Стартаптың даму кезеңдері

Кезкелген стартаптың дамуында келесі кезіңдер бар:

1.    Ең бастапқы кезең немесе  Pre-seed stage ағыл. тілінен — егу кезеңі. Бұл кезеңде стартапшылар әртүрлі идеяларды қарастырып оларды жүзеге асырудың амалдарын қарастырады. Стартапты бастаушылар нарықты зерттеп, бизнес-жоспар құрады. Содан кейін өнімнің (қызмет көрсетудің) алғашқы (бастапқы) түрін жасап, тұтынушылардың ойын білу үшін эксперемент (тест) түрінде өнімді немесе қызмет көрсету түрін нарыққа ұсынып, ол өнімге деген сұранысты байқайды.
Егер тұтынушылар тарапынан өнімге деген сұраныс болған жағдайда стартапты қаржыландыру үшін белсенді түрде инвестор (ақша салушыны) іздеуге кіріседі.

3.    Өсу кезеңі немесе Growth Stage ағыл. тілінен –өсу кезеңі.
Айталық  біздің бизнес жобамыз немесе өніміміз бәсекелік күресте жіңіп шығып, нарықта белгілі бір орынды иеленді делік.  Өнімімізге немесе көрсетіп отырған қызметімізге   деген  сұраныс күнен-күнге артып, нарықты біртіндеп жаулай бастады. Нақ осы кезеңде бизнесіміз өзін-өзі ақтау нүктесіне(суретті қараңыз) шығып инвесторларға алғашқы табысты әкеле  бастайды (Өзін өзі ақтау нүктесі бұл өндірілген өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табыстардың осы өнімді өндіруге (қызмет көрсетуге) кеткен шығындардың өтелуін көрсететін сызбадағы (графиктегі) геометриялық нүкте. Егер өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен табыстың бағыты  сызбадағы келтірілген түзудің бойымен жоғары оңға қарай жылжыса бұл бизнестен пайда түсетінін көрсетеді.)

. Істі бастау кезеңі немесе  Startup Stage ағыл. тілінен –іске қосу.
Сонымен, стартапымызды қаржыландырушы инвестор табылды делік. Ісімізді іске қосып, нарықтың сұранысы мен тұтынушылардың қажеттілігіне сәйкес көлемде (мөлшерде) өнімді шығара бастадық. Нарық жағдайында өндірген өніміміз немесе көрсетіп отырған қызметіміз халықтың көңілінен шығып сұранысқа ие болуы керек. Әрине бұл кезеңде сіздің өніміңізге ұқсас өнім өндіруші бәсекелестерге қарсы тұру оңай емес.  Сондықтан да стартапшыларға барын салып, іскерлік танытып өздерінің өнімдерінің артықшылығы мен жақсы жерін тұтынушыларға көрсетіп, оларды иландырып, сендіру қажет. Өйткені стартап үшін бұл ең қиын кезең.
Егерде стартапшылар тұтынушыларды өздеріне қарай қаратып тарта алмаса, онда стартаптың  бар шаруасы осымен бітеді. Бизнесіңіз жабылады.

4.    Кеңею кезеңі немесе Expansion Stage ағыл. тілінен –кеңею кезеңі.
Сонымен, бизнес-жоспарымызда көрсетілген мақсатымызға жеттік делік. Бизнесімізге қандайда бір қауіп қатер жоқ. Нарықта өнімімізді тұтынушылар бірден таныйды және оған тұрақта сұраныс білдіреді. Иә, стартап үшін бұл үлкен жетістік. Бірақта бұнымен ісімізді тоқтатуға болмайды. Ендігі кезекте өнімімізді көрші жатқан аудандар мен қалаларға шығару яғни бизнес ауқымын кеңейту болып табылады.

5.    Шығу кезеңі немесе Exite Stage ағыл. тілінен –шығу кезеңі.
Компания өзінің ең шарықтау шыңына жеткен кезде, осыған дейін стартапты қаржыландырған инвесторлар бизнестегі өз үлестірінен бастартып, оны ірі ойыншыларға (инвесторларға) сатады. Бұл іс-шара оларға қомақты пайда әкеледі. Осы сәттен бастап стартаптың жаңа өмірі басталады десекте болады.

Міне біз, стартаптың жай ғана жаңадан құрылған жас компания немесе фирма ретінде емес, жас кәсіпкерлердің бар күш жігері мен қуатын салған бизнес жоба екеніне көзіміз жетіп отыр.
Сарапшылардың ойынша алдыңғы он жылда стартап белсенді әрі қарқынды түрде келесі бағытта дамиды, дәлірек айтқанда: қыржы саласында қызмет көрсету, экологиялық технологиялар, медициналық саласында, әлеуметтік желілер, телекоммуникация, жартылай өткізгіштер, денсаулық сақтау саласы және тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету салалары.

Яндекс.Метрика