ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ӨНЕРТАПҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАУ
Мазмұны
Кіріспе
Өнертапқыштардың ел экономикасына қосқан үлесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиттер тізімі
Кіріспе
Экономика тақырыбы өте күрделі. Бұл саланы жеріне жеткізе зерттеп жазу үшін үлкен білім мен білік,сосын өмірлік тәжірбие керек. Экономика ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген/1/.
Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады. Біздер экономиканы кең көлемде, яғни қоғамдық өндірістің жүйесі деп түсінеміз.Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды,олардың базисі болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты – ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарлатылу екендігі белгілі мәселе.
Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал бұл болса халықтың әл- ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады. Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады. Өнертабыс деген ұғым — бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді; от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады.
Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кеше олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрынғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз. Сонда да заманауи өнертапқыштар да бұрыңғылардан кем емес. Мүмкін қазіргі өнертабыстардың атаулары оларды жасаған адамдардың аттарымен аталып тарихта сақталмаған шығар. Бірақ қазіргі заманғы компьютерлер, гаджеттер, электромобильдер және басқа да өнертабыстар аса назар аударуға және сый-құрметке лайық. Отандық өнертапқыштарымыз да өнертабыстардың әлемдік жинағына және де еліміздің экономикасының дамуына өздерінің үлестерін енгізуде /2/.
Біздің қол жеткен жетістігімізден гөрі әлі де қолға алатын ісіміздің көп екеніне көз жеткізу қиынға соға қоймас. Өйткені, біз бүгінгі күні де өзгенің өнеріне таңғалыс жасап, оны өзіміздің қолымыздан келмейтіндей көреміз.Адамнан-адамның артығы жоқ. Жаратушы иеміз барлығына бір жұмыр басты берді. Ақыл-сана берді. Ойлансаң, бәрін жасауға әбден болады. Тек ынта мен жігер болса жетіп жатыр. Жапон жұрты білім мен ғылымның арқасында жаһанда жұртты асса алақанында , жұмса жұдырығында ұстап отыр. Жерінің астында ешқандай қазба-байлық кездесе қоймайтын бұл халық түрлі техникалармен өзге елді таңғалдырып отыр. Олар басқа жұртты ешқандай соғыссыз ақ өздеріне бағынышты етті. Себебі, күнделікті өмірде пайдаланылатын тұрмыстық техникаларды өндіретін бірден — бір ел болып табылады /3/. Әрине, тәуелсіздігімізге қол жеткізгеніміз кеше болса да еліміз экономика саласында біраз жетістіктерге жетіп үлгерді. Ол жетістіктерге өнертапқыштарымыздың қосқан үлесі зор. Елімізде мұнай-газ секторында, химия саласында, медицинада, ветеринарияда ғылымды көп қажет ететін өнертабыстармен бірге қарапайым және әлеуметтік маңызды өнертабыстар бар/4/.
Кесте 1. Инновацияның барлық түрлері бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі. (%)
Ескерту. Мәліметтер ҚР статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz /5/.
Қазақстан Республикасы бойынша жаңа өнертабыс түрлері: қазақстандық инновациялық литий-иондық күкірт аккумуляторларды әзірлеушілер экологиялық және ұзақ уақытқа жарамды батареяларды жасаған, олар сырттан әкелген аналогтарына қарағанда неғұрлым арзан және жұмыста тұрақты. Семей мен Қызылордада бие сүтінен жасалған құрғақ қымыз шығаруға дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда құрғақ бие сүтінен қымыз өндірудің бірнеше әдістері патенттелген.
Таразда ғалымдар инновациялық конфеттерді ойлап шығарған, олар жай конфеттік массаға тарының талқанын қосуды ойлап тапқан. Қарағанды кондитер фабрикасы тіпті ұлттық дәмі бар конфеттің алғашқы партиясын дайындап оны «Таразские» деп атаған /6/.
Жаңа өнертабыстар мүлде жаңа шешім болуы міндетті түрде емес. Кейбір кездерде құнды өнертабыстар бұрын жасалған өнертабыстардың жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Статистика бойынша барлық өнертабыстардың 95-98 % осылай жасалады. Тек 2-5 % — «алғашқы» деп аталатын өнертабыстар, яғни аналогтары мен прототиптері жоқ өнертабыстар/7/.
Қазіргі заманда әлемде одан әрі экономикалық дамуды ынталандыру тұрғысынан үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы алдыңғы қатардағы технологиялардың неғұрлым келешегі бар. 2015 жылғы Әлемдегі зияткерлік меншік жағдайы туралы ДЗМҰ баяндамасына сүйенсек, Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және Корея Республикасы сияқты дамыған елдердің үлесіне үш өлшемді басып шығару, нанотехнологиялар және робототехника саласындағы барлық патенттік өтінімдердің төрттен үш немесе одан да көп бөлігі жатады /8/. Аталған елдердің жоғары өнертапқыштық белсенділігі оларға жоғары технологиялар нарығында көшбасшылық орынды сақтап тұруға мүмкіндік береді. 10 000 халыққа есептегенде, патенттік өтінімдердің саны сияқты еліміздің шығармашылық әлеуетін сипаттайтын өнертапқыштық коэффициент төменгі деңгейде қалып отыр және 1,2 құрайды /9/.
Өз өнертабысын патенттеу туралы шешім негізгі патенттеу идеясымен – өнертабысты сатудан коммерциялық пайда табумен байланысты. Осыған байланысты, өнертапқыштық белсенділікті арттыру тікелей өнертабысты коммерцияландырумен байланысты. Кейбір кездерде «жұмыс істейтін» өнертабысты жасауға және оған патент алуға күш жұмсағаннан кейін, көптеген өнертапқыштар сонымен тоқтайды. Өз өнертабысы арқылы ақша табудың жалғыз тәсілі –оны сату екенін есте сақтаған жөн. Коммерциялық жағынан табысты өнертабыстар өндірістің адамдар пайдаланатын әдістерін өзгертуге қабілетті инновацияларға айналады /10/.
Елімізде технологияларды коммерциялық пайдалануды ынталандыру мақсатында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Ол коммерцияландыру жобаларын бизнесті тең қаржыландыруды тартуды қоса алғанда, бюджет қаражаты есебінен гранттық қаржыландыруды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторларын қолдау шараларын көздейді. Осылайша, бүгінгі таңда елімізде өнертабыстарды қоса алғанда, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін заңды тұрғыда коммерцияландыру механизмдерін бекіту жөнінде шаралар қабылданады. Басқа адамдар пайдалануға жарамды өнертабысты жасау және оған патентті ресімдеу – бұл сыйақы алудың тек қана бірінші қадамы. Өнертабыс қандай да жақсы болсын, олар туралы ешкім білмесе оған сатып алушы табылмайды /11/.
Биыл ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өз алдына барлық жастағы өнертапқыштарды қамту міндетін қойып отыр. Байқауға мектеп оқушыларынан бастап ірі кәсіпорындарға дейін қатыса алады. Номинациялар: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік материал».
- «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясына орта мектептердің 5-11 сыныптар оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттері қатыса алатын болады. Жеңімпаз бен жүлдегерлер Ұлыбританияға таныстыру-білім беру бағытындағы сапар шегеді. Осы сапар барысында оқушылар Science Museum London, Royal Greenwich Observatory, Cambridge Science Festival сияқты жерлерге бару, FireTech балалар ғылыми лагері тәрізді орындар мен шараларға қатысатын болады .Қосымша ауылдық жердегі қатысушыларға, қыздар тобына, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жүлделер, серіктестерден жүлде, ең жиі қаралатын фильм үшін көрермендер көзайымының марапаты қосымша қарастырылған.
- «Үздік жас ғалым» номинациясының жеңімпазы 7 500 000 теңгені құрайтын бас жүлдені алатын болады. Конкурс жүлдегерлері (2 және 3 орын), сәйкесінше, 2 500 000 және 1 500 000 теңгені алатын болады. Сонымен қатар алғашқы үш орынға ие болған қатысушылар Ұлыбританияға EducationTour сапарына баратын болады. Осымен бірге жүлде қорына Ұлыбританияға бару үшін визалық қолдау көрсету үшін және ұшып бару жолақысы кіреді. Жеңімпаз бен жүлдегерлердің Ұлыбританияда болуына байланысты қалған барлық шығындарды Британдық кеңес өз мойнына алады.
- Жылдың үздік өнертапқыштық шешімі. Номинацияның негізгі мақсаты -өнертабыстық қозғалысты насихаттау және қолдау, шығармашылық міндеттерді атқарған кезде өнертапқыштардың шығармашылық әлеуеті мен Қазақстанның әр түрлі кәсіпорындарында тиімді өндірісті ынталандыру. Жүлде қоры 5 000 000 теңгені құрайтын болады: 1 орын үшін – 2 500 000 теңге; 2 орын үшін – 1 500 000 теңге; 3 орын үшін – 1 000 000 теңге.
- БАҚ өкілдері арасындағы инновация тақырыбындағы үздік журналистік материалдар байқауы да ұйымдастырылады. Бұл номинацияда келесі аталымдар бойынша үздіктер анықталатын болады:
«Мерзімді басылымдағы үздік материал»;
«Үздік радиобағдарлама»;
«Үздік телевизиялық сюжет/бағдарлама»;
«Үздік интернет-материал/үздік блогер» /12/.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен бірлесе отырып жыл сайын өнертапқыштарды анықтауға және оларды қолдауға бағытталған байқаулар өткізіп келеді. Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы аясында (2010-2014 жж.) 4 мыңнан аса инновациялық әзірлемелер мен жобаларды анықталды, олардың 600-ден астамына жобаны дамытуға көмек көрсетілді/13/.
Инновациялық гранттар бойынша 1400-ден астам өтінімдер қаралды, 2010 жылдан бері солардың 248-не 9,8 млрд. теңге көқлемінде қолдау көрсетілді. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша грант алушылар 1 132 жұмыс орнын құрды, оның ішінде 441 тұрақты және 691 уақытша жұмыс орныдарын құрайды. 930,3 млн.теңге көлемінде салық төленге, 33,3 млрд.теңгеге өнім шығарылған. Инновациялық гранттарды ұсыну нәтижелері бойынша 2014 жылы мемлекеттік қаражаттың әр теңгесіне 1,38 теңге жеке инвестициялар салынған /14/. Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік (ТДҰА) инновациялық даму процестерін үлестірумен қамтамасыз етуде жәрдемдесу үшін және мемлекетті қолдау көрсету шараларын ұсыну үшін құрылған /15/.
Ғылыми – техникалық көрмелерге және өнертабыстар конкурсына қатысу өнертабысқа сатып алушылардың және бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударудың жақсы тәсілі болып табылады. Сондықтан 2016 жылдың 17 қаңтарынан бастап республикада өнертапқыштықты насихаттауға және қолдауға бағытталған Өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің «Шапағат» республикалық конкурсы басталды. Конкурстың ұйымдастырушылары – ҚР Әділет министрлігі және «ҰЗМИ» РМК; ҚР Білім және ғылым министрілігі; ҚР Инвестициялар және даму министрлігі болыптабылады /16/. Ғылым мен техниканың мына салаларына: «Химия», «Медицина», «Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу», «Байланыс және коммуникация», «Мұнай-газ және тау-кен өндіру саласына» жататын өнертабыстарға патенттері бар ұлттық өтінім иелері конкурсқа қатысушылар бола алады. Конкурс мынадай аталымдар бойынша өткізіледі:
— Жыл өнертабысы;
— Өнертапқыш әйел;
— Ең жас өнертапқыш (16-29 жас аралығында);
— Жас дарын (16 жасқа дейін) /17/.
«Жас дарын» аталымында ғылыми-зерттеу жұмыстары барынша перспективалы әзірленімдерге жатқызыла алатын және бірегейлік өлшемшарттарына жауап беретін мектеп оқушылары мен студенттер қатыса алады. Қазіргі замаңғы қазақстандық жасөспірімдерге келсек, 2012 жылы аталған «Шапағат» конкурсының «Жас дарын» номинациясында «Венераны зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу кешенінің моделі» өнертабысының авторы 16 жасар павлодарлық қыз Назифа Бақтыбаева жеңімпаз атанды. Өзінің жобасының арқасында ол Хьюстонда (АҚШ) «Эйр Смит» халықаралық олимпиадасының жүлдесін алып, Техас университетінің стипендиаты болды. Дарынды қыздың жобаларына шетелдік мамандар қызығушылық білдірді. Назифа өзінің келешегін космонавтикаға арнауды шешті /18/. Немесе, мысалы, «Шапағат» конкурсының «Жас дарын» номинациясында 2010 жылы жеңімпаз аталған Саянов Маркен Солтүстік Қазақстан облыстық А. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының 11 жастағы оқушысы пультпен басқарылатын «Қолқанат» қуыршағын жасаған. Өнертабыстар экология, энергияның жаңғырмалы көздері мәселелерін және әлемді толғандырып жүрген басқа да маңызды мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады /19/. 2017 жылы Астанада жас өнертапқыштар лагері ашылмақ.. «EXPO» халықаралық көрмесі қарсаңында құрылатын лагерьде 15 және 25 жас аралығындағы түрлі елдерден келген жастар бас қоспақ. Мақсат – дем алу емес, жасыл технологияларды дамыту. Мұндай жобаны іске қосу үшін халықаралық ұйымдар және елшіліктермен тиісті келіссөздер жүргізілуде /20/.
Қазақстанның дамуының басты бағыттары – ең жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, адамдардың өзіндік таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру. Яғни инновациялық типті экономика құру. Ең алдымен инновация деген терминге тоқталып кететін болсақ, инновация бұл – жаңа немесе жетілдірілген өнім (жұмыс, қызмет) немесе технологиялар түрінде іске асырылған, практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және қоғамдық пайдасы бар ғылыми техникалық нәтиже /21/.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ерекше жаңашыл процесс, жаңа нәрсенің пайда болуы, оның негізінде үнемі жаңа мүмкіндіктерді іздеу мен инновацияға негізделу /22/. Инновациялық кәсіпкерлік қызмет субъектілері деп ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды, өнертапқыштарды, технологтарды, конструкторларды және экономиканың түрлі аймақтарына жаңашылдық жасап, оны енгізетін шығармашыл тұлғаларды жатқызамыз. И.Шумпетер кәсіпкер болу – ол басқалар істемегенді істеу және басқалар істемегендей етіп істеу — деп текке айтпаған. Қазақстанда инновациялық белсенділік деңгейі бойынша неғұрлым жоғары рейтингті тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары, машиналар мен құрал-жабдықтардың өндірісі мен электроникалар өндірісі алады. Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанда үнемі шетел құрал-жабдықтарын, технологияларын қолданудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Ал машина құрылысы толығымен жоғары инновациялық белсенділікпен сипатталады .
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.
Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі. Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары болып табылады.
Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:
«-өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар- арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
-инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес- инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
-инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы- заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
-инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының- білікті мамандарының жеткіліксіздігі»/22/.Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі. Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет: инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау; инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау; инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады. Олар: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту.
Инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін- оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және- қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау және инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір- экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату. Инновациялық кәсіпкерлікті жанама мемлекеттік қолдау инновациялық инфақұрылымның құрылуын қарастырады, ол өз кезегінде консалтингтік және инжинирингтік фирмаларды, бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ақпараттық орталықтарды, лизингтік операцияларды, венчурлік капиталдарды қосады.Жалпы Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін, біріншіден, білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту қажет. Екіншіден, инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек/23/.
Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған EXPO бүкіләлемдік көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық ауқымды оқиға. Осыған сәйкес, халықты жұмылдыру, бір кісідей ат салысу мақсатында музей қабырғасында ұйымдастырылып отырған «ШАҒЫН ЭКСПО-2016» көрмесі Елордамыз Астанада өтетін бүкіләлемдік шараға өз үлесін қоспақ. «ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі идеясы жаңа энергия көздерін іздестіру, қолдану болғандықтан, аталмыш «ШАҒЫН ЭКСПО-2016» инновациялық идеялар көрме-байқауының негізгі тақырыбы да үздік жас өнертапқыштардың өнертабыстары, жаңа технологиялар жетістіктерінің байқауы болып табылады/24/.
Күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды. Астана — алғаш атқан таңынан бастап жақсылыққа тұмар, жаңалыққа құмар болған ерекше шаһар. Осы арқылы біз ЭКСПО-ның үкілі үмітін Еуразия төрінен ақтауға, арман-тілегін Жер кіндігінен бастауға ЭКСПО – Бүкіләлемдік көрме. Оны өткізу мүмкіндігі елге жүз жылда бір рет қана берілуі мүмкін. Кей елдерге жүз жылдап та берілмеуі де мүмкін.
Қазақстан – сондай мүмкіндікке тәуелсіз дамуының алғашқы ширек ғасырында-ақ қол жеткізген сирек елдердің бірі. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының қабылдауына қатысып, іс-шараға қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде халықаралық көрмені Астанада өткізу туралы шешім қабылдағаны үшін Қазақстан Республикасы атынан алғысын білдірді. Мемлекет басшысы ХКБ-ның қабылдауындағы сөйлеген сөзінде «ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады», — деп атап өтті. Сол отырыста Н.Назарбаев келем деушілердің барлығын қазақ қонақжайлығын сезініп, табиғаттың және ұлы дала кеңістігіндегі заманауи қаланың ғажайып әсемдігін тамашалау үшін Қазақстанға шақырған болатын. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО- 2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады /25/.
Қорытынды
Кез келген елдің экономикасының дамуы үшін ғылым мен техниканы дамыту негіз болып табылады. Шығармашылық идеяларды қолдау нысаны бола тұра, патенттер инновациялар мен өнеркәсіптің дамуын ынталандырады. Әлем тез өзгереді, өнеркәсіптің дамуы да сондай өзгеріп тұрады.
Өнертабыс деген ұғым — бір қол жеткізбейтін және күрделі дүние деген түсінік ескірген. Пайдалы және қарапайым өнертабыстарды жасау күнделікті өмірімізді жақсартады. Олар көбінесе біраз міндеттерді орындауды жеңілдетеді, автокөліктер мен кір жуғыш машиналар өмірді жеңілдетеді; микроскоптар ой-өрісті және білімді кеңейтеді; теледидар мен радио өмірді қызығырақ етеді; от сөндіргіштер адамның өмірін сақтап қалады және т.с. Әдеттегідей, көптеген өнертабыстар адамның бір нәрсені оңайлату немесе пайдалануға ыңғайлы етуге деген талпынысы бойынша жасалады. Бүкіл әлемде адамдар бірдей мәселелерді бастан кешеді және олардың шешімін табуға ұмтылады. Біз көптеген дүниелер үшін бұрыңғы өнертапқыштарға міндеттіміз, себебі біз олардың шығармашылық нәтижелерін күнделікті пайдаланамыз.
Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан қазір инновациялық- индустриялық дамуға бет алды. «Инновациялық Қазақстан» атты бағдарламаға орай көп шаралар жүзеге асуда. Әлемдік озық технологиялар өндірістің өріс алуын тездетеді. Демек, үлкен өндіріс болсын, шағын жекеменшік өндіріс болсын, заманауи технология — өнім мен оның өңделуін жеңілдетеді. Ал осындай заманауи технологияның дамуы , өндірістің көркеюі – еліміздің экономикасын дамытудың басты бағыты болып табылады. Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне шықсын десек, елдің алдыңғы қатарлы мемлекетке айналуын көздесек, жас та болсын, тәжірибелі де болсын, өнертапқыштарымызды қолдап, оларға жағдай жасау біздің міндетіміз деп білеміз. Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты — дамыған, өркениетті ел қатарына қосылумен бiрге, мемлекет ішінде баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, əрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғам- дық қамқорлыққа бөлейтін жəне экологияны қорғайтын қоғам құру. Ал, экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұғым. Қоғамның даму барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарас- тары бар. Сондықтан, осы мəселелерді қарастырып барып, оның бүгінгі дамуына жол көрсету басты мақсат болып табылады. Экономикалық тұрақтылық деңгейiнiң қалыптасуы өндiргiш күштердiң дамуы мен қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтауға кеткен шығындар арқылы айқындалады. Нарықтық экономикада тепе-теңдiктi шаруашылық кешенiн құру адамның iс-əрекеттерi мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдiктi қалпына келтiруi тиiс. Тұрақты даму белгiлi бiр уақыт аралығында орын алады. Сондықтан, тұрақты даму концепциясы ұзақ мерзiм аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге бағытталуы қажет.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Мұханбетова С.М Статистика теориясы: Оқу құралы/Алматы:Экономика,2010 -360 бет
- Я.Ә.Әубакиров, К.Н.Нәрибаев, Е.Б.Жатқанбаев. Оқулық Экономикалық теория негіздері: Алматы, 2011. 23бет
- Ю.К.Шоқаманов Статистика.Оқулық/Алматы-2010ж, 143 бет
- Белгібаева Қ.Қ-Алматы:Экономика, 2010- 540бет
- Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау:теория,әдіснама,практика:Оқу құралы,Алматы:Экономика,2010ж-528 бет
- Бердалиев К.Б Стратегиялық менеджмент:Оқулық-Алматы,2011ж-313 бет
- Егемен Қазақстан,№106, 2013ж, 13 сәуір
- Елшібаев Р.Қ. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру:Оқу құралы, Алматы/Экономика, 2011ж-218бет
- Жұмамбаев С.К, Өндірістік менеджмент:Оқулық,Алматы.Дәуір,2011ж-268 бет
- Инновациялық менеджмент:Оқу құралы,К.Б.Бердалтев, Алматы/Экономика, 2010ж-328 бет
- ҚР өнеркәсіп бағалары, Қазақстан статитикалық жинақ/Статистика агенттігі-Астана, 2011ж-259 бет
- Ұлттық экономика: Оқулық, А.В.Сидорович, Ә.Ә.Әбішевтің жалпы ред.-Алматы/Экономика, 528 -225-180 бет
- Аймагамбетов Е.Б. Инновационное развитие экономики/2010ж -453 бет
- Алинов М.Ш. Инновационный менеджмент:учеб.пособие/Алматы,Экономика, 2010ж- 222 бет
- Додонов В.Ю. Мировой кризис и тенденции экономического развития Казахстана, 2011ж -380 бет
- Экономика:таңдамалы еңбектері-2011ж Алматы қаласы «Б.о.ж» баспасында басылып шыққан кітап.О.Сабден. 201 бет.
- Қазақша рефераттар сайты temakosan.net
- Егемен Қазақстан №73(28012) 2013ж.
- Инновациялық педагогикалық технологиялар,Алматы,Оқу құралы, Атлас баспасы, 2010 ж- 175 бет
- Назарбаев Н.Ə. Қазақстан халқына жолдауы //Ақ жол, 11 қараша 2014ж.
- Н.Қ.Парманов.Экономиканың инновациялық дамуын талдауға институтционалдық тәсілдеме, 2013 ж, №1- 91 бет
- ҚР статистика жөніндегі комитетінің ресми сайты stat.gov.kz /
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Болашақтың жаһандық стратегиясы»атты Астанадағы экономикалық форумында сөйлеген сөзінен, 24 мамыр, 2012ж.
- Жастар шығармашылығы-Қазақстанның инновациялық дамуы, Д.Серікбаев, 2014ж-17 бет
- Егемен Қазақстан №69 (28008) 2013ж.
Құрастырғандар: Үсенқұл М., Тұрғын М