ФАКТОРИНГ КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Мазмұны

 

Кіріспе

Факторинг кәсіпкерліктегі қаржыландыру тәсілі ретінде

 Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі нарық жағдайында көптеген өзгерістер, ғылыми-техникалық дамудың бағыттарын анық байқасақ болады. Соның ішінде мемлекет шағын, орта бизнеске көп көңіл бөледі. Шағын-орта бизнесті қаржыландыру жөнінде мемлекетте бірнеше бағдарламалар, бағыттар бар. Бірақ тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар коммериялық жағдайынан да бизнеске көмек көрсетудің мәні зор. Шет мемлекеттердің банктік операцияларының аса тараған түрлерінің бірі – факторинг.

Яғни, факторинг сатып алушыларға төлемді уақытынан кешірек төлеуге мүмкіндік беретін қаржылық құрал деп те атауға болады. Факторингті қолдану арқылы табысты ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар клиенттік базаны кеңейтуге, жаңа нарықтарға шығуға болады.

Факторинг қызметтің бір түрі ретінде дебиторлық қарызды жеңілдету үшін қаржыландыру, сатып алушыларды тексеру (тәуекел-менеджмент), төлемді кейінге қалдыру жөніндегі мәмілелер кезінде туындайтын дебиторлық қарыздарды қадағалау қызметтерін және сатып алушылардың төлем дисциплинасын жақсарту жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Факторингті нарық жағдайында кәсіпорындарды, бизнесті қаржыландырудың  жаңа көзі ретінде қарастырсақ жөн. Біріншіден, бұл сатып алушыларға қарызды өзіне тиімді кезде төлеуге мүмкіншілік береді. Екіншіден, сатушы тауарын өткізіп қана қоймай, тауарының өтімділік қасиеті көтерілмек. Үшіншіден, банк сатып алушының төліп алу қасиетін растайды.

Қазақстан Республикасында факторинг қызметін құқықтық реттеу ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің 37-тарауы нормаларымен қамтамасыз етіледі. Факторинг – тауар беруші-клиенттің жеткізген тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде төлем мерзімдерінің сақталуына басты көңіл аударылады.Қазақстандық ғалым С.Б.Мақыштың пікірінше, факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады. Біріншіден, басқару үшін төлем, яғни өзінің жеке факторингтік қызмет көрсетуі үшін комиссия – есеп жүргізу, күмәнді қарыздардың пайда болуынан сақтандыру және т.б. Бұл төлемнің көлемі шот-фактура сомасынан пайыз ретінде есептеледі және оның шамасы жеткізушінің өндірістік қызметінің масштабы мен құрылымына, компанияның жұмыс көлемін бағалауына, несие тәуекелінің дәрежесіне, сатып алушылардың несиеге қабілеттілігіне, сондай-ақ қандай да бір елдің қаржылық қызмет көрсету рыногының спецификасы мен конъюктурасына қарай түрленіп отырады. Көпшілік елдерде ол 0,5-3,0 % көлемінде болады. Регресс болған жағдайда жеңілдік  жасалады. Шот-фактураларды есепке алу (дисконттау) үшін төлем тауар берушінің жылдық айналымының 0,1-1,0% құрайды. Екіншіден, берілетін борыштық талаптарды алдын-ала қаржыландыру үшін алынатын пайыз. Ол – факторинг компаниясы тауар берушіге талаптарды мерзімінен бұрын алу мен инкассациялау күні аралығындағы кезеңде мерзімінен бұрын ұсынылатын (пайдасына берілген қарыздық талаптардың алдын ала төлемі түрінде) қаражат сомасынан ұстап қалатын есеп операциялары үшін төлем. Оның пайыз мөлшерлемесі әдетте, қысқа мерзімді несиелеу кезінде қолданылатын банк ставкасынан  артық болады, бұл факторинг компаниясының қосымша шығындары мен тәуекелдерінің орнын толтырумен байланысты. [3]

Факторинг – бұл кепілдік қаржыландырудың бір нысаны, себебі қаржыландыру көлемі факторингтік компанияға берілетін ақшалай талаптардың құнына, яғни тауар берушінің сатып алушыларының борышы көлеміне тікелей байланысты.

«Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде ХІХ ғасырдың аяқ кезіне таман АҚШ- та пайда болып, кейіннен өнеркəсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Əсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастаған.Факторинг 80-жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90-шы жылдардың басында факторингтік компаниялар 3,6 есе өсті. Факторинг операциялардың бүгінгі көлемі (ішкі жəне халықаралық факторингті қосқанда) мынадай: Еуропа — 56%, Америка — 30%, Азия жəне Тынық мұхит жағалауындағы елдер — 13%, Африка -1%.Шетелде факторинг – бұл ұсақ жəне орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді».[1]

 «Сонымен, факторинг- сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы жəне ашық шот түрінде рəсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда- комиссиондық операциясының бір түрі. Бұлжердефакторингтік компания клиенттердіңшотын 90%-ға дейін төлеушартымен сатып алады. Факторинг – бұл тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты – кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тəуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тəуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мəселелерді шешуге бағытталады.Фактор сөзі ағылшын тілінен “factor”, аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда – бұл делдалдық операция. Факторинг– жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция. Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тəуекелге барады.Келісімшартқа сəйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дəл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды».[2]

«Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

  • Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) – өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
  • Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниясымен келісім-шарт жасасушы өнеркəсіптік немесе сауда фирмасы.
  • Кəсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы-фирма.

Факторинг мəмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кəсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық жəне қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кəсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына287 сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Əрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.» [3]

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-28

Сурет 1. Факторинг жүйесі

«Əлемдік тəжірибеде факторинг қызметінің құны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия жəне пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (əдетте, 1,5-2,5 %) деңгейінде белгіленеді. Мəміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2%-дай жоғары болып келеді.Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізіне факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операциясының төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мəліметтері, факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сый ақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу жағдайлары жəне тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар».[4]

Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған міндеттемелерін орындай алмаған жағдайлардағы жауапкершіліктері де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Факторинг бөлімі өзіне алған міндеттемесін орындай алмаған жағдайда, оны құрушы банк материалдық жауапты болып табылады.Факторингтің екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) жəне шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта оның ауқымды түрі бірінші пайда болған. Казіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар жəне сатып алушылармен Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі)  есеп айырысу, несиені сақтандыру жəне т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің əмбебап жүйесін сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кəсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мəні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

«Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеужəнет.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен  тауары үшін берілетін несиені сипаттаса, ал клиент-сатып алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісім-шартта көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан несие үшін төлейтін пайызды білдіреді». Факторинг операциясы, бүгінгі таңда, отандық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркəсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нəтижесінде отындық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда».[5]

«Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж. Халықарлық факторинг туралы конвенция бекітілген. Халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:

  • Аванс жəне несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
  • Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу;
  • Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
  • Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау.Факторингтік операциялар банктер жəне арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуға тиіс.

