БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОТБАСЫ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ

МАҢЫЗЫ

 Мазмұны

Кіріспе

Бала тәрбиесіндегі отбасы дәстүрлерінің маңызы  

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

     Кіріспе

Қазақ халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға бай халық. Сол салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халық тұрмыс–тіршілігінің өн бойына ғасырлар бойы тамыр тартып, қандық қасиетіне сіңіп, өшпей, жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінгі заманға жетіп отыр. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға ерекше көңіл бөлген.  Бала – біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес, заңды құбылыс. Оның дүниеге келу себебі адамның адамға қажеттілігінде. Бала өмірге келгенде оның өз орны айқындалады. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады.  Баланың салт-дәстүрді толық білуі оның белсенділігін, білімге құштарлығын арттырады. Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Себебі бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі, сондықтан баланың дүниеге шыр етіп келген күннен бастап есейіп азамат болып кеткен күніне дейін оған жан-жақты қамқорлық жасап, аялы алақанында әлпештеп өсіріп, тәлім-тәрбие берген. Қазақ  халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен  талай елді таң қалдырып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың  көздеген межелерінің бірі–сол  ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер  бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде  жасаған жұмысым арқылы шамалы  болса да үлес қосу. Енді салт-дәстүр ұғымына анықтама беретін болсақ салт-дәстүр дегеніміз не? Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыптар, салт –дәстүрлерге халықтың өмірінде қалыптасқан салт- дәстүрлер салт-сана болып қалған. Халықтың салт–дәстүрлері, рәсімдер мен жөн- жоралғылар,ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып отырады.  Қазақ халқының салт- дәстүрлері осы ұлттың мінез- құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезі,сеніміне,ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақ «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын, ұмытпауын талап етеді.  Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.  Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.

«Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.»[1] Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды.  Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Салт дәстүр мәселесі. Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған. Балаларға қатысты салт — дәстүр: балаға ат қою — ата-ана үшін жауапты іс. Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі — өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Балаға ат қойған кезде кез келген адамға емес, тағы да сол ырым қылып көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе санаған. Қырықтың бірі-қыдыр деп келіп қалған қонағына да ырымдап ат қойғызған екен. Бұл баламның атын пәленшекең қойып еді-деп соны тіпті айтып жүретін болған.  Бірақ қанша ырымшыл әрі үлкен адамдардың атын қойғанымен балаға өте киелі, қасиетті, әулие абыздардың атын қоймаған. «Ол өте ауыр болады, бала көтере алмайды» деп түсінген мұны. Халқымызда азан шақырып, ат қою деген сөз бар. Баланың атын қояр кезде үш қайтара «Аллаһу акбар» деп азан шақырып, содан кейін баланың құлағына қойылған атты үш рет айтады.  Баланың есінде сол есім қалады, құлағына сол есім сіңеді деген ырым бұл.  Ал кейде бала тұрмай жүрген жағдайда «көз тимесін», «тіл тимесін» деп әртүрлі, тіпті құлаққа ерсі естілетін оғаш аттарды да қоятын болған.  Отбасында ылғи қыз болғандықтын «ұлды болсын» деген ниетпен қыздарға Ұлбосын, Ұлмекен, Ұлбала деген сияқты аттар қойылған».[2]

Бала тәрбиесіне,  жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен  ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы.  Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері–салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет.  Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық.  Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдар атап өткеніндей,  қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекешіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге  айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу – қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын.  Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадыр тұтқан.  Бала-бауыр ет, балалы үй базар, баласыз үй мазар-деген баламалар ұлтымыздың өмір тәжірибесінен туған ой қорытындысының жауһары. Балаларға жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қалыптастыру жайлы ұлы Абай «Ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен әки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» , деген ұлағатты пікір айтқан. Ұлтымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын өз ұрпақтарына «бесік жыры» арқылы айтып сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың қоғамдық өмірінен туындаған халық педагогикасының қайнар көзі халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен тамырласып жатқандығын аңғаруға болады».[3]

  1. Жерік ас немесе Құрсақ шашу. Ана аяғы ауыр болып, 2 — 3 ай өткен соң бірер нәрсеге жерік болғанда беріліп тұратын дәм-тұз жерік ас деп аталады. Жүкті болған келіннің енесі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді. Олар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі. Оның себебі – келінің жерік болып жүрген асын тауып беру. Жерік ас туралы әңгіме қазақ ертегілерінде кездесіп отырады. Мысалы, «Ер Төстік» деген ертегіде оның шешесі керегеде ілулі тұрған төске жерік болыпты, бала туылған күні ата-анасы баланың атын Төстік қойыпты, кейін  Ер Төстік атаныпты.
  2. Құрсақ той. Бұл салт — бала құрсақтағы кезінде өткізілетін той салты. Ата-ана баланың дүниеге аман-есен келгеніне арнап тілек ретінде өткізілетін тілеу. Бұрынғы заманда перзент көре алмаған ата-аналар Алладан тілек тілеу негізінде көрші-қолаң, туыс-туғандарын шақырып, бірер малын сойып өткізетін шағын тойды құрсақ той деп атаған.
  3. «Жарыс қазан. Ананың толғағы басталғанда, толғағы жеңілдеп, аман-есен босану үшін тәжірибелі қарт әйелдер ырым-жырым, ем-дом жасап, «ел көшті, жау жетті» деп атаның етегін толғап, мұны жарыс қазан деп атаған. Толғата бастаған келіннің енесі қыстай сақтаған жылы- жұмсағын қазанға салып, «жарыс қазан» асу қамына кіріседі. Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым».[4]
  4. Нәрестені жерден көтеріп алу. Нәресте шыр етіп дүниеге келгенде ауыл әйелдері ескі дәстүр бойынша Тәңірге сиынып жерден көтеріп алып, қойшы немесе жылқышы деп жар салып жолын алуды жерден көтеріп алу деп атаған. Нәрестені жерден көтеріп алған әйел босанған ананың жақын туыс-туғандарынан сүйінші сұрайтын болған.
  5. Кіндік кесу. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен кейін нәрестені жерден көтеріп алатын әйел немесе ауылдың тәжірибелі әйелдерінің бірі ырымын жасап, нәрестенің кіндігін кескен әйелді кіндік шеше деп атайды. Ол қазақ салты бойынша екінші анасы есептеліп құрметтеледі. Кіндік шешеге көйлек-көншегін сыйлап, жолдық береді. Баланың кіндігі түскеннен кейін «елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін ат шаптырым жерге апарып көмеді. Қыз «Отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді. Бала ананың жанында жатса,ана жүрегінің дүрсілін естіп тыныш ұйықтайды әрі болашақта мейірлі,ізгі ниетті болып өседі. Қазақ халқы баланың кіндігін өнегелі, үлгі-тағылымды кісілер мен қулық-сұмдықтан пәк жас балаларға: үлгі-тағылымды болсын, адал, арлы болсын деген ниетпен кестірді де, кескен жерін мықтап байлап, кіндік түбіне қойдың құйрық майын жағып, таза дәкемен кіндікті ақырын бастырып орап танып тастайды. Қойдың құйрық майы баланы түрлі жел құздан сақтап,  кіндікті ораған дәкені кіндікке жабыстырмайды. Ал кіндікті сыртынын бастырып танып қойса, бала жылағанда кіндігі сыртына шықпай тез түсіп, тез жазылады. Қазақ салтында ”Кіндік шеше”, ”кіндік әке” болу аса абыройлы іс саналады. Сондықтан ”Кіндік шеше”, ”кіндік әке” болғысы келген кісілер нәресте дүниеге келмей тұрып–ақ оның ата-анасына баланыздың кіндігін өзім кесемін” деп күні бұрын айтып қояды. Әрі сол күннен бастап сол отбасымен жиі қарым қатынас жасап, түрлі жұмыстарына қарасып-қарайласа бастайды. Ана босанғанда басы-қасында болып, үй шаруашылығына көмектеседі әрі баласының кіндігін  кесіп,ресми “кіндік шеше’’ немесе “кіндік әке”болады. Бұл салт адамдар арасында береке-бірдік пен достық нығайтады. Туысты көбейтіп,өрісті кеңейтеді.
  6. Шілдехана күзету. Халқымыз ұрпақ көруді ерекше бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп түсінген. Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, үлкен мереке өткізіп, «Шілдехана» күзететін болған. Түрлі ойын-сауық өткізіліп, әркім әл-ауқатына қарай «шілдехана» күзету ырымын 2 -3 күнге жалғастыратын. Шілдехана-жаңа туылған бала мен жаңа босанған ананың құрметіне жасалатын ойын-сауық. Шілдехана күзетуге, негізінен,босанған ананың жақын маңдағы туыс-туғандары мен көрші-қоландарының жігіт-желең ,қыз-қырқындары, сондай-ақ, өнер сүйер ұлкен-кіші ауыл адамдары келеді. Онда әр күні кеште ел орынға отырып, малды қоралап, ас-су ішіп, ат-көлікткрді отқа қойған соң ,босанған ананың үйіне жиналып ән салып, күй тартып ,өзара айтысып, жаңа босанған ана мен нәресте әсем әнмен әлдилеп ,тәтті күймен тебетеді. Шілдехана әдетте бір апта ,тіпті 40 күнге дейін шам өшірмей жалғастырылады. Шілдехана күзетудің өзіндік ғылыми мәні бар. Жас босанған ана мен нәрестенің шошынып , түрлі жүйке ауруларына шалдығуының алдын алады. Жаңа туған нәрестені  тұншығып қалуын немесе зиянды жәндіетердің шағып зақымдап кетуінің алдын алады. Жас босанған ана мен нәресте ән–күй, өлен-жырды тыңдап,тез сергиді. Бала болашақта ізгі ниетті,  өнер сүйгіш,  ақ көңіл, ашық-жарқын болады.
  7. «Қалжа. Қазақ салты бойынша бала туылған күні сол отбасында той жасалып, ауыл ақсақалдарының батасын алып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиылып босанған анаға арнап қой сою кәдесі «қалжа» деп аталған. Қалжа сойылып малдың етін жеп болған соң, мойнын қырық күнге дейін керегенің басына іліп қояды, бұл баланың мойны берік боп қатсын деп ырымдаудан болған. Ер баланың «мені де әкем ұл туды деп, қалжа сойған» деген сөз содан қалған».[5]

         Қалжа–босанған анаға арнаулы мал сойып  бертін ет пен сорпа. Әйелдерді құриеттеп, қадірлейтін халқымыз аналар жүкті болғаннан бастап ерекше күтімдеп, оған «қалжа» деп күні ілгері еркек қой әзірлеп қояды.  Жаңа босанған анаға «қалжа» берудің үлкен маңызы бар. Яғни, қалжаға сойған малдың бауыздау қанның сәл ағызып ,қалған қаның таза ыдысқа құйып алып, оны шарбы маймен араластырып қуырады, жаңа босанған анаға , дәрі ретінде береді.  Піскен мойынды бөлмей мұжып , «баланың мойны тез  бекісін «деп биік бір жерге ілдіріп қояды.  Асықты  жілікті  де мұжып ,сорпаға қандырады. Міне, бұл «қалжа жеу» деп аталады. Қалжа жеген әйелдер белін тез бекітіп, қол аяғын бауырына алады. Түрлі ауру-сырқауларға қарсылық қуаты артады. Омырау сүті молайып , нәресте тез ширайлы. Омырау сүтіне қанған бала есейгенде  мықты болады. Сондықтан үлкен кісілер әлжуас жігіттерді көргенде : «Әй , сен туғанда шешең қалжа жемеп пе еді»-деп кейістік білдіреді.

  1. «Бәсіре. Бәсіре — қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады».[6]
  2. Балаға ат қою. Халқымыз жаңа туылған нәрестеге ауылдағы қадірменді, сыйлы, беделді ақсақалдарды шақырып азан шақырып ат қойғызады. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың пәлен» деп айғайлайды. Ат қоюда белгілі ғылымилық бар, ат қою қоғамдық ортаға, заман райына, өндіріс кәсібіне тығыз байланысып жатады. Кейбіреулері әйгілі адамдардың атын ырымдап қою арқылы сол адамға тартсын деп тілек тілейді. Ат қоюда туыс-туғандардың атын қайталамауды түйін етеді, егер қайталанса, сол адамға үлкен құрметсіздік есептеледі. Адам атын әркімнің өз өміріндегі жеке орнын білдіретін ұғым деп түсіну керек, ат қою өзіндік даралығы бар халықтық дәулет. Жаңа туылған балаға ат қою-өмірлік мән- маңызы бар, аса игілікті іс саналғандықтан,қазақ халқы балаға ат қоюға ерекше көңіл бөліп, өмір есігін ашқан әрбір перзенттің атвн жалпақ жұрт сыйлап- қадірлейтін білікті, қадірлі кісілерге қойдыруға тырысады.  Әдетте баланың атын ел-жұрт көп жиналған шілдехана үстінде  қояды. Онда атын қоятың баланы: «мына балаға ат қойып берініз» деп көп ортасында білікті кісілердің біріне ұстатқанда, әжейлер оған «бай –бақытты болсын» деп шашу шашады. Қазақ халқының ат қою дағдысының ерекшке өзіндік мән-мағынасы және ғылыми негізі бар , яғни қазақ халқының ат қоюына қарап оның таным-түсінігі, салт –санасы, арман-тілегі, сондай-ақ,  этиклық  талғамы мен ұлттық болмысы өте анық байқалады.
  3. «Бесік той. Жаңа туылған баланы бесікке бөлеу жорасы «бесік той» деп аталады. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Үй иесі бір малын сойып ауыл әйелдерін және баланың кіндік шешесін шақырады, келген әйелдер балаға арнап шашу, жейде, тана-моншақ, үкі, тағы басқаларды әкеледі».[7]
  4. Бесікке бөлеу (салу). Баланы бесікке бөлеуді халқымыз өнер деп таныған, бұл «бесік тойдың» артынан іле-шала болатын қимыл. Бесік тойға келген әйелдердің арасынан жолы үлкен тәжірибелі бір әйел баланы бесікке бөлейді, бесікке бөлеудің өзіндік ырымдары болады. Бұл тұста түбектің тесігінен балаларға тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік (тыштыма) үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Бала бөленген бесіктің үстінде жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

«Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?»[8]

12 .Бесік аластау.

Ана бөбегін қауіп-қатерден аулақ болу үшін үнемі бесікті аршамен аластап тұрады.

«Қазақтың «бесік аластау»жырында;

 Алас, алас, баладан алас,

 Иесі келді, пәлесі көш!

 Көзі жаманның көзінен алас!

 Тілі жаманның тілінен алас!»[9]

— деп айтылады.

  1. Баланы майлап сылау. Жаңа туылған баланы майлап сылаған кезде, өзіндік ырым жасап қауіп-қатерден аулақ болу үшін тілек тілейді. Қазақтың байырғы балалар туралы айтылған салттық жырларында баланы майлап сылағанда деген өлеңінде:

   «Тәу, тәу, тәу,

   Сыламақ менен,

   Қатып қалмақ сенен.

   Менің қолым емес,

   Бибі Фатима, бибі Зухра қолы,

   Ұмай ана, Қамбарлы ана қолы!

   Тастай қыл,

   Темірдей қыл,

   Сүттей ақ қыл,

   Дерт үйге кірмесін,

   Балаға тимесін»[10] — деп айтылады.

  1. Баланы қырқынан шығару. Қазақ халқы нәресте дүниеге келген қырық күнді қауіп-қатерлі деп санаған. Осы күнге аман-есен жеткен баланы сау-саламат болады деген. Қырық күнге дейін үйден шырақ өшірмеуді әдетке айналдырған. Нәресте туылып қырық күнге толғанда жақын туыс-туғандардың, көршілердің әйелдері қырық қасық шілде суын тамызып, нәрестені шомылдырып, нәрестенің қолын ұнға матырып, қарын шашын алып шүберекке түйіп, тұмарша етіп баланың оң иығына тағып, тырнағын алып көміп тастайды. Ұл баланы қырық күнге жеткізбей, отыз жеті-отыз тоғыз күнде, ал қыз баланы қырық күннен асырып, қырық екі-қырық төрт күнде қырқынан шығарады. Бұл – ұл баланың қалыңдығына төлейтін мал аз болсын, ал қыздың қалың малы көп болсын деген ырым.
  2. «Ит жейде кигізу (ит көйлек). Балаға қырқынан шыққанға дейін кигізетін жейдені «ит жейде» дейді. Қырқынан шыққан күні ит жейдесін шешіп алып оған тәтті, құрт-ірімшік түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары итті қуып ұстап, тәтті, құрт-ірімшіктерді таласа-тармаса жейді. Ит жейдені көбінесе баланың кіндік шешесі тігіп әкеліп жолын алады. Итжейде –дүние есігін ашқан нәрестенің алғаш киетін (қырқынан шыққанға дейін ) көйлегі. Әдетте итжидені «кіндік шеше» немесе «кіндік әке» болған адам нәрестеге жұмсақ кездемеден мол етіп, тігісін сыртына қаратып тігіп әкеледі . Нәрестенің ата –анасы оған көйлек ,шапан кигізіп ,қалжаға сойған малдың терісі мен төстігін беріп қайтарады. Бала қырқынан шыққан соң, кіндік шеше, кіндік әкелер , адал көйлек  деп ресми  бағалы кездемеден көйлек  тіктіріп  әкеліп кигіздіреді» .[11]
  3. Тұсау кесу. Бала бір жасқа толып, ақ босағадан енді ғана қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан, жүруге талпынған сәбиге арнап, ата-ана қадамың құтты болсын деп тілек тілеп тұсау кесу тойын жасайды. Оған ауыл адамдары, туыс-туған, көрші-қолаңдар шақырылып сыйлы сыбаға тартылады. Оның ішінде жолы жақсы ақ көңіл адамның біреуі тұсау кеседі, тұсау кесуші адамды баланың ата-анасы ел-жұртқа өнеге болатын адамдардан таңдап, сәбиіне соның жолын, жасын берсін деп тілек тілейді. Баланың аяғын ала жіппен немесе қойдың майлы ішегімен, иә болмаса қаулап өскен көк шөппен байлайды. Оны өткір кездікпен кесу керек. Ала жіппен байлап кесудің мәнісі ешкімнің ала жібін аттамай, адал өссін деген тілектен туған. Ал майлы ішекпен байлап кесу ешкімді жатсынбай майлы ішектей араласу, елгезек, бауырмал өссін дегенді білдіреді. Көк шөппен байлап кесу баланы көктей қаулап тез жетілсін, көбейіп-көктесін дегенді білдіреді. Тұсау кескен балаға ақ жол тілеп:

   Қаз-қаз балам, қаз балам,

   Тақымыңды жаз балам, — деп тілеу тілеген.

  1. Атқа мінгізу. Баланың буыны бекіп, төрт-бес жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын болғанда атқа мінгізу салты өткізіледі. Себебі ұлтымыз ат — ер қанаты деп түсінген ұрпақты ат үстінде ойнайтын етіп жетілдіру, жауынгер етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатынан туған. Балаларға арналып алдын ала ат дайындап ер-тұрман әзірлейді. Баланы атқа мінгізген күні арнайы атқа мінгізу тойы жасалады. Бұл қазақтың көшпенді тіршілігіне байланысты туылған салты.
  2. Сүндет той. Бұл той қазақ халқы арасында ислам діні тарағаннан кейін қалыптасқан. Ислам дінінің жол-жосыны бойынша ұл баланы бес жас немесе жеті жаста сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызу мұсылман болудың бірінші шарты ретінде қаралады. Той қарсаңында сүндеттелген баланың басына немесе иығына үкі тағып, атқа мінгізіп, жақын туыс-туғандары мен жекжат-жұраттарын аралатады, барған жердегі адамдар шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі тағылған кепеш кигізіп, ауыл-аймақтағылар тегіс шақырылып, мал сойылып, қазақтың ат бәйге, балуан, қыз қуу, теңге алу, жамбы ату, т.б ойын тамашалары мен салтанатты салттары өткізіледі. Сүндет той әр адамның әл-ауқатына қарай өткізіледі.
  3. «Тіл ашар. Баланың жаңадан балдыр-бұлдыр тілі шыға бастағанда ауыл ақсақалдары тілінен май тамған шешен, шежіреші, көш басы көсем болсын деп батасын беріп, баланың тілін шытпен созып аузына түкіріп жолын алу салты «тіл ашар» деп аталады».[12]
  4. Танабау тағу. Бала әкесіне немесе шешесіне ілесіп жұмыс басында қолқабысын тигізіп жүргенін көргенде, ел-жұрт жігіт болыпты, қажетке жарапты деп құттықтап танабау тағады. Танабауға тана, шыт, парша-парат ақша, т.б нәрселер беріледі. Танабау тағушыларды баланың ата-анасы шақырып қонақ етеді, мұны танабау тағу деп атайды.
  5. Айдар тағу. Қазақта ұл баланы зарығып жүріп көрген ата-ана ұлына кішкене күнінде төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны ертеде қазақта көп қолданған. Тарихи деректерге қарағанда, Кенесары мен оның немересі атақты Наурызбай батырда айдар болған екен. Бала он жасқа келіп айдарынан намыстанған кезде оның айдарын алып тастау барысында бірер мал сойып тойлайтын әдет болған.
  6. Тана тағар. Қыз балаға тұлым өріп, құлағын тесіп, тана тағу ырымы ертеден жалғасып келе жатқан салт. Тана тағарда туыс-туған, көрші-қолаңдарының әйелдерін шақырып шағын тамаша өткізіп береді, мұны қазақта тана тағар деп атаған.
  7. Тоқым қағу. Жеті- сегіз жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады. Сонда әке-шешесі бір малын сойып, ауыл аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды. Қазақ халқы дүниеге бәр перзент келсе,тек сол перзент келген отбасы ғана емес,бүкіл ауыл, ел-жұрт, туыс туған түгел мәре сәре қуанып, шашу апару. Бауы берік болсын айтуды кісілік парыз деп санайды. Перзент дүниеге келіп, оны құндақтап орап ,анасының қасына жатқызған соң, жолы, жасы үлкен бір әйел шашу шашады. Онда дүниеге келген перзент ұл болса:

«Айдарынан жел есіп,

Ат ойнатар ер болсын.

Мандайынан күн сүйіп,

Ақыл ойы мол болсын! –

деп жақсы мінез,жарасымды қасиеттер даруын тілейді.

Ал дүниеге келген перзент қыз болса,онда:

Жүзі айдай жарқырап,

Ауылға болсын өнеге.

Болып елге шам щырақ,

Жетік болсын өнерге!»[13]

-деп оны  білімді ,көрікті , өнерлі болуын тілейді. Бұл өмірге жаңа ұрпақ әкелген ана мен өмір есігін алғаш ашқан перзентке деген құрметпен игі тілек. Сондай-ақ адамдар арасында достық пен береке-бірлікті арттыратын өнеге. Отбасы – бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің негізгі құралы болып келеді. Сондықтан ол – адам үшін ең үлкен орта  «Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің кепілі. Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы».[14]

Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата – аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері  жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн ырғағы өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата — ана.  Бала үшін үй ішінен, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер  дейді халық даналығы.  Бала кішкентай кезінен — ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке — шеше жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Сөйтіп баланың бірте — бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз.  Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата — ананың беделін түсіреді. Ата-ана  бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез — құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ . Әке мен шеше ұл — қыздармен үй шаруасында жүріп — ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді.  Бала алдында әке — шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті — үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең — ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Осыған байланысты қылмыс түрлері де көбейіп жатыр. Оны төмендегі диограмма бойынша көруге болады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-4

Сурет  1. Қазақстан Республикасында соңғы жылдардағыжалпы  қылмыстың жай-күйі. (саны/%)

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз. Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата — анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай — шу мен дау — жанжалға, ұрыс — керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?! Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой.  Иә, ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің  демекші ата — ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата — ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың « Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді». [15] дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру — шынында да оның туған кезінен басталса керек.  Ал адамның адам болып қалыптасуында ата — анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар.  Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пәк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе — көлденеңдейді. Әрине, оның себептерін жан — жақтан іздеуге болады.  Ата — анасын жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды.  Ата — анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата — анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін.  Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата — ананың қолынан келе бермейді.  Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата — анасының уысынан шыққан соң өзін — өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер: адамзаттық құндылықтармен, біліммен қамтамасыз етіп, қаруландырады. Алтын бесік — отбасы болса, алтын ұя — мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен?  Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп арқылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан — жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты — ортақ, міндет — біреу.  Демек, мұғалім мен тәрбиеші қауымның қиындықтарға жиі кездесіп, үнемі толғаныста жүретіні де содан. Сондықтан кез келген мұғалім баламен байланысқа шықпас бұрын, оқу — тәрбие жұмысындағы қызметін өзін — өзі танудан бастағаны жөн.  Өзіңнің бала болғаныңды, өзіңнің ата — ана екеніңді, өзіңнің ұстаз екеніңді ой елегінен жиі — жиі өткізіп отырсаң, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.  «Дүниедегі ең оңай нәрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну. Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі».[16]

Ең бастысы, баланың жан азығына зәру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Абай атамыздың жетінші қара сөзінде. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген үлкен пәлсапалық ой жатыр. Яғни, балаға туғаннан тән азығы — тамақ қандай қажет болса, жан азығы — жылулық, сүйіспеншілік те сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай, түпкі мақсат ешқашан орындалмайтыны белгілі жәйт. Мұны мұғалім де, ата — ана да әсте естен шығармағандары жөн. Бала тәрбиесінде ата-бабаларымыз қандай әдістер қолданып еді? Енді соған тоқталайықшы. Бала тәрбиесіне атамыз қазақ еш уақытта енжар қарамаған. Тіпті Тәуке ханның «Жеті жарғы» Заңдар жинағында: «Ата-анасын туған баласы ренжітсе,  қарсы келіп, қол көтерген баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».[17]

Ал, кәмелетке жеткен баласы ата-анасына қарсы келсе, тіл тигізіп сөксе (қол жұмсамаса) — қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды тегіс айналдырып масқаралау керек  делінген. Еш ата-ана баласын жаман болсын демейді. Баласының өзгеден озық болғанын қалайды. Осыны жете түсінген ұл ата-анасына қарсы шықпаған. Әке-шешесінің ақылдарын миына сіңіріп өскен ұл бұзақылық жасамайтын, сотанақтық танытпайтын.  Әке-шешесі қартайған кезінде ұлы да, келіні де беттеріне жел боп тимеген. Бұның себебі, кішкентай кезінен «үлкенді, сыйла, оларға қарсы келме, айтқан ақылын тыңда» деген тәмсілді бойына сіңіріп өскендігінде жатқан жоқ па? Бұзақылық жасаған жігіттерге ру ақсақалдары қандай жазалар қолданған? Әрине, ертеде ата-бабаларымыз заманында ешқандай қылмыс жасамаған, бұзақылық болмаған – деуден аулақпыз. Ел болған соң, арасында бір тентек жүретіні заңдылық. «Қылмыс, бұзақылық, ұрлық жасағандарды ауыл ақсақалдары, ру басылары «дала заңымен-ақ» лайықты жазалап отырған».[18] Бұл сөзімізге Кеңес өкіметі орнағанға дейін осынау ұлан-ғайыр жерімізде бірде-бір түрменің болмауы дәлел. Рулық жүйе–қазақтың ұлттық конструкциясы екенін естен шығармайық, онсыз қазақ жоқ. Рулық жүйеге де, басқа қазақы қасиеттерге де  қорқа, жиіркене қараудың өзі – бұрынғы отаршылдық идеологияның біз құтыла алмай жүрген сарқыншақтары. Бүгінгі күн рулық жүйе қоғамның көптеген кеселдерін емдеуге мүмкіндік берсе, оны пайдалану керек. Ертеде қылмыс үстінде ұсталған жазықтыны жәбірленуші тарап өз білгенімен жазалай бермеген. Жәбірленуші тараптың ру ақсақалдары әлгі бұзақыны жетектеп, кінәлі тараптың ру басыларына барып, қылмысын мойнына қойған жағдайда, келтірілген шығынды ат-шапан айыбымен ру болып төлейтін. Мал ашуы – жан ашуы деген,  руындағы бір тентектің кесірінен алдындағы қарасынан айрылған ағайындары әлгі тентекті тез-ақ тезге салып отырған.  Бір тентегі ұрлық жасаса, ол бүтін бір рудың бетіне басылған таңба болып есептелген. Сондықтан өз ішіндегі телі-тентектерін тыю ру басыларының маңызды міндеті болғаны айтпаса да түсінікті.  «Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романында ұрлығын қоймай, тәртіпке көнбей жүрген Қабыш інісін ағасы Бабас шашын тықырлап алдырып, желкесінен маңдайына дейін қанжармен тіліп, және оң самайынан сол самайына дейін тағы тіліп, айшық таңба салып, басына жарғақ тұмақ, үстіне айналдырған тон кигізіп, елінен аластап қаңғытып жібермейтін бе еді. Нәтижесінде сотанақ, сотқар, ұры Қабыш таза кәсіпке бет бұрып, адал еңбекпен мал тауