылыстарға сəйкес келетін іс-шаралар жүйесін құрастыру жəне дағдарыс салдарынан болатын жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын шараларды ұйымдастыру қажет. Сыртқы тəуекелділікті жəне қазіргі жағдайдағы қауіпті мəселелерге көңіл аудармауға, елемеуге болмайды. Ал, кері ықпал ететін шарттар мен факторлар ретінде отандық ауыл шаруашылығы ғылымындағы ұйымдық құрылымның күрделілігін; ғылыми-техникалық жəне инновациялық қызмет түрлерінің əркелкілігін; ғылыми зерттеулердегі өңірлік, салалық жəне салааралық сипаттағы мəселелердің үлес салмағының басымдығын; ұдайы өндіріске қатысты кейбір мəселелерді зерттеу мерзімінің тым ұзақтығын қарастыруға болады. Аталмыш факторлар ауыл шаруашылығы ғылымы мен аграрлық ғылыми зерттеулерді басқаруда елеулі қиыншылықтар туғызады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000151 Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2017» бағдарламасы 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген
  2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000894 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
  3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100001052_ Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама Астана, //2010 жыл
  4. Нұржан Әлтаев: Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына түзету енгізу қажет. Астана. -2016. 6 қыркүйек http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/biznes/nurzhan_altaev_kazakstandagi_agroonerkasip_keshenin_damitu_bagdarlamasina_tuzetu_engizu_kazhet-2016_09_06-1289088
  5. «ҚазАгро»Ұлттық холдинг»Басқармасының шешімі. Астана қ.-2011.- 30 маусымhttp://www.inform.kz/kz/kazagrokarzhy-ak-auyl-sharuashylygyndagy-14-investiciyalyk-bagyttyn-operatory_a2390604
  6. http://group-global.org/kk/publication/5538-kazakstan-respublikasynyn-aok-salasyndagy-mamandar-dayarlau-mselesi
  7. Егемен Қазақстан. — 2016. — №122. — 28 маусым Мәтібаева Э./ Ауыл шаруашылық өндiрiсiн орналастыру мен мамандандыру-7 бет
  8. ШҚО-да АӨК дамыту. Өскемен. 2015. 1 сәуірhttp://www.kazinform.kz/kz/shko-da-aok-damytu-boyynsha-154-zhoba-zhuzege-asyryldy_a2761705
  9. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың АӨК-ні дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасының тұсаукесерінде жасаған баяндамасы.Астана 2013ж 12 ақпан.
  10. http://pravitelstvo.kz/kz/novosti/18-vystupleniya/5043-r-auyl-sharuashyly-y-ministri-a-mamytbekovty-a-k-ni-damytudy-2013-2020-zhyldar-a-arnal-an-zha-a-salaly-ba-darlamasyny-t-saukeserinde-zhasa-an-bayandamasy.html?month=9&year=2015
  11. А. Мырзахметов АӨК-ті дамытуға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын Оңтүстік өңір тауар өндірушілеріне таныстыруы. Тараз қ. -2 желтоқсан
  12. http://www.government.kz/kz/novosti/1006044-a-myrzakhmetov-a-k-ti-damytu-a-arnal-an-zha-a-memlekettik-ba-darlamasyny-zhobasyn-o-t-stik-ir-tauar-ndirushilerine-tanystyrdy.html
  13. С.Т.Купешова. Инновациялық менеджемент/оқулық.-Алматы:ЖСШ РПБК «дәуір». -202 бет
  14. С.Құлпыбаев «Қаржы теориясы»/Оқулық/Экономика баспасы/Алматы.2013.-172бет
  15. Үмбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік- Астана: Фолиант,//2010ж, 175бет
  16. Қазақстан Республикасының АӨК саласындағы мамандар даярлау мәселесі. Астана қ.-2013.- 19 мамырhttp://group-global.org/kk/publication/5538-kazakstan-respublikasynyn-aok-salasyndagy-mamandar-dayarlau-mselesi
  17. Қ.Е. Құбаев, Ж.О. Ихданов, А.Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері. /Оқу құралы/ – А.: «Экономика»,// 2010. – 88 бет
  18. Даурбаева М.У. Нарықтық қатынас жағдайындағы аграрлық саланы жаңалау мен құрылымдық өзгертудің маңызы //«Хабаршы» Халықаралық Бизнес Университеті, -2010. — №1(7). – 64 бет
  19. Қ.М.Белгібаев. Ауылшаруашылығы экономикасы. ЖОО студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2012// 48 бет
  20. Оспанов М.Т, Аутов Р.Р, Ертазин Х. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі. – А.: «Білім», //2012. – 320 бет
  21. Есполов.Т.И, Бельгибаев К.М, Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика. /Учебное пособие/ – А.: «КазНАУ», // – 120 бет
  22. Калденова Г. Индустриялды-инновациялық саясат — экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің құралы // Экономика и статистика.-2010. -№-3.-85-86бб
  23. Ахметов Ә.С.//«Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»//Тараз қ, 2013 ж//165 бет
  24. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам//Егемен Қазақстан-2012ж. -№5. -19 ақпан
  25. http://netref.ru/azastan-respublikasinda-agroonerkesiptik-keshendi-damitu-jonin.html Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «АӨК дамытуға арналған «2013-2020» бағдарламасы» атты 2013 жылғы 18 ақпандағы №151 қаулысы
  26. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы, оқу құралы – Алматы: Экономика, 2011 ж-183 бет
  27. Аграрлық секторды инновациялық дамытудың негізгі бағыттары.2014- 21 қазан
  28. http://group-global.org/kk/publication/14253-agrarlyk-sektordy-innovaciyalyk-damytudyn-negizgi-bagyttary

Құрастырғандар: Тілеуханов Е., Әбуова Ұ.

Яндекс.Метрика