ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Зерттеулер қызмет көрсету саласы экономикада келешегі зор, жедел әрі қарқынды дамушы сала болып табылады дейді. Сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынатын көрінеді. Демек, экономикалық мәні де, маңызы да зор сектор.
Дамушы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, өндірістің күрделенуі мен нарықта тауар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде қызмет көрсету саласына деген сұраныс артуда. Неғұрлым қоғам экономикалық тұрғыдан әлсіз болса, соғұрлым оның шарушылық қызметі материалдық игіліктерді өндірумен шектеледі. Экономикалық деңгейі, индустриалды негізі, еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары қоғамның шарушылық қызметі күрделенеді: шаруашылық құрылым өзгеріп, қызмет саласына бағытталған еңбек қызметінің маңыздылығы өседі.
Адамзат өмірін жеңілдету мен жақсартуда, оның материалдық және рухани игіліктерін қамтамасыз етуде қызмет көрсету саласының орны ерекше. Қоғамдағы әрбір әлеуметтік топтың мүддесін ескере отырып, қызмет көрсету саласы материалдық, еңбек, сонымен қатар қаржы ресурстарын үнемдеуге, жұмысшының бос уықытын тиімді жоспарлап, оны көбейтуге, ал атқарылатын жұмысының шығармашылық негізін молайтып, адамдардың өмірін неғұрлым жайлы және жағымды жасауына мүмкіндік береді.
Әлем елдерінде қызмет көрету саласының даму деңгейін салыстырсақ: «Индия офшорлық программалау мен ақпараттық қамсыздандыру саласында әлем бойынша жетекші орынға ие; Дубай туризмдік орталыққа айналды; Сингапур Азияның барлық елдерінен келген пациенттерге халықаралық медициналық клиникалар желісін кеңейту шараларын жүргізуде; Филиппин Республикасы колл-центрлерді белсенді дамытуда.» [1]
«Қазақстан Републикасында қызмет көрсету саласына: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; халыққа тұрмыстық жағдайда қызмет көрсету; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру; дене шынықтыру мен спорт; білім беру; мәдениет пен көркемөнер; ғылым; несие беру; сақтандыру; мемлекеттік басқару мен қорғау; үй шаруашылығы саласында қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жатқызылады. Сауда, көлік, байланыс қызметтері, банк қызметі материалдық өндіріске жатқызылады. Алайда, шетел тәжірибесіне сүйенсек, аталған аспектілер қызмет көрсету саласына жатқызылу керек. Осындай айырмашылық біздің еліміз бен шетелде экономиканың екі секторының- қызмет көрсету мен өндіріс саласының келіспеушілігін тудырады.»[2]
Қазақстан Републигасы агенттігі ақпараты бойынша қызмет көрсету рыногының анализі жасалған болатын.
«Осы салаға жататын жиырма бес қызмет түрі жөніндегі 1998 жылдан 2011 жылға дейін алынған ақпараттар қарастырылып, өңделген болатын. Қарастырылған қызметтер 1-кесте бойынша классификацияланған.
1-кесте. Классификацияланған қызмет көрсету саласының үлкен 8 тобы.[3]
1-сурет.Классификацияланған топтарының 1998-2011 ж. аралығында көрсеткен орташа қызмет көлемі.[3]
Алынған мәліметтер бойынша келесідей қорытынды жасауымызға болады: 2009 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына байланысты туындаған азғантай құлдырауына қарамастан, қызмет көрсету саласының тұрақты өсімі байқалады. Айрықша дамыған сала- денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласы болып табылады (1303191,3 млн. тг). Осыған түрткі болған жағдайға мемлекет саясатын жатқызуымызға болады. Ол саясаттың негізгі мәні: үлкен көлемдегі ақшалай қаражаттың денсаулық сақтаудың барлық салаларына бөлінуі. Даму интенсивтілігі төменірекке қаржы саласы жатқызылады (507979,6 млн.тг). Ол саланың даму қарқындылығының төмендеуі әлемдік қаржы дағдарысымен байланыстырылады. Құрылыс пен инжиниринг саласының дамуы қаржы саласымен бірдей дерлік (469838,4 млн.тг). Қалған бес топтың даму деңгейі әрқайсысы 200000 млн.тг-ден аспайды. Жоғырыда аталған салаларды топтастыру заңдылығының дұрыстығына сүйене отырып, келтірілген графиктегі өзгеріс қызмет көрсету саласының дамуын шынайы, объективті түрде бейнелейді.
