СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ
«Семей полигоны — КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді»/1/. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты.
«Қазақ даласында алғашқы ядролық жарылыс жасалғанына биыл 56 жыл толады.1991 жылғы тамыздың 29- ында халықтың жаппай талап етуімен әлемдегі аса ірі полигондардың бірі жабылды.Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап сыртқы саясатының бейбіт жолын таңдап алды. Ядролық сынақтар тоқтатылды. Енді қазақ даласы қорқынышты жер асты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Осыншама зұлматқа негізгі кінәлі саналған әскерилерде жөніне кетті. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлы азаматтарын сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіпті болып отыр. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отыр. 40 жыл юойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе күшті екен. Солай бола тұрса да, кезінде «бейбіт жарылыстар» деп айдар тағылған қасіреттің зардаптарына қарағанда әлем жапон трагедиясы туралы әлдеқайда көп хабардар. Ауызға да соны бірінші алады. Енді осы қайран қазақ даласының сынақтан кейінгі зардаптарына тоқталсақ. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жалпы алғандағы 18 мың 500 шаршы шақырым жерін қамтып жатыр. Бұл полигон Шығыс Қазақстан облысының 54 пайызына, Павлодар облысының 39 пайызына, Қарағанды облысының 7 пайызына өз залалдарын бүгінгі күнге дейін тигізіп келеді. Ал, Семей ядролық сынақ полигонының әкімшілік шекарасының ұзына бойы-600 шақырымдай. Қарап отырсаңыз, мұның өзі шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын орасан үлкен аумақ емес пе? Сонымен бірге зардап шеккен жерлердің көлеиі полигонның өзінен 16 есе үлкен- шамамемн 304 мың шаршы шақырым. Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылғы тамыздың 29-ыында жасалды. Ал, 1953 жылы тұңғыш рет термоядролық қондырғы сынақтан өтсе,1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды. Полигонның жұмыс істеген 1949-1989 жылдары аралығында осы аймаққа жалпы саны 468 ядролық жарылыс өткізілген. Олардың 125-і атмосфералық (26-сы жерүсті, 91-і ауада,8-і биіктіктегі ) жарылыс болса, 343-і жерасты (215-і көлденең қазбалы, 128-і ұңғылы) сынақтар. Яғни, мәлімет бойынша айтсақ, кезіндегі қызыл империяның барлық ядролық сынақтарының үштен екі бөлігі қазақ даласында жасалды»/2/
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 29 тамызында тарихи маңызы бар құжатқа қол қойды. Бұл Семей сынақ алаңын жабу туралы Жарлық болатын. Содан бастап 29 тамыз ядролық қарудан бас тарту күні ретінде аталып өтіледі.
Ядролық қарусыздандыру идеясы әлі күнге дейін халықаралық қоғамдастықтың барынша басым әрі ұзақмерзімді бағыты болып қалып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы қыркүйекте Вашингтонда өткен жаһандық саммит жұмысына қатысты. Саммитте Елбасымыз ядролық қауіп-қатерді азайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді. Әлемдік қоғамдастықтың қолдауымен Қазақстанда ядролық қауіпсіздік саласында бірнеше маңызды жоба іске асырылды. Ядролық инфрақұрылымдар мен ядролық материалдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында шаралар қолданылуда. Еліміздің уран шығару және өндіруден әлем нарығында алдыңғы қатарда екенін ескерсек, бұл шаралардың маңызы зор. Сондай-ақ ядролық лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі жаһандық бастама аясында Астанада конференция өткізу – Қазақстанның Вашингтон саммиті шешімдерін жүзеге асыруға қосқан үлесі, – деді заң ғылымының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құқықтану кафедрасының доценті Гүлбахша Мұсабаева»/3/
Қорытындылай келе, менің ойымша ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті. Ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- http://kk.wikipedia.org/wiki/
- http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/244-ekologia/3030-poligon.html
- http://soltustikkaz.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1244%3A2011-11-30-14-43-49&Itemid=10
Құрастырған: Миранова Э.