Факторингтік операциялардың төмендегілер бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кəсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кəсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша. Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді». [6]

Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады.Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес,тұтас тауарнарығына сәйкес келеді,әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады.Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

«Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  • ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  • нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция,облигация және т.б);
  • мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
  • алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

 Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

Жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық-осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты-нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті,олардың ұдайы қозғалысын және тағы басқа қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық-яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші-ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін,қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса,артықшылықтарды,бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде,яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ,ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталмалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар;

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды.»[7]

Нарықтық экономикасы және қаржылық инфрақұрылымы дамыған елдерде факторинг компаниялары немесе осындай қызметпен айналысатын коммерциялық банктер өз клиенттеріне қаржылық қызмет көрсетулердің алуан түрлі жиынтығын ұсынады және мұны клиенттердің өз ақшалай талаптарын беруі ретінде қарастырады.Бүгінгі таңда факторинг негізінен қаржы агенті («фактор») мен тауарларды немесе қызметтерді сататын кәсіпорын («клиент») арасындағы құқықтық қатынас ретінде анықталады, оған сәйкес, фактор клиенттің дебиторлық қарызын сатып алады (клиентке кері талап қою құқығымен немесе онсыз) және осы қарызға байланысты ұсынылатын несиелерді бақылайды, сондай-ақ клиенттің сауда операцияларының бухгалтерлік есебін жүзеге асырады. Осылайша, факторинг мынадай негізгі қызметтерге ие: сәйкес бухгалтерлік операцияларды жүргізу; ұсынылған коммерциялық несиені, төлемдерді алуды қосқанда, қадағалау; несие тәуекелдерінен қорғау («айналымсыз» факторинг жағдайында); клиенттің ағымдағы жұмысын қаржыландыру.

«ТМД елдерінде факторингтік операцияларды коммерциялық банктер жүзеге асыра бастады. Коммерциялық банктердің факторинг бөлімшелерінің міндеті кәсіпорындар үшін келісім және ақылы негізде тауарлар мен қызметтер үшін есептесулерді тез арада аяқтаумен байланысты бірқатар несие-есеп операцияларын жүргізу болды. Банктік операциялардың жаңа дамып келе жатқан түрі заңды реттеуді талап етті.Факторингті дамыту тұрғысынан Еуропа елдерінің, дәлірек айтсақ, Еуропалық Одаққа мүше елдердің тәжірибесі қызығушылық тудырады. Еуропалық Одақ елдерінде факторинг, орташа алғанда, 27 жыл бұрын пайда болды (ЕО елдерінің рыноктарында алғашқы операция жүргізілген жыл – 1983). Факторинг операцияларын жүзеге асыруды бастаған алғашқы елдер – Германия мен Финляндия (1959 ж.). Осы рынокқашыққансоңғы ЕО елі – Мальта (2006 ж.). Факторинг рыногы дамудың негізгі екі сатысын өтті:60-жылдары рынокқа ірі еуропалық елдер шықты, ал 90-жылдары оларға ЕО-қа жаңа мүше елдер қосылды .ЕО-тың 16 елінде факторинг компанияларының ұлттық ассоциациясы бар, сонымен бірге кейбір елдерде ол лизинг компаниялары ассоциациясының бір бөлігі болып табылады.ЕО-тың бір еліндегі факторинг компанияларының орташа саны – 13, бұл көрсеткішті есептеу барысында ұлттық факторинг ассоциацияларына, сол елде мұндай ассоциация бар болса, мүше Факторлар ескерілді. Сонымен бір мезгілде 66 рыноктағы ойыншылар саны соңғы бес жыл ішінде тұрақты болып қалып отыр. ЕО елдеріндегі Факторлардың жалпы саны 2009-2010 жылдары 316-ны құрады. Факторинг компанияларының саны жағынан алда келе жатқан елдер:

  • Ұлыбритания – 57, Италия – 35, Франция – 31, Венгрия – 26, Испания – 21, Германия -21,ЕО-тың әр алуан елдеріндегі рынокқа қатысушылар санына қатысты бірқатар тенденциялар байқалады:
  • Жақын жылдары 11 елде рынокқа жаңа ойыншылардың шығуы күтілуде (Австрия, Кипр, Эстония, Германия, Греция, Латвия, Литва, Мальта, Словакия, Болгария, Румыния).
  • 5 елде қосылу және жұтылу формасындағы топтасулар және сәйкесінше Факторлар санының азаюы күтілуде (Франция, Венгрия, Италия, Голландия, Португалия).
  • Қалған 9 елде факторинг рыногына қатысушылар санының өзгермейді деген болжам бар». [8]

«Рынокқа қатысушылардың шоғырлануы да біршама қызықты. Орташа алғанда, ЕО елдеріндегі факторинг рыногы бойынша негізгі қатысушылар арасындағы үлесті былайша білу байқалады: Көшбасшы — 48%, екінші ойыншы — 20%, үшінші ойыншы — 14%. Үш ірі ойыншының ортақ үлесі — 82%. Ойыншыларының шоғырлануы ең аз елдер: Германия — 47% (20% — 18% — 9%), Франция — 51% (24% — 14 % — 13 %), Ұлыбритания (бағалық мәні) — 53%. 9 елдерыноктың 100%-ғажуығынүшнемесеодан да аз қатысушыалады (Австрия, Бельгия, Кипр, Эстония, Латвия, Литва, Мальта, Словения, Болгария). ЕО елдеріндегі рынок көшбасшыларының арасында 78,5%-ы банктердің еншілес компаниялары болып табылады, 12,5% — банк бөлімшелері, 9% — дербес компаниялар. Рынокта банктік Факторлардың басымдығы анық байқалады. Факторингтік бизнес жүргізу үшін банктер өздерінің жеке еншілес компанияларын пайдаланғанды жөн көреді. Орташа алғанда, ЕО елдері бойынша факторингтің әр алуан түрлерінің факторингтік қызметтердің жалпы көлеміндегі үлесі мынадай түрде көрінеді: 40% — Инвойс Дискаунтинг (регрессті немесе регрессіз), 47% — Регрессті факторинг, 22% — Регрессіз факторинг, 2% — басқа қызметтер (Реверсивті факторинг, қарыздарды жинау). ЕО-тың әр алуан елдерінде әр түрлі факторингтік өнімдердің үлесін бөлуде үлкен айырмашылықтар бар. Мысалы, бірқатарелдерде инвойс дискаунтинг (Швеция, Ұлыбритания, Голландия, Кипр, Германия) басым. Басқаелдерде (Германия, Болгария, Дания) регрессіз факторинг басымтүсіпотыр. Португалияда, Австрияда, Венгрияда, керісінше, операциялардың 90%-ынадейінгісірегрессті факторинг үлесінетиеді. Бұлардыңарасында Испания ерекше орында тұр, ондағы рыноктың 38%-ы реверсивті факторингке тиесілі». [9]

«2007 жылы ЕО елдеріндегі факторинг рыногының айналымы 653 миллиард еуроны құрады. Мынадайөте ірірыноктардыатап көрсетугеболады: Ұлыбритания — 226 миллиард еуро, Италия — 111 миллиард еуро, Франция — 89 миллиард еуро, Испания — 56 миллиард еуро, Германия — 55 миллиард еуро. Сонымен қатар дамып кележатқан рыноктар да бар: Мальта -0, Болгария — 20 миллион еуро, Словения — 223 миллион еуро, Румыния — 550 миллион еуро, Латвия — 737 миллион еуро, Словакия — 837 миллион еуро.ЕО-тың 27 елінде факторинг рыногының айналымының 69%-ы орташа және шағын бизнеске келеді, ал факторинг қызметін пайдаланушылардың 80%-ы орташа және шағын бизнес өкілдері болып табылады. Шындығына келсек, факторинг рыногына орташа және шағын бизнестің қатысу үлесі өте төмен бірқатар елдер де бар. Испанияда айналымның 40%-ы орташа және шағын бизнес кәсіпорындарына келеді. Германияда кәсіпорындардың бұл типіне факторинг рыногы айналымының бар-жоғы 20%-ы ғана тиесілі. ЕО елдерінде кем дегенде 100 000 компания факторингті пайдаланады. Бір клиенттің орташа айналымы 2 818 809 еуроны құрайды, осы жерде аталған көрсеткіш бойынша алда кележатқан елдерді атап өткен жөн: Германия — 10 миллион еуро, Финляндия — 8,9 миллион еуро, Голландия — 7,5 миллион еуро, Австрия — 7 миллион еуро, Ұлыбритания — 5 миллион еуро.Көрсеткішмәні төмен елдергеБолгарияны — 350 000 еуро, Словенияны — 370 000 еуро, Латвияны — 800 000 еуро, Эстонияны — 910 600 еуро жатқызуға болады. ЕО елдерінде 78% ішкі факторинг болса, ал 22% — халықаралық факторингқа келеді. Халықаралық факторинг бойынша көшбасшылар: Болгария — 90%, Румыния — 37%, Латвия — 36%, Литва — 32%, Словакия — 30%, Дания — 30%».[10]

