Cтартап үшін инвесторды іздеу мәселесі

Бүгінгі күні интернет желісінде қызықты стратапты қаржыландырамын деушілер аз емес. Бар мәселе қаржыландыру шарты мен стартаптан түсетін пайданы болашақта өз-ара бөлісу мәселесі. Шыны керек көп компаниялар мен фирмалардың қоятын шарты өте қатал. Мысалы еліміздегі кейбір жас кәсіпкерлердің (кәсіпкерлікпен айналысатын студентер) айтуы бойынша кейбір фирмалар стартаптың 85-90 % пайызын беруді талап ететін көрінеді. Сонда стартапты бастаушыға тек 10-15% пайызы қалады. Әрине бір жағынан мұндай түрде бизнесті бөлу әділетті деп айтуға болмайды. Ал екінші жағынан егер стартапты қаржыландыру болмаса, бизнес идеяңыз құр идея түрінде қалып қоятыны сөзсіз. Бірақ неде болсада шартты қабылдау не қабылдамау сіздің яғни стартапшының өз еркі мен өз құқығында.

Стартап үшін инвестор ең маңызды мәселе. Өйткені қажетті мөлшерде ақша салуынсыз бизнестің дамуы мен өсуі екі талай. Сондықтанда кезкелген стратапшы инвестиция мәселесіне үлкен мұқыйяттылықпен көңіл бөлуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде стартап үшін инвестор табу оңай шаруа емес. Бірақ ақшасы бар адамдар мен жаңа бизнес жобаны қаржыландыруға қызығушылық танытып отырған фирмалар мен компаниялар да жоқ емес. Бұл мәселеде ең бастысы өз стартаптарыңызды қызықты әрі болашаға бар етіп инвесторға жеткізу, көңілін сіздерге қарай бұру.

Осыған байланысты жас стартапшылырға БЕРЕР КЕҢЕСІМІЗ әртүрлі бизнес форумдар мен конференциялардан қалмай қатысу керектігін айтып кетуіміз қажет. Мұндай форумдар мен конференцияларда стартапшылар жаңа таныс тауып өздерінің бизнес идеялары мен жобаларын презентациялауға (ұсынып таныстыруға) мүмкіндіктері бар.

Яндекс.Метрика