Cтартапты қаржыландыру немесе инвесторларды қайдан іздеу керек
Стартап бизнесті қаржыландыру мәселесімен айналысатын адамдар мен ұйымдар аз емес. Олар жеке тұлғалар, ақшасы бар кәсіпкерлер, тауысқандар немесе бизнестің жаңа түрін қажет етіп отырған фирмалар мен кәсіпорындар. Негізінен осы салада қаржыландырушылардың (инвесторлардың ) екі түрі бар. Дәлірек айтқанда, «бизнес-періштелер» және венчурлық қорлар.
1. Бизнес-періштелер. Стартаптың бастапқы (идея барсында) кезеңінде бизнеске инвестиция (ақша) салушыларды бизнес-періштелер деп атаймыз. Олардың ерекшеліктері бизнесті жүргізуге араласпайды және ақшаның тез арада қайтарылуын талап етпейді. Бизнес-періштелердің мақсаты – болашақта стартап бизнестен мол әрі қомақты пайда табу.
Вечурлық қорлар (тәуекелге баратын қорлар) яғни пайда табу мақсатында жаңа бизнеспен инновациялық кәсіпорындарды тәуекелге бас тігіп қаржыландыратын қорлар. Венчурлық қор жеке салымшылар, зейнет ақы қорлары, сақтандыру қорларының ақшасынан құрылады. Негізінен венчурлық қорға ақша салу өте қауіпті. Өйткені венчурлық қордың пайдаға қатысты болжамы мен есебі дұрыс шықпаса (мысалы, инновациялық кәсіпорынның жаңа өніміне тұтынушы тарапынан сұраныс болмаса, кәсіпорынға салынған ақша-қаражат күйіп кетіп, венчурлық қор үлкен шығынға ұшырайды) қор салымшылары ақшасынан айырылады.
Стартапты қаржыландыруға қатысты венчурлық қорлардың бизнес-періштелерден айырмашылығы олар жұмыс істеп тұрған, бірақ дамуына (инвестицияны) ақша салуды қажет ететін жаңа бизнесті қаржыландырумен айналысады.