«Факторингті мемлекеттік реттеудің спецификалық ерекшеліктері бар. Тек 6 елде ғана факторингті мемлекет арнайы заң көмегімен немесе банк заңы шеңберінде (Австрия, Франция, Греция, Италия, Португалия, Испания). Мальтада және Болгарияда үкімет пен өзара әрекеттестіктің факторингті дамытуға бағытталған ерекше формасы бар. Бірнеше жағымсыз сәттерді есептемегенде (мәмілелер бойынша ҚҚС-ны мерзімін өткізіп қайтару және т.б.), факторингті дамыту үшін заң тұрғысынан кедергілер жоқ.»  [11]

«Факторингті дамыту дәрежесін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: ЕО елдерінің ІЖӨ (Еуростат деректері бойынша) 2007 жылы 10 947 миллиард еуро болды, ЕО елдерінің факторинг рыногының айналымы 653 миллиард еуроны құрады, ІЖӨ-дегі факторинг үлесі 5,96%-ды құрады. Факторингтің ену дәрежесі барынша жоғары елдер (факторингтің ЖІӨ-дегі үлесі бойынша): Кипр — 18,30%, Эстония — 12,56%, Ұлыбритания — 11,57%, Португалия — 11,50%, Литва — 7,95%, Италия — 7,84%, Швеция — 7,10%. Факторинг рыногы барынша әлсіз дамыған елдер: Мальта — 0%, Болгария — 0,09%, Румыния — 0,69%, Словения — 0,81%, Польша — 1,20%. Сарапшылардың көпшілігі рыноктың жыл сайын 10%-ға және одан жоғары өсуін болжайды. Дамушы рыноктарда өсуге инвойс дискаунтингтің дамуы негіз болып табылады. Бұл өнім клиент ең әуелі қаржыландырылуға мүдделі болған кезде өте оңтайлы өнім болып табылады. Бұл өнімнің тағы бір 67 артықшылығы – құпиялығы, ол сатып алушылар (дебиторлар) тарапынан факторингке жағымсыз көзқарас туу проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ активтермен қамсыздандырылған қаржыландыру (Asset Based Lending), реверсивті факторинг, Интернет-шешімдер және электрондық факторинг секілді өнімдердің өсу потенциалы өте жоғары.» [12]

Осы жерде банктер мен факторинг компаниялары арасындағы қарама-қайшы қатынастарды атап кеткен жөн. Банктердің факторинг индустриясын дамытудағы ролі үнемі өсіп келеді. Банктер рынокта өздерінің еншілес компанияларының акционерлері ретінде қатысады немесе жеке факторинг компаниялары бар. Факторингтің өсіп келе жатқан рыногы банктердің назарын күннен-күнге көптеп аударуда. Екінші жағынан, көптеген елдерде банктер әр алуан өнімдер желісін ұсына отырып, факторингтің қызметтердің басты бәсекелесі ретінде шығып отыр. Факторинг рыногының өсуі көптеген жағдайда кәсіби біліктілік пен қызмет көрсету сапасының деңгейін жоғарылатудың арқасында жүзеге асырылып келеді. Құрамына қолайлы бағалы әр алуан қызметтер кіретін едәуір стандартты өнімдер факторингті басқа қаржылық қызмет көрсетулерден тиімді ерекшелейді. Жаңа әмбебап АТ шешімдердің пайда болуы факторинг үшін мықты бәсекелестік артықшылық жасап, шығындарды азайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Факторинг имиджі мен осы қызмет туралы хабардар болу деңгейін жақсарту қажет. Факторинг Еуропада 50 жылдан астам уақыт бойы белсенді дамып келеді, дегенмен бұл өнім туралы білу деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Факторингті жақтырмау және оған жағымсыз көзқарас біртіндеп жойылуда, бірақ көптеген адамдар оны осы кезге дейін «соңғы инстанциядағы кредитор» ретінде қабылдайды. Факторингке қарым-қатынас және қазіргі кездегі осы қызметтің мәнін жете түсінбеушілік факторингтің еуропалық елдерде одан әрі даму жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

«Құқықтық нормаларды бірыңғайлау факторингтің одан әрі дамуына түрткі болады. Қазіргі таңда факторингпен (ақша талаптарын пайдасына ұсыну, мерзімі өтіп кеткен қарыздарды алу, қауқарсыздық және т.б.) тікелей байланысты мәселелерді реттейтін және ЕО-тың әр түрлі елдерінде қабылданған құқықтық нормалар бір-бірінен қатты өзгешеленеді. Бұл факторингтің жалпыеуропалық рыногының одан әрі дамуы үшін үлкен қиындықтар келтіреді. ЕО-тың әр алуан елдеріндегі құқықтық нормаларды бірыңғайландыру үлкен жұмысты қажет ететін процедура болып табылады, бірақ егер оның ең болмағанда бір бөлігі жүзеге асса, бұл факторинг қызметтерінің сапалық дамуы үшін қосымша қуатты импульс береді. Мысалы, Ұлыбританияда факторинг азаматтық заңнама шеңберінде реттеледі және компаниялардың көпшілігі – арнайы факторинг компаниялары. Ал Германияда соңғы кезге дейін факторингтік операциялардың бір бөлігін тек банктер ғана жүргізе алатын болды және факторинг компанияларының мамандануының әр түрлі дәрежесі байқалды. Экономикалардың салыстырмалы қуаттары жағдайында Біріккен Корольдықтағы факторингтік операциялар саны немістікімен салыстырғанда бес есе үлкен. Егер факторингтік операциялар көлемінің ЖІӨ-ге қатынасын салыстыратын болсақ, ол Германиядағы 2%-ға қарсы Ұлыбританияда 11%» [13]

«Мысалы, венгриялық факторинг рыногы (делдал арқылы өткізуді қаржыландыру) үлкен потенциалға ие. Еуропалық одаққа кіру және соңғы жылдары төмендей бастаған банктік пайыздық қойылым бұл потенциалды ашуға көмектеседі. Бұл рыноктағы айналымдардың өсу көрсеткіші екі мәнді болады деп күтуге негіз бар. Үлкен капиталдары жоқ венгриялық шағын және орташа кәсіпорындар үшін факторинг өз өтімділігін жақсарту құралы болады. Венгриялық факторинг рыногы әлсіз дамыған, бірақ рыноктық көшбасшы ―Magyar Factor‖-дың есептеуінше, өсу келешегі бар. ЕО құралдарының көмегімен шағын және орташа кәсіпорындарды күшейтілген мемлекеттік қолдау сұраныстың артуына әкеледі. Бұған банктік пайыздық қойылымның төмендеуі қосылады. Венгриядағы факторингтік айналымның қуаты жылына 500 млрд венгрия форинтіне жетеді (шамамен 2,1 млрд еуро). Мысалы 2001 жыл ішінде айналымдар шамамен 50%-ға артты, бірақ бар-жоғы 500 млн еуроны құрады, сөйтіп қолда бар мүмкіндіктерден көп кейіндеп қалды. Венгриялық рынок көшбасшысы ―Magyar Factor‖, ―K and H Bank‖ біріккен кәсіпорны және ―Intermarket Bank AG of Austria‖, деректер бойынша, клиенттерден пайыздық қойылымды (қазіргі таңда ол 9 айға 7,66%-ды құрайды), оған қоса шот сомасынан 2 – 5 пайыздық пунктті және 0,5 – 1,0% болатын қосымша факторингтік алымды, сондай-ақ 0,2 – 0,25% сақтандыру алымын талап етеді. Сала мемлекет үкіметіне шағын және орташа кәсіпорындарды қолдау аясында факторингке пайыздарға субвенциялар беру ұсынысын жасады. Бұл мақсатқа жетуге бір бӛлігі банктік пайыздық қойылымды төмендету болып табылатын тұрақтылықтың орташамерзімдік саясаты көмектеседі. Қазіргі уақытта венгриялық Орталық банктің нақты пайыздық қойылымы өсіп келе жатқан қоғамдық бюджеттердің инфляциялық қысымын азайту үшін жасанды түрде жоғары деңгейде ұсталып тұр.» [14]