Алайда, әлемдік нарықтың көшбасшыларына қойылатын талаптарына қазақстандық қызмет көрсету рыногы толықтай жауап бере алмайды. Әлемдік нарықтың анализі бойынша іскерлік, бизнес, телекоммуникация және кредиттік қаржы орталықтары, әлеуметтік қызмет пен білім беру салаларында көрсетілетін қызметтер басқа салалардан үздік болуы керек.»[3]
Елімізде қызмет көрсету саласындағы туындайтын проблемалар Республикамыздың нарықтық экономикаға көшуіне байланысты. Сонымен қатар, осы саланың даму деңгейінің төмен болу мәселесі оны тұтыну көрсеткішінің төмен болуында. Осыған байланысты қызмет көрсету саласын тұтыну бойынша Қазақстан Республикасы индустриялды дамыған елдер арасында едәуір төмен денгейде.
Қазақстан Республикасында ауыл мен қала тұрғындары арасында қызмет көрсету саласын тұтыну айырмашылықтары айтарлықтай үлкен. Сонымен қатар, урбандалу денгейі неғұрлым төмен болғанда, соғұрлым өмірлік қажет игіліктердің ішінен таңдау мүмкіндігі азаяды. Соған байланысты келесідей қорытынды жасауымызға болады: халқымыздың көп бөлігі ұсынылатын қызмет түрлерін тұтыну мүмкіндігінен айырылады, соған байланысты қызмет көрсету саласының дамуын бәсеңдетеді.
Қызмет көрсету саласының әр түрлі аяларындағы қызметкерлер жалақыларының диспропорциясы байқалады. Нарықтық экономикаға көшу барысында пайда болған экономикалық процесстерге және өтпелі кезеңдегі қиын жағдайға байланысты ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларындағы қызметтерге тағайындалатын жалақылардың орташа мөлшері біркелкі емес. Жалақы мөлшерінің төмендеуіне сәйкес біліктігі жоқ мамандардың саны көбеюде. Нарықтық қатынастарға көшу экономиканың секторларында жалақы мөлшерлерін теңдестіруді қажет етеді.
«Бұл сфераның дұрыс өркендемеуінің бір себебі: мұнда нарыққа өту бағдарламасының жоқтығынан және экономиканы тұрақтандыру шараларының дер кезінде орындалмауынан сонымен қатар машина-технологиялық бекеттердің тарқап кетуі мен техникасының жетіспеушілігінен болды. Бұның барлығы көрсетілген қызметтер сапасының қысқаруына алып келіп соқты.»[4]
Техника және құрал жабдықтадың көп түрлерінің жоқтығы қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жұмыстарын кешенді механикаландыруды камтамасыз ете алмауда, сондықтан бұл жағдай сервисттік қызметтерді орындау мерзімнің бұзылуына, қызмет көрсету үрдісінде ауыр физикалық жұмысты атқаруда қол еңбегінің үлес салмағынан аруына алып келеді. Облыстағы бар техникалық қызмет көрсету кәсіпорындары тиімді жұмыс атқару үшін оларға қажетті техникамен қамтамасыз ететін құрылымды оңтайлы құру қажет.
Техникалық қамсыздандырумен қатар қызмет көрсету саласы ақпараттық жаңа технологиялармен жаңартылып отыруды талап етеді. Бұл саладағы көптеген мәселелердің бірден бір шешімі болып табылады. Осы салада Республиканың алға басқан қадамы — халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жаңартылған жұмыс істеу принципін ендіру.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тиімді жұмысын арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс нысандарына көшу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды мониторингілеу мен сапасын бақылау құралдарын жасауға мүмкіндік берді.
Осылайша, ХҚО қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол 161 ХҚО-ның қызметін on-line режимінде бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.
Бүгінде республикада 160 мемлекеттік қызмет көрсететін 260 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Айта кетейік, 2011 жылы Қазақстан ХҚО-ларында 59 қызмет, 2012 жылы – 113 қызмет көрсетілген болатын.»[5] Біздің ойымызша, бұл алға басудың өте дұрыс қадамы. Өйткені әлеуметтік қызмет көрсету таза қызмет көрсетуге негізделген, сонымен қатар халық арасында ең үлкен сұранысқа ие сала болып табылады және оны дамытып, жаңа қызмет турлерінің сан мөлшерін арттыру қызмет көрсету саласының ең басты принципі- халықтың күнделікті тұрмыста жиі тұтынатын қызметтерді жайлы әрі жағымды жасауға бағытталған.
Қызмет көрсету саласында туындаған мәселелердің алдын алу шаралары.
Жоғарыда ауыл мен қала тұрғындары арасында қызмет көрсету саласын тұтыну айырмашылықтары айтарлықтай үлкендігі жөнінде айтылған. Соған байланысты ең алдымен қызмет саласы ұсынатын барлық қызметтерді республикамыздың барлық аймақтарында тұратын халыққа біркелкі пропорционалды қамтамасыз ету. Яғни бүгінгі таңда бәрімізге белгілі қала тұрғындары күнделікті тұтынатын қызметтермен және қызмет көрсету орталықтарымен ұсақ пункттерге дейін қамсыздандыру. Оларға үй шаруасында көрсетілетін қызметтер, əлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, мәдениет, ойын-сауық жене т.с.с. орталықтармен қамтамасыз ету. Бұл біржағынан қала мен ауыл тұрғындарының өмір сүру салтын барынша жақындастыруға септік тигізсе, екінші жағынан жұмыс орындарының көбеюіне септігін тигізеді. Бірақ, бұдан тағы бір мәселе туындайды-пайда болған жұмыс орындарының көптігі мемлекеттік қызмет орындарында тағайындалатын жалақы мөлшерінің аздығын тудырады. Осыдан адамдардың бұл жұмысқа ынтасы болмайды. Бұл жұмысқа көзделгендей көп мамандар орналаспайды. Нәтижесінде, осы жұмыс орындарға біліктілігі жоқ мамандардың орналасуы көбейіп кетеді. Біздің ойымызша, соған байланысты мемлекеттің келесі қадамы- жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы куəлікті қажет ететін, арнайы маманданған қызмет орындарына біліктілігі жоқ мамандарды орналастыруды болдырмау, осы қызметтерге барынша өз ісінің мамандарын ынталандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек. Ол үшін ең алдымен қызметкерлерге төленетін жалақы мөлшері мәселесін шешіп, оларға жайлы жұмыс жағдайын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жұмыс жағдайын жақсартудың бір тәсілі ретінде- жұмыс орындарын жаңа технологиялармен, ақпараттық қамсыздандырумен қамту, барынша электронды құралдарды, компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға көшіп, жұмыс істеудің жаңа принциптерін ойластырып, оларды қызмет көрсету салаларының барлық түрлеріне еңгізу. Бұл- бір жағынан жұмыскерлерді ауыр жұмыстан босатса, екінші жағынан жұмыс істеу, яғни қызмет көрсету процессін, оның сапасын неғұрлым жақсартады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- http://www.perspektivy.info/book/sfera_uslug_v_postindustrialnoj_ekonomike_2010-12-21.htm
- http://lib.kaznu.kz/libr/vestnik/ECONOM%5CYEAR99%5CN2%5C15.HTM
- http://articlekz.com/article/8646
- http://www.elibrary.kz/download/zhurnal_st/st4292.pdf
- http://con.gov.kz/kz/about/history.php
Құрастырғандар: Мусатаева С., Серікқазы А.