Бизнес қағидасы немесе кәсіпкер қандай касиетке ұмтылуы тиіс

Көш басшы болуы тиіс (Лидер). Табысты кәсіпкер
өзі бастаған топ ішінде әр қашанда көш басшы болуы керек.

Әр қашанда энтузиазм (құлшыныс) танытуы тиіс.
Кәсіпкер бизнесте әрдайым жаңа жоспарлар мен
жобаларға жаңа мүндік ретінде қарап, одан қайтседе
пайда табуға тырысуы керек.

Ұқыптылыққа ұмтылуы тиіс. Тек ұқыпты
кәсіпкер ғана өзінің және басқалардың алдына
қойған мақсат пен міндеттерді тианақты әрі өз
уақытысында орындай алады.

Коммуникабельді (кезкелген адаммен тіл
тапқыш) болуы тиіс.
 Кәсіпкер үшін кезкелген
адамдармен тіл табысып, еркін және оңай өз ойын
жеткізеге тиіс.

Кәсіпкер икемді әрі  өзгеше ойлай алуы тиіс. Халықта «Таяқ ұстаған жерден сынбайды» деген сөз бар. Бұның мағынасы қатыпқалған дүние жоқ. Мысалы: Егер де кәсіпкердің бір тауары өтпей жатса, кәсіпкер ол тауарды басқа тауармен алмастыруға дайын болуы тиіс. Ал керек болған жағдайда бір саладан екінші салаға көшуі ешбір қиындықтар тудырмауы керек.

 Білім мен өзбетінше білім алуға құлшыныс танытуы тиіс. Әрине кішігірім кәсіпкерлікті бастау үшін көп ақылдың да білімнің де қажетті жоқ. Бірақ бизнестің кеңейуі мен ұлғайуы, кәсіпкерден оның ой-өрісінің кең болуын талап етеді. Мысалы: әлемдік нарықта мұнайға баға күрт-төмендеп, көптеген мұнайға тәелді елдердің экономикасын әлсіретті. Осы тұста көп сарапшылардың мазалайтын мәселесі мұнайға болашақта баға қандай болмақ. Әрине бұл сұраққа  жауап біру үшін әлемдегі болып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзгеде жаңалықтардан адамның хабары болуы тиіс.          

Өзіне сенімді болуы тиіс. Бұл ерекшелік кәсіпкер
үшін ең маңыздылардың біреуі. Өйткені тек өзіне
сенімді кәсіпкер алдына қойған мақсатына жете алады.

Салмақты әрі сабырлы болуы тиіс. Қандай жағдайға
тап болмаса да кәсіпкер әр қашанда сабырлық пен
салқындылық танытып үрейге бой алдырмауы тиіс.

Мақсаттылықа ұмтылуы тиіс. Бұл да кәсіпкер
үшін ең маңызды ерекшеліктерінің бірі. Өйткені
алдына мақсат қайған кәсіпкер табысқа жете алады.

Іскерлі болуы тиіс. Кәсіпкер кезкелген  жағдайды
дұрыс бағалап, қажетті шешім қабылдауы тиіс.

 

 

Қайтпас табандылық таныта алуы тиіс. Бизнесте бәрі
ойдағыдай бола бермейді. Кәсіпкерліктің өз қиындықтары мен кедергілері бар.
Тек өз  масатына жету үшін қайтпас табандылық танытқан
кәсіпкерғана бизнесте жетістікке жетеді.

Кәсіпкер әрқашанда қырағылық пен көрегендік таныта білу тиіс.
Кәсіпкер бизнесте әр қашанда екі қадам алдын ала ойлауы керек.
Мысалы: қыс қатты әрі созылмалы болған жағдайда, міндетті түрде
көктемде мал өнімдері бағасының төмендеуіне әкеледі.

Яндекс.Метрика