«Осылайша, ЕО елдеріндегі факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторинг рыногы үшін, әсіресе, мемлекеттік реттеу және арнайы факторинг компанияларын құру тұрғысынан алғанда, толығымен қолайлы. Осыған орай, ЕО елдерінің, әсіресе Германия мен Ұлыбританияның факторинг және факторингтік операциялардың даму тәжірибесі қазақстандық факторингтік рыногына, әсіресе мемлекеттік реттеу және арнайы факторингтік компаниялардың біліміне толығымен сай келеді. Мысалы, Қазақстан үшін мемлекеттік факторингтік реттеудің Австрия, Франция, Греция, Италия, Испания елдерінде қолданатын нұсқалары мүмкін болады және спецификалық ерекшелікке ие. Бұл елдерде факторинг тікелей арнайы заң көмегімен, мемлекетпен немесе банктік заңнама шегінде реттеліп отырады. Сонымен қатар, келесі өнімдердің, атап айтқанда реверсивтік факторингтің, интернет шешім және Қазақстан 68 банктеріндегі электронды факторингтің, факторингтік қызметті белсенді жүзеге асыруда өсу потенциалы өте жоғары. Факторинг және факторингтік операциялардың зерттелінген экономикалық артықшылықтары, сонымен қатар ЕО елдерінің тәжірибесі қазақстанның қаржылық нарығында мамандандырылған факторингтік компанияларды қажет етеді.Факторингтік операцияларды жүргізу кезінде,жеңілдетілген түрде,оған үш тұлға ғана қатысады: Клиент, Фактор, Дебитор. Олардың өзара әрекеттесу схемасы төмендегідей жүргізіледі.

  • Клиент пен Фактор факторинг шартын жасасады.
  • Фактор, қарыздары Клиенттен Факторға берілетін, клиенттің дебиторлары мен жеткізушілерін бағалайды. Соның нәтижесінде дебиторларға және клиентке белгіленетін лимит жасалады.
  • Клиент, Дебитор, Фактор ақшаны талап ету құқығының басқаға берілетіндігі туралы құжатқа қол қояды.
  • Клиент, Фактормен мақұлданған Дебиторларға өнімді жеткізеді.
  • Клиент жеткізу құжаттарының жинағын (шот-фактура,жүк құжаты) Факторға береді.
  • Фактор жеткізілім сомасының 100 % дейінгі көлемін Клиенттің есепшотына аударады.
  • Кешіктіріп төлеу мерзімі аяқталғаннан соң,Клиенттің дебиторлық қарызын басқаруға Фактордың тікелей қатысуымен,Дебитор Фактормен есеп айырысады.
  • Фактор қаражаттың қалған сомасын Клиентке аударады және қаржыландыру сомасын ұстап қалады.
  • Егер де Дебитор жеткізілімді төлемеген жағдайда,Фактор Дебиторға қарызды өндіртіп алу шарасын қолданады.» [15]

«Өнімдерді жеткізу мен қызметтер көрсету саласында өз бизнесін жүргізетін компанияларға арналған. Факторингтік мәміле жасау келісім-шартта төлемнің мерзімін кейінге қалдыру, сондай-ақ жеткізілімдердің қызметтер көрсетудің қонымды тарихы болғанда ғана мүмкін болады. Негізгі тиімділіктер мен артықшылықтар:

  • Кепілсіз қаржыландыру
  • Сатылымдардың мөлшерінің өсу шарасы бойынша қаржыландыруды өсіру
  • Сатып алушыларға төлемнің мерзімін кейінге қалдыру есебінен клиенттік базаны өсіру мүмкіндігі
  • Өнімді үлкен көлемде жіберу мүмкіндігі
  • Шешімді және қаржыландыруды қабылдаудың аса жылдам мерзімі
  • Cash-flow жоспарлау (айналымда кассалық аралықтың болмауы)-
  • Тауардың/қызметтің алынған бөлігін уақытында төлеу жөнінде банктің дебиторлармен тұрақты жұмыс істеуі.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында төлем қабілітсіздігі проблемаларына жауап ретінде факторинг немесе ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты көмекке келеді. Ақшалай талапты беріп қаржыландырудың құқықтық реттелуі ҚР Азаматтық Кодексімен алғаш енгізілген азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі болып табылады. Факторигтік қатынастардың заңдық негізін міндеттемелік құқықта бұрыннан цессия ретінде белгілі ақшалай талапты беру құрамын құрайды. Алайда, факторнигтік қатынастардың сипаты жай цессияға қарағанда әлдеқайда күрделі, ол заем және несие қатынастарын біріктіре отырып қана қоймай, сондай-ақ өзге де қаржылық қызметтерді көрсету мүмкіндігін құрайды.

Жалпы факторнигтің кәсәпкерлік айналымда кең қолдануына қарамастан көптеген дамыған құқықтық тәртіптерде факторинг шарты бойынша арнайы нормалар жоқ, ал оның реттелуі үшін міндеттемелік құқықтың жалпы нормалары, бұл біріншіден, цессия қолданылады.» [16]

«Факторинг механизмі аса күрделі емес және келесідей қысқа қадамдардан құралады:

  • тауар беруші мен сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу- сату шартын жасасады;
  • факторингтік компания мен тауар беруші арасында факторинг шарты жасалады;
  • тауар беруші сатып алушыны факторинг шартын жасасқаны туралы хабарлайды. Тиісті құжаттарға қол қойылады, онда тауар беруші мен сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу-сату шарты – негізгі шарт бойынша — төлемді сатып алушының факторингтік компания есебіне төлейтініне өз келісімдерін береді.
  • тауар беруші сатып алушыға тауар жеткізілімін (жұмыстар орындау, қызмет көрсетуді) жүзеге асырады және оны шот-фактурамен ресімдейді.
  • тауар беруші факторингтік компанияға шот-фактураның түпнұсқасын, яғни сатып алушының дебиторлық берешегін дәлелдейтін құжаттарды береді;
  • факторингтік компания тауар берушіні, тауар беруші берген сатып алушы дебиторлық берешегінің 90%-ға дейінгі көлемінде алғашқы (аванстық) қаржыландыруды жүзеге асырады;
  • сатып алушы тауар берушімен жасасқан негізгі шартта белгіленген мерзімде факторингтік компанияға оған жеткізілген тауарлар (жұмыс орындау, қызмет көрсету) құнының толық ақысын төлейді;
  • факторингтік компания тауар берушіге өзінің комиссиялық сыйақысын шегеріп, қалған соманы тауар берушіге төлейді».[17]

«Ал Қазақстанда факторинг бизнеске арналған қаржы құралы ретінде енді ғана қаржылық қызмет көрсету нарығында өз еншісін иеленіп дамуда. Факторингтің азаматтық айналым қатысушысының мүліктік және қаржылық мүдделерін қорғау құралы ретінде аса ерекше құндылығы шетел мемлекеттерінде, мысалы, АҚШ-та жүз жылдан аса уақыт бұрын түсінілген. Соған сәйкес, Қазақстан бұл мәселеде Батыстың құқықтық тәжірибесін қолға алды деп толық сеніммен айтуға болады. Отандық сарапшылар факторинг елімізде өз дамуының бастапқы кезеңінде деп есептейді. Қазақстанда ішкі факторинг нарығы шамамен алғанда, 1,8 млрд. доллар көлемінде бағаланады және екі ірі факторингтік компаниялармен – «First Factoring Company» ЖШС және «KazcommerceFactor» ЖШС, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктермен танылған. Екінші деңгейдегі банктер көбіне факторингтік қызметтерді тек корпоративті клиенттеріне ғана ұсынады. Факторингтік компаниялардың қызметі лицензияланбайды, сондықтан компаниялардың ресми қаржылық есебі жарияланбайды. Қазақстанда «Бірінші факторингтік компания» ЖШС және «KazcommerceFactor» ЖШС International Factors Group халықаралық ұйымының мүшелері болып табылады және бұл оларға халықаралық факторинг бойынша мәмілелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, «KazcommerceFactor» ЖШС Ресей және Қытаймен факторингтік операцияларды жүзеге асырады. Сонымен бірге, отандық қаржы нарығында факторинг қызметін ұсынатын келесідей факторингтік компанияларды атап өтуге болады:

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-116

 Аталған факторинг компанияларының көбісі 2009 жылдан бастап факторинг қызметін жүзеге асырып келеді. Мысалы, «First Factoring Company» ЖШС 2009 жылдың қаңтарында құрылған және Қазақстандағы алғашқы арнаулы факторинг компаниясы болып табылады. Факторингтік қызметтің қазақстандық қаржы нарығында баяу дамуының себебі – кәсіпкерлердің факторингті білмеуі, не оған сенімсіздік білдіруі, көп жағдайда дәстүрлі банкілік несиелеуге артықшылық беруі болып табылады.» [18]

Сондықтан, факторингтің түсінігін, факторингтік операциялардың кәсіпкерлерге тиімділігін дәлелдеу үшін оның функцияларын қарастырып өтсек, факторингтің негізгі функциясы – тауар берушіні тауарды жеткізгеннен кейін бірден немесе факторинг шартында көзделген күні қаржыландыру болып табылады. Осылайша, тауар беруші өнімін өзінің сатып алушыларына, тауар үшін төлемді кейінге қалдыру шартымен жеткізе алады және оған қоса, өзінің сатып алушысынан төлемді күтпей-ақ, тауар жеткізілімі сомасының қомақты көлемін тауарды жеткізгеннен кейін бірден не өзіне қолайлы график бойынша ала береді. Егер компания сатылым көлемін ұлғайтуды мақсат етсе, онда ол факторингтен түскен ақша құралдарын ұдайы айналымға жібере алады және де төлем төлеуді кейінге қалдыруды ұсына отырып, басқа тауар берушілермен клиенттер үшін бәсекелесе алады. Сонымен қатар, факторинг шартын жасасып, тауар беруші қай күнде оның шотына ақша сомасы түсетінін біледі. Әдетте, өзінің сатып алушыларына төлемді кейінге қалдыруға келісім бергеннен кейін, тауар беруші олардың қашан төлейтінін және олар төлейді ме білмейді. Одан басқа, факторинг кезінде қаржыландырудың келесідей мүлтіксіз артықшылықтары бар:тауар беруші оған төленген ақша сомаларын қайтаруға міндетті емес, себебі фактордың шығындары сатып алушылардың төлемдерінен өтеледі. Тауар беруші өз өнімін қанша ұзақ сататын болса, қаржыландыру да соншалықты ұзаққа созыла береді; сатылым көлемі өсуіне байланысты қаржыландыру да автоматты түрде арта береді. Осылайша, факторинг шеңберіндегі қаржыландыру тауар берушіні біржола айналым құралдарының жеткіліксіздігінен арылтады және бұл оның кредиторлық берешегінің өсуінсіз болады.

«Факторинг – бұл кепілдік қаржыландырудың бір нысаны, себебі қаржыландыру көлемі факторингтік компанияға берілетін ақшалай талаптардың құнына, яғни тауар берушінің сатып алушыларының борышы көлеміне тікелей байланысты. Кепілдік несиелеудің өзге нысандарынан айырмашылығы, берілген жағдайда ақшалай талаптар фактормен сатып алынады, кепіл ретінде пайдаланылмайды (бірақ, тауар жеткізушінің өз сатып алушыларына талап ету құқығы – несие алу кезінде кепіл ретінде болуы да мүмкін). Осылайша факторинг кезінде меншік иесінің ауысуы орын алады, тауар беруші ақшалай талаптарын факторингтік компанияға сатады:

