ҚОҒАМ ДАМУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ ТУРАЛЫ

Қоғам — жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

Қоғам дегеніміз не? Қоғам — өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.

Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп — бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам — адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.). Демек, қоғам — ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді [5].

Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің  жүзеге асырылу тәсілін айтады [5].

Мемлекеттің үш жағы бар:

  1. Басқару түрі.
  2. Саяси тәртібі.
  3. Мемлекеттік құрылысы. [5].

Мемлекет әрқашан азды-көпті экономикаға араласып, рыноктық қатынастарды реттеп отырады. Бірақ әр кезеңде мемлекеттің араласу дәрежесі  әрқалай болады. «Еркін» рынкта мемлекет онша көр араласпай, яғни бақылаушы ролін көбірек атқарады [3].

Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің  экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету.  Ең тиімді  әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша  жоғары деңгейде қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйым жатады.

Әлеуметтік ұйымның субъектісі-мемлекет, ал объектісі –халық.

Осыдан туындайтын сұрақ ұлттың гүлденуін  қамтамассыз етуде мемлекеттің ролі қандай болмақ? [1].

Классикалық үлгі. Мұндай үлгіні  тұңғыш рет А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» деген еңбегінде (1776ж) ұсынған болатын. Бұл үлгіге сәйкес  өндірушілер де тұтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттгі туындайды [1].

А.Смиттің пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек.

Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы ролін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизмнің талабына  сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рол атқарады.

Адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге  мемлекет бейтарап қала алмайды. Мемлекет мұндай жағдайда  рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да рыноктық механиз әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы эффектілерді (экстерналий) азайтуда да мемлекеттің ролі зор [1]. Сонымен өмірдің өзі экономикада  тұрақты түрде  рынок басым рол атқарады деген  көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді.  «Рыноктың қуатты қолына» (М.Фридмен) жаңа серпін беретін қосымша бір күрделі құрылымның қажеттігін уақыт дәлелдеді. Мұндай құрылымның ролін мемлекет атқара алады.

Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құру мүмкіндігін береді, сол кезде «мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, әрі ұлғайтады, сонымен қатар үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын қадағалайды» (М.Фридмен) [1].

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Нарық экономикасында мемлекеттің ролін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің  пікірінше экономикалық құлдыраудан  өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан  шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай  тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін атап өтті [6].

Мемлекет пен рынок өз мәнінде экономиканың «екі қолы» іспеттес, олар бір-бірімен тығыз байланысты, ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді.

Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекет қоғамның белгілі бір даму сатысында оның өнімі ретінде дүниеге келді. Қоғам  өздігінен шешілмейтін қайшылықтардың пайда болуы және одан құтылу жолдары  тар кезеңде мемлекет орасан зор рол атқарады. Шиеленіскен қайшылықтар қоғамды жойып жібермес үшін, күресуші жақтарды ымыраға келтіріп, тәртіпке шақыру мақсатында қоғамның жоғары деңгейінде бір үлкен күшке қажеттілік   қоғамның өндіруші  топтарын қолдап, олардың ауыр индустрияны, әскери өнеркәсіпті, темір жол құрылысын  және басқа да капиталды коп қажет ететін салаларды жандандыру жұмыстары үшін қаражат бөліп, көмектеседі.

Мемлекеттің экономикадағы ролі оның қызметтерінде  нақтыланады. Бұл қызметтер айтарлықтай көпжақты, оның ішінде ең маңыздысы мыналар [2]:

  1. Экономиканың құқықтық негіздерін дайындау және бекіту, яғни мемлекет парламент пен үкіметтік құрылымдар негізінде кәсіпорындар мен тұрғындар үшін рыноктағы «ойын ережесін» анықтайды.
  2. Макроэкономикалық дамудың басымдылығын анықтау, яғни мемлекет бүгінгі күні ел үшін ең маңызды, ол қанша ресурстарды қажет ететін қайтарымы  қаншалықты тез болатынын, қабылданған шешімдердің әлеуметтік, экологиялық, микрошаруашылықтық нәтижелері қандай болатынын анықтайды.
  3. Әлеуметтік құндылықтарды іске асыру, табыстарды прогресивті салық және трансферттік төлемдер арқылы қайта болу.
  4. Қоғамдық игіліктерді өндіру, өйткені рынок кейбір жағдайда қабілетсіз болады, мысалы, қорғаныс мақсатындағы тауарларды өндіру, құқық қорғау органдарды, жол құрылысын және т.б дамыту.
  5. Сыртқы эффектілердің орнын толтыру. Сыртқы эффект (экстерналий)-бұл игілікті өндіру мен тұтынумен байланысты, бірақ осы рыноктық мәмлеге қатысы жоқ адамдарға түсетін пайда мен шығындар.
  6. Трансакциондық шығындарды минимизациялау. Трансакциондық шығындар өндіріспен емес, оған ілеспелі шығындармен байланысты.
  7. Экономикалық қызметті реттеу: экономикалық өсуді ынталандыру қызметі және тұрақтандыру қызметі [2].

Қазіргі заманғы Қазақстан  жағдайында экономиканы басқаруда  мемлекеттің ролі өте жоғары. Мемлекеттің басымды мақсаттары елдің дамының  «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген [2]:

— Ұлттық қауіпсіздік;

— Ішкі саяси тұрақтылықжәне қоғамның нығюы;

— Жоғары деңгейдегі шетел инвестициясы мен  ішкі жинақтары бар ашық рыноктық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

— Өмірдің, денсаулықтың, білім берудің, экологиялық ортаның жағдайын жақсарту;

— Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;

— Инфрақұрылымды,и әсіресе көлікпен байланысты, дамыту;

— Кәсіби мемлекет құру [2].

Мемлекеттің экономикалық процестерге араласу дәрежесінің өте жоғарылығы. Мемлекет макроэкономикалық процестерді реттеумен ғана шектелмей, шаруашылық субъектілерінің  әрекеттерінің кейбір сфераларын реттейді [3].

— Елеулі мемлекеттік сектордың болуы. Қазіргі таңда мемлекет кәсіпкерлікпен шұғылданып, рыноктың егеменді субъектісіне айналды.

— Мемлекет жеке сектор үшінде, мемлекеттік сектор үшінде рыноктық алаңдағы «ойын ережелерін» мемлекет заңдарды белгілеп береді.

— Әлеуметтік факторлардың, әсіресе адам факторының мәнінің артуы.

— Рыноктық субъектілерінің  экономикалық әрекеттерінің ауқымының кеңеюі мен олардың байланыстарының тереңдеуі.

— Бәсеке алаңының керемет кеңеюі және щаруашылық жүргізудің ақырғы вариантын таңдап алуда  бәсекенің ролінің артуы.

Осы белгілеріне қарап  отырып, реттелмелі рыноктың «аралас экономикалық жүйе екендігін» оңай байқауға болады. Мұндай экономикада мемлекет рынкты екі тәсілмен реттейді:  1) тікелей; 2) жанама (экономикалық) ынталандыру. Демек рынкта екі тәсілмен реттеледі:1) мемлекет арқылы; 2) өздігінен [3].

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты міндеті-мемлекет мүддесін сақтау, тұтас алғанда қоғамды нығайту, халықтың кедей топтарын  әлуеметтік жағынан қорғау.

Мемлекет деп,  белгілі бір аумақ шеңберінде  адамдардың әлеуметтік  топтар, таптар мен бірлестіктердің  қатынастарыме  қызметтерін  ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз[5].

Мемлекеттің мынадай белгілері болады:

  1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
  2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
  3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
  4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
  5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
  6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған  белгілер мемлекетті  басқа ұйымдардан ерекшелендіреді [5].

Мемлекет функиясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

— Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру.

— Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды.

Мемлекет функциялары:  Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек.

Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады.

Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.  Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін.

Мемлекеттің келесі функциясы-келісімдік функция-мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі.

Мемлекеттің үшінші функциясы-ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады.

Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында -бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.

Мемлекеттің өзі кезең- кезеңімен, жеткілікті жағдайлардың пісіп жетілуіне сәйкес экономикалық және саяси  процестерді реттеу мәселесі бойынша  өзінің позицияларын  ойластырып отырады. Осылайша,  өтпелі кезеңдегі мемлекеттер үшін  мемлекеттік басқару жүйесінің функциялары мен  құрылымын ұйымдастыру саласындағы  маңызды ортақ проблемаларды  бөліп көрсетуге тура келеді [4].

Осы аталған мәселелер қазіргі қоғамдағы нарықты экономикасы дамыған елдерде өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі менің ойымша мемлекет нарықты экономикаға жанама түрде араласа отырып, қазіргі өзге мемлекеттердің экономикалық дамуымен бәсекелесе алатындай, экономикалық өсуді арттыру. Қазіргі көштегі қоғам дамуына ілесу үшін  шетел инвестицияларын тарту, өнеркәсіптерді дамыту, жұмыссыздық проблемасын шешу, халықтың әл-ауқатын көтеру, жергілікті өндіріс орындарын ашу, аймақ экономикасын дамыту, баға тұрақтылығын қалыптастыру мәселелері мемлекеттің экономикадағы ролінің ерекшелігін айқындайды.  Сөзімнің соңында  Ф.Энгельстің: «Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр заманға тап болатын еді». Қандай тамаша айтылған пікір…!  деген көзқарасын атап көрсетім.

Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті-қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әртүрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамассыз етуге тиіс [5].

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Әубакіров.Я.Ә Экономикалық теория негіздері. Оқулық.–Алматы,
  2. «Санат»,1998.-324 -327бет.
  3. Темірбекова А.Б Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы.-Алматы: Экономика»,  -147-150бет.
  4. Нарматов С.Р, Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. I-бөлім.   ТарМУ 2004.-156 бет.
  5. Жоламан Қ.Д Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық.-Алматы:Нұр-
  6. пресс,2007.-24бет.
  7. Рахымбаева А.С Саясаттану. Дәрістер жинағы.-Астана «Фолинат»
  8. баспасы,2006.-65-66 бет.
  9. Төреғожина М.Б Экономиканы мемлекеттік реттеу. Лекциялар курсы.-Алматы. «Экономика» баспасы, 2008..-7-8бет.

Құрастырғандар: Мұхаметжан Е., Қасқыр Н.

Яндекс.Метрика