Франчайзинг ол не және ол не ушін қажет?

Қазіргі таңда бизнесті ұйымдастырудың түрі көп және  соның ішінде ең танымалының  бірі франчайзинг.

 

Осы күнгі франчайзингтің бастамасы тігін машиналарын өндіруші әйгілі «Singer Sewing machine company» компаниясының негізін қалаушы Исаак Зингерден басталады. Оның фирмасы 1851 жылдан бастап осы компанияның тігін машиналарын ресми сатушыларымен келісім-шартқа отырады. Жасалған келісім-шартқа сәйкес осы компанияның ресми сатушылары «Зингер» тігін машиналарын Америка Құрама Штаттарында сатуға және оларды жөндеуге қатысты арнайы құқығы берілді.

Ал 1900-шы жылдардан бастап әртүрлі салада жұмыс істейтін көптеген компаниялар бизнесті ұйымдастыру мен жүргізудің франчайзингтік түрін жаппай қолдана бастады. Мысалы, бүгінгі күнде әлемге танымал Coca-Cola,  KFC,  Макдоналдс,  Burger King, Дженерал Моторс, Хилтон аты әлемдік деңгейдегі қонақ үйлер желісі секілді компаниялар оның дәлелі ретінде қарастыруға болады. Ал енді франчайзингтің өзіне тоқталайық.

Франча́йзинг сөзінің түбірі (franchise) француз тілінен аудармасы – жеңілдік, привилегия, салықтан босату. Бірақта бүгінгі таңда франчайзинг сөзінің мағынасы — нарықтық қатынасқа түсушілердің белгілі бір бизнестің үлгісін немесе тауар атуын (брэндтің атын) жалға беру мен алуға байланысты кәсіпкерлер арасында пайда болатын экономикалық –құқықтық қатынасты білдіреді.

Жоғарыда айтылғанды саралайтын болсақ, франчайзингтік қатынасқа түсүшілер және оған қатысты түсініктер, олар:

Франчайзер – белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын) ақыға жалға беруші тұлға (кәсіпкер, фирма, компания немесе жеке тұлға (адам) болуы мүмкін).

Франчайзи — белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын)  ақыға жалға алушы тұлға (кәсіпкер, фирма, компания).

Франшиза  — франчайзингтік келісім-шарттың нысыны (объектісі). Мұндай келісім-шарттың нысаны: бизнестің үлгісі, тауар белгісі (тауар атауы), өндіріс немесе қызмет көрсетудің технологиясы болып табылады.

Франчайзигнтік бизнестің негізі түсінікті болуы үшін франчайзингтің сызбасын  қараңыз.

Сонымен, франчайзинг бұл үлкен бизнес пен шағын және орта бизнес кәсіпкерлігінің аралас түрі. Өйткені үлкен бизнес франчайзер ретінде өзінің атын, мәртебесі мен абройын және өзгеде мүмкіндіктерін (қаржы, ұйымдастыру, бизнесті жүргізудегі тәжірибесі секілді мүмкіндіктері) пайдалану (жалға беру) арқасында пайда табумен кеңейуді (басқа нарықтарға шығуды) көздесе,  шағын және орта бизнес франчайзи ретінде бір жағынан елге танымал, екінші жағынан жаңа болып табылатын бизнесті (бизнестің үлгісі, тауар белгісі (тауар атауы), өндіріс немесе қызмет көрсетудің технологиясы) жалға алып, үлкен бизнестің мүмкіндіктерін пайдаланып пайда тауып, онымен бөлісуді көздейді.

Яндекс.Метрика