  • Факторингтің бұл ерекшелігі экономикасы өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған, заңнамасы толық жетілмеген (кәсіпорындардың банкроттығы туралы заң дұрыс орындалмайды, сауда мәмілелерін құқықтық қамтамасыз ету дамымаған, сауда заңдары іске аспайды) мемлекеттерде маңызы зор. Тауар берушінің банкроттығы жағдайында факторингтік компания өз ақшасын жоғалтуға тәуекел етпейді, себебі тауар берушінің дебиторларына талап ету құқығы оған көшкен және банкроттық процедурасы кезінде алынуға жатпайды. Факторингтік қаржыландыру кәдімгі несиелеуден айырмашылығы – жоғары тәуекелді, іскерлік беделі аз, жаңа кәсіпорындарға қолжетімді, себебі борышты қайтару тәуекелі оларға емес, олардың сатып алушыларына жүктеледі және тауар берушінің қаржылық жағдайы оның сатып алушыларының қаржылық қабілеттілігіне қарағанда маңызды емес болып келеді. Сондықтан, клиенттің сатып алушылары ірі және сенімді, оның ішінде шетелдік компаниялар болғанда, факторинг қолданылуы мүмкін.
  • Дебиторлық берешекті әкімшілік басқару. Факторинг сондай-ақ, клиентке дебиторлық берешектің жағдайын қадағалаумен, дебиторларға төлемді кешіктіру жөнінде ескерту жасаумен байланысты жағымсыз жұмыстан арылуға мүмкіндік береді. Әдетте, факторингтік компания тауар берушінің алғашқы талабы бойынша оның барлық тауар жеткізілімі мен сатып алушыларының төлемдері туралы ақпаратты қамтитын, дебиторлық берешектің жағдайы жөнінде есепті табыс етеді. Сондай-ақ, регрессіз факторинг кезінде фактор өзіне дебиторлардан борыштарды өндіріп алуды өз мойнына алады, бұл инкассация үшін өз ресурстары жоқ орташа компаниялар үшін ерекше маңызды. Бұл оларға еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • Тауар берушінің сатып алушыларының төлем қабілеттілігін бағалау. Несиелік бюролар және рейтингтік агенттіктер жақсы дамыған мемлекеттерде факторингтік компаниялардың бұл функциясы аса қажетті емес болып келеді. Ал, экономикасы өтпелі кезеңді өткеріп отырған мемлекеттерде факторингтік компаниялар компаниялардың төлем төлеу тәртібі туралы ақпаратты жинақтай отырып, несиелік бюро мен рейтингтік агенттіктердің рөлін атқаруы мүмкін. Одан басқа, факторингтік компаниялар тауар берушінің потенциалды сатып алушыларының төлем қабілеттілігін бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалана алады. Ресейде кейбір факторингтік компаниялар ғана клиенттеріне оның дебиторлары туралы тәуелсіз ақпаратты ұсынады. «Еурокоммерц» факторингтік компаниясының бас директоры Г.Карповскийдің пікірі бойынша, дәл осы қызмет түрін көрсеткені үшін клиентке несиеге қарағанда көбірек ақша төлеуіне болады: «Клиент дебиторларының қаржылық жағдайы туралы тәуелсіз ақпаратты табыс ету факторингтік компанияның маңызды функциясы болып табылады және осы оны банктің несие бөлімшесінен ерекшелейді.
  • Төлемді кейінге қалдыру шартымен тауар жеткізілімі кезінде тәуекелдерден, оның ішінде мерзімінде сатып алушыдан төлемді алмай қалу тәуекелінен сақтандыру, оның нәтижесінде сатушыда өзінің тауар берушілеріне төлеу үшін ақша құралдарының жетіспеуі мүмкін. Ресейлік сарапшылардың пікірі бойынша, ресейлік сатып алушылардың төлем жасау тәртібі факторинг үшін оптимальді: ол тым жақсы да емес, тым жаман да емес. «Біздің бағалауымыз бойынша, 98% жағдайда төлемді кешіктіру 7 күннен аспайды. Бұл төлемқабілетсіздіктің көрінісі емес, нарық дамуының факторы: нарық есейіп дамыған сайын, төлемдер жиі кешіктіріледі. Тауар берушілердің арасында бәсекелестік күшті болса, сатып алушылар өздеріне жақсы шарттар ала алады және олардың тәртібі тым астамшыл бола береді», – дейді «Уралсиб-НИКойл» Ұлттық факторингтік компанияның басқарма төрағасы М.Трейвиш . Факторингтік қызмет көрсету өзіне жоғарыда аталған барлық немесе кейбір функцияларды қамтуы мүмкін. Факторингтің жекелеген функцияларын банкілік несиелеу және сақтандыру сияқты қаржы құралдары орындайды және сол арқылы факторингпен бәсекелестікке түседі. Ал, факторинг ең алдымен, осы факторинг өніміндегі бірнеше қызмет түрлерінің бірлігі мен үйлесімділігіне қызығушылық танытатын компанияларға қызықты. Сондықтан, факторингті құқықтық реттеу жан-жақты әрі терең анализ жасау жолымен жаңа құқықтық нормаларды енгізуді, сондай-ақ факторингті несиелеуден, ақшалай талапты беріп қаржыландырудың басқа түрлерінен анық ажыратуды және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің факторинг қызметін кеңінен қолдануы үшін факторинг қатынастарының түрлерін заңнамада ерекше қарастыруды қажет етеді.» [19]

«Несиелендірусіз қаржыландыру: лизинг және факторинг. Банкінің несие беруі қызметті қаржыландырудың ең қолжетімді түрі болып саналады. Банкіден несие алу, түптеп келгенде, қарыз алушы-ұйымның өндірісінің көлеміне байланысты емес, негізінде, ұйымның банкіні де ұйымды да қанағаттандыра алатын шарттарын орындап, несие алу қажеттігін негіздей білуі. Қазіргі кезде ұйымдар қаржыландырудың банк қызметтерінің ішінен факторинг (делдалдық қызмет) түрін пайдаланады. Факторинг ұйымдардан олардың тұтынушыларының тапсырыстарын сатып алатын арнайы бірлестік немесе банк болып табылады. Іс жүзінде банктер дебиторлық берешектерді сатып алады. Банк тапсырыстардың 70- 80% аванс ретінде 2-3 күн ішінде төлейді. Қалғанын банк ұйымға қаражат түскеннен кейін төлейді. Факторинг қызмет құны ұйымның айналымының көлеміне және алушылардың төлеуге шамасы келуіне байланысты және ол есептегі құннан 0,5-дан 2%-ға дейін ауытқиды. Факторинг ұйымдарға қызметті қаржыландыруды төлеу мерзімін күтпей ақ бірден төлеуге мүмкіндік береді; ұйымның барлық төлемдерді алуына жүз пайыздық кепілдеме береді, сол арқылы қаржы тәуекелін азайтады және т.б. Факторинг нарықтағы сатылымдарын тұрақты түрде арттырып отырған ұйымға айрықша тиімді, сонымен қатар шаруашылықтағы айналымды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, ұйымның өсіп-өркендеуіне ықпал етеді. Факторингтің заңнамалық реттелуінің тиімділігі мен мақсаттылығы банктердің факторингтік операцияларының тиімділігін арттыруда, соңында жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың қорытындысында жағымды көрініс табатын, қаржыландырудың тәсілдерін ұлғайту арқылы Қазақстанның кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін жақсартумен анықталады. Қызметтің бұл түрі бүкіл әлемде сауда несиесінің дамуын қамтамасыз етеді және өнеркәсіп пен сауданы қаржыландыруды маңызды рөл атқарады. Оның халықаралық операцияларда кең қолданылуы 1988 жылғы 28 мамырда Оттавада қол қойылған халықаралық факторинг туралы УНИДРУА Конвенциясының жасалуына әкелді. Ресей Федерациясы сияқты, Қазақстан да халықаралық шартқа кірді. Азаматтық Кодекстің жасалуы кезінде аталған Конвенцияның ережелері мен оны қолданудың жағымды тәжірібиесі есепке алынды.Халықаралық факторинг туралы конвенцияға сәйкес,операция факторингтік болып келесі төрт белгілердің біреуіне сай келсе саналады:

  • Алдын ала борышты талап ету нысанындағы несиелеу;
  • Жеткізіп берушінің бухгалтерлік есебін жүргізу,ең алдымен оны жүзеге асыру есебін;
  • Борышын инкассациялау;
  • Жеткізіп берушіні несиелік тәуекелден сақтандыру». [20]

Сөзсіз факторинг –бұл банктік қызметтің алдыңғы қатарлы түрі, ол тәуекелді, үлкен табысты, бизнес, маркетингінің тиімді қаруы және осы заманғы экономика дамуға қатысады.

  «Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг) жалпы ережелер бойынша өтеулі және екі жақты болып табылады. Нақты шарттың жағдайына сәйкес ол реалды да консенсулды да болуы мүмкін. Сонымен ҚР Азаматтық Кодекстің 37-тарауының 729-бап, 1-тармағына сәйкес: ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе міндеттенеді.Факторинг бойынша тек ақшалай талаптар беріледі,ал нысанасы өзге талаптар ҚР Азаматтық Кодекстің 339-347-баптарындағы цессия азаматтық-құқықтық институтының жалпы ережелеріне реттеледі.Сондай-ақ, дәл осы азаматтық –құқықтық міндеттемеге қатысты құқықтық реттелу ерекшеліктері 37 -тарау нормаларымен көрсетілмесе, ақшалай талапты беріп қаржыландыруға талаптарды беру туралы жалпы ережелер қолданылады, яғни ҚР Азаматтық Кодекстің арнайы нормаларымен реттелетін қатынастарға ҚР Азаматтық Кодекстің арнайы нормаларымен реттелетін қатынастарға ҚР Азаматтық Кодекстің жалпы нормаларын қолданудың қосымша қағидаты орын алады (ҚР АК,729-бап,3-бөлім). Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде,ал келешектегі талапты-ол туындаған кезден кешіктірмей бірыңғайландыруға мүмкіндік беретіндей болып белгіленуге тиіс.(АК,731-бап,1-бөлім,1-бөлік)».[21]

Құрамына қолайлы бағалы әр алуан қызметтер кіретін едәуір стандартты өнімдер факторингті басқа қаржылық қызмет көрсетулерден тиімді ерекшелейді. Жаңа әмбебап АТ шешімдердің пайда болуы факторинг үшін мықты бәсекелестік артықшылық жасап, шығындарды азайтуға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Факторинг имиджі мен осы қызмет туралы хабардар болу деңгейін жақсарту қажет. Факторинг Еуропада көп жылдан астам уақыт бойы белсенді дамып келеді, дегенмен бұл өнім туралы білу деңгейі төмен күйінде қалып отыр. Факторингті жақтырмау және оған жағымсыз көзқарас біртіндеп жойылуда, бірақ көптеген адамдар оны осы кезге дейін «соңғы инстанциядағы кредитор» ретінде қабылдайды. Факторингке қарым-қатынас және қазіргі кездегі осы қызметтің мәнін жете түсінбеушілік факторингтің еуропалық елдерде одан әрі даму жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Кесте1. Факторинг операцияларын іске асыратын шағын және орта бизнестің саны.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-117

Ескерту: Мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-111

Сурет 2. Қазақстан Республикасында 2014-2016 жылдар аралығында ірі және шағын- орта бизнес бойынша факторинг операциялары.

Ескерту: Мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz.

 «Бұл көзқарас жағынан, факторинг туралы қалыптасқан барлық көзқарастарға үнемі дәл осылай ұстанымы болмаса да, ҚР Азаматтық Кодекс бұл жерде жаңа әрі қазіргі заман талабына сай тәжірибе болып табылады. Алайда, ҚР Азаматтық Кодекстің қабылдағанға дейінгі банктік қызметтің бұл түрінің құқықтық реттелуінің жоқтығына қарамастан, ол Қазақстан мүліктік айналымында өз орнын алды. Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер 2014-2015 жылдары, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аятаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады. Оған 2014 жылы желтоқсандағы КСРО Мемлекеттік банкінің  “Жеткізілген тауар, жасалған қызмет және атқарылған жұмыс үшін төлемдік талаптар бойынша төлемді алу құқығын жеткізіп берушілердің банкіге беру операцтяларын жүзеге асыру тәртібі туралы” нұсқау хаты құқықтық негіз болды.

Іс жүзінде бұл хаттың мазмұнынан факторинг бұл жеткізіп берушіні несиелендіру емес, оның талап ету құқығын сатып алу болып табылады. Ол коммерциялық банкілердің факторигтік бөлімшілерінің мақсаты болып мекемеге келісімді түрде және ақылы негізінде тауарлар мен қызмет үшін есепті жылдам жүргізумен байланысты несиелік-есептік операцияларды жасаумен байланысты болды. Факторинг шартының жарамдылығы үшін қажетті жағдай болып, шарт жасау кезінде оны сәтсіз анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі және болашақта берілетін талаптарды дұрыс идентификациялау болып табылады.  Болашақ талаптың немен байланысты екеніне қарай , оның қосымша рәсімделусіз берілетін ақшалай талаптардың көшуі де жүзеге асырылады».  [22]

  «Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг) жалпы ережелер бойынша өтеулі және екі жақты болып табылады. Нақты шарттың жағдайына сәйкес ол реалды да консенсулды да болуы мүмкін. Сонымен ҚР Азаматтық Кодекстің 37-тарауының 729-бап, 1-тармағына сәйкес: ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе міндеттенеді.Факторинг бойынша тек ақшалай талаптар беріледі,ал нысанасы өзге талаптар ҚР Азаматтық Кодекстің 339-347-баптарындағы цессия азаматтық-құқықтық институтының жалпы ережелеріне реттеледі.Сондай-ақ, дәл осы азаматтық –құқықтық міндеттемеге қатысты құқықтық реттелу ерекшеліктері 37 -тарау нормаларымен көрсетілмесе, ақшалай талапты беріп қаржыландыруға талаптарды беру туралы жалпы ережелер қолданылады, яғни ҚР Азаматтық Кодекстің арнайы нормаларымен реттелетін қатынастарға ҚР Азаматтық Кодекстің арнайы нормаларымен реттелетін қатынастарға ҚР Азаматтық Кодекстің жалпы нормаларын қолданудың қосымша қағидаты орын алады (ҚР АК,729-бап,3-бөлім). Беру нысанасы болып табылатын ақша талабы клиенттің қаржы агентімен жасасқан шартында қолданылып келген ақшалай талапты шарт жасалған кезде,ал келешектегі талапты-ол туындаған кезден кешіктірмей бірыңғайландыруға мүмкіндік беретіндей болып белгіленуге тиіс.(АК,731-бап,1-бөлім,1-бөлік)». [23]

«Сондай-ақ,қаржы ақ қаржы агентінің айтылған міндеттеріне қарамастан,клиент міндеттемені қолданылып келген ақшалай талап шарт жасалған кезден бастап,яғни қаржыландыру басталған кезден бастап,сондай-ақ міндеттемені көбінде қамтамасыз ету кезінде орын алатын болашақтағы мерзімде,сонымен қатар ақшалай талапты беру белгілі бір оқиғамен байланысты болса,ол осы оқиға басталғаннан кейін алуға міндеттенуі мүмкін. Факторинг шартының жарамдылығы үшін қажетті жағдай болып,шарт жасау кезінде оны сөзсіз анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі және болашақта берілетін талаптарды дұрыс идентификациялау болып табылады (ҚР АК,731-бап,1-бөлім,2-бөлік.).  [24]

«Сонымен қатар қаржыландырудың айналымсыз түрі де көзделуі мүмкін,ондай жағдайда клиент борышқордың талапты орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершіліктен толық босатылады,ал қаржы агенті барлық тәуекелдерді алады. Факторигтік қатынастардың заңдық негізін міндеттемелік құқықта бұрыннан цессия ретінде белгілі ақшалай талапты беру құрамын құрайды. Алайда, факторнигтік қатынастардың сипаты жай цессияға қарағанда әлдеқайда күрделі.

Факторингтік қызмет көрсету өзіне жоғарыда аталған барлық немесе кейбір функцияларды қамтуы мүмкін. Факторингтің жекелеген функцияларын банкілік несиелеу және сақтандыру сияқты қаржы құралдары орындайды және сол арқылы факторингпен бәсекелестікке түседі. Ал, факторинг ең алдымен, осы факторинг өніміндегі бірнеше қызмет түрлерінің бірлігі мен үйлесімділігіне қызығушылық танытатын компанияларға қызықты. Сондықтан, факторингті құқықтық реттеу жан-жақты әрі терең анализ жасау жолымен жаңа құқықтық нормаларды енгізуді, сондай-ақ факторингті несиелеуден, ақшалай талапты беріп қаржыландырудың басқа түрлерінен анық ажыратуды және кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің факторинг қызметін кеңінен қолдануы үшін факторинг қатынастарының түрлерін заңнамада ерекше қарастыруды қажет етеді.» [25]

Қорытынды

 Қорыта келгенде,факторинг біздің құқықтық тәртібіміз үшін жаңа төлемдерді ұйымдастыру кезіндегі қаржы тәуекелін төмендетудің жүйесі болып табылады.

 Мысалға,банк өзіне факторинг шарты бойынша құрылыс салушыларға құрылыс объектілеріне төлемді өндіріп алу жөніндегі өткен құқықтарға сілтеме жасай отырып,құрылысшыларға сәйкесінше талаптармен баруы мүмкін.Алайда,соңғылары белгілі бір себептермен банк талаптарын орындаудан бас тартуы мүмкін.

 Егер факторинг шартында құрылыс фирмасының құрылысшылардың тұрғын-үйге төлем төлеуді жүзеге асырмауына байланысты жауаптылық көзделмесе,онда ҚР АК ережелеріне сәйкес,ол ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.Бұндай шарт тәжірибеде «айналымсыз» деп аталады.Сондай-ақ,егер факторинг шартымен жауаптылығы бар жағдайлар көзделсе,онда фирмамен берілген талаптардың орындалмағаны үшін жауаптылық туындайды(«айналымды» факторинг).

Клиент пен қаржы агентінің өзіне алған міндеттемесін бұзғаны үшін,сондай-ақ,жарамсыз талапты берген кезде және тараптардың келісімі бойынша боышқордың берілген құқық бойынша міндетін орындау жөніндегі клиенттің жауапкершілігі көзделген жауапкершілік,сонымен қатар оның мөлшері азаматтық-құқықтық міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық жөніндегі жалпы ережелермен анықталады және егер тараптардың келісімімен жауапкершіліктің өзге тәртібі мен мөлшері анықталмаса,шығындарды өтеу,тұрақсыздық айыбы түрінде көрініс табуы мүмкін.

Борышқор қаржы агентіне ол клиенттен немесе қаржы агентінен ақшалай талаптың аталған қаржы агентіне берілгендігі туралы жазбаша хабарлама жіберілуі тиіс және қаржы агенті –жаңа несие беруші бұл жөніндегі борышқордың жазбаша хабарламасының болмағаны үшін барлық жағымсыз жағдайлардың барлық тәуекелдерін өзіне алады.Ал,борышқор өз кезегінде орындалуға жататын ақшалай талап нақты белгіленген және төлем жүргізілуі тиіс қаржы агенті көрсетілген ғана хабарлама бойынша төлем жүргізуге міндетті.Борышқордың жазбаша хабарламасыз өз міндеттемесін орындауы,тиісті емес тұлғаға орындау және тиісті несие берушіге қайта орындау мүмкіндігі тәуекелін береді.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының тараптары мен берілген талап бойынша борышқордың арасындағы қатынастардың құқықтық реттелуі ерекшеліктерінің бірі болып берілетін талап бойынша клиент пен борышқор арасындағы келісіміндегі талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы туралы ҚР АК-тің арнайы формасы болып табылады.Бұл ереже шарт еркіндігі мен шарт жағдайларын анықтау еркіндігі қағидасын ескермеу болып табылады.Осы ереже тек ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартымен көзделген жағдайда,тараптардың келісімі бойынша бұндай талапты беруге тыйым салынған ақшалай талапты беру мүмкіндігіне қатысты болады және қандай да бір кең талқылауды қажет етпейді.

 Шарттың жағдайларын анықтау бостандығы қағидасының бұндай ескерілмеуі кәсіпкерлердің үшінші тұлғалармен жасасқан шарттар негізіндегі ақшалай талап беріп қаржыладыруды тарту мүмкіндігін ұлғайту қажеттілігімен анықталады.

Факторингтік операцияларды көбінесе коммерциялық банктер жүзеге асырады.Оның тиімді жақтарын атап өтсек,банктер қаржы нарығында факторингтік операциялар арқылы өздерінің клиенттеріне кешенді қызмет көрсетіп,тұрақты клиенттерге ие болады,қаржысы үнемі айналыста жүреді.

 Факторингтің ең қолайлы жағы,ол банктің тасымалдаушыдан кепілді талап етпеуі,сол сияқты тасымалдаушыдан немесе оның борышқорларының өз кеңселерінде есеп айырысу шоттарын ашуға мәжбүрлеу,тасымалдаушының өзге қаржы институттары алдындағы несиелік міндеттемелерінің ауыртпашылық деңгейін зерттеу қажеттілігінің туындамауы

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Банковское дело: Учебник/Под ред.Заслуженного деятеля РК, д.э.н. профессора У.М.Искакова.-Алматы: Экономика,2011-552 бет.
  2. Банковское дело: справочное пособие / по-д.ред.к.э.н. Бабичевой Ю.А.-М.: Экономика,2010.-397 бет.
  3. Конвенция УНИДРУА о международном факторинге (по состоянию на 31 декабря 1995г.).
  4. -Оттава: Справочная система «Гарант»,1998.143-147 бет.
  5. Шурганова Н.П.Факторинг и финансирование под уступку денежного требования: общие черты и основные различия // Предпринимательское право.-2009.-№ 4.-58-62 бет.
  6. Мақыш С.Б.Коммерциялық банктер операциялары: учеб.пособие.-Алматы: «ИздатМаркет»,2010.-211-212 бет.
  7. Васин А.С. Системный подход к анализу рисков хозяйствующих субъектов при факторинговых операциях // Финансы и кредит.-М.,2011.-№ 4.-40-43 бет.
  8. Банки и небанковские кредитные организации и их операции / под ред.Е.Ф.Жукова.-М.: Вузовский учебник, 2011.-261 бет.
  9. Банковское дело (Настольная книга банкира): учебное пособие / под науч.ред. А.А.Абишева.-Алматы: Экономика,2011.-142-144 бет.
  10. Под общей редакцией чл.-корр. РАНЕ.В. Аметистова. том 2 поредакциейпроф.А.П.Бурмана и проф.В.А.Строева // Основы современной энергетики. В 2-х томах. — Москва: Издательский дом МЭИ, 2012 ж.263-269 беттер
  11. Миржакыпова С. Организация учета факторинговых,форфейтинговых и сейфовых операций в банках // Экономика и статистика.-Алматы,2012.-№-64-69 бет.
  12. Мақыш С.Б., Ильяс А.А., Банковское дело: учеб.пособие.-Алматы: «Қазақ университеті»,2010.-165 бет.
  13. Привман Л. Новация в гражданском законодательстве Республики Казахстан.Договор под уступку денежного требования (факторинг) // Предприниматель и право.-Алматы,2010.-№ 2-5 бет.
  14. Бушукова. Б. Обзор рынка факторинга в мире и в Казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстана. 2010. №9 (197). – 19-21бет.
  15. Кавзанадзе И.К.Операции факторинга :их виды,регулирование,учет и анализ доходности //Деньги и кредит,№11,2052-53 бет.
  16. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 2013. – 552 бет.
  17. Ұ.М.Искаков; Д.Т.Бохаева; Э.А.Рузиева , Қаржы нарығы және делдалдары: оқулық –Алматы, 2014-295
  18. Адамова К.Р. Факториговые операции коммерческих банков // Бизнес и банки.2010.№ 15
  19. Алексанова Ю.А. Международный факторинг:проблемы валютного регулирования и конторля //Финансы.-2011.-8-12 бет.
  20. Бибичев С.Н. Использование реверсивного факторинга в повышении эффективности бизнеса //Региональная экономика.2014.№12.36-39 бет.
  21. Гвоздев Б.З. Факторинг в системе управления организацией:Автореферат диссертации на соискание ученой степени канд.экон.наук:08.00.05. –М.,2011.-212-215 бет.
  22. Жуков Е.Ф. Трастовые и факторинговые операции коммерческих банков.-М.:АО «Консалтбанкир» , 2011.-345-348 бет.
  23. Ғаламтор желісі: www.nfa.kz.
  24. Жолдасова Г.А. Экономика негіздері:Оқу құралы.2-басылым.-Астана:Фолиант.96-99 бет.
  25. И.Е.Покаместов,М.В.Леднев //Факторинг: «Учебное пособие».2011.-25-27 бет.
  26. Банки и небанковские кредитные организации и их операции / под ред.Е.Ф.Жукова.-М.: Вузовский учебник,2011.-261 бет.

Құрастырғандар: Ізбасар Ж., Асылбекова Ә.

Яндекс.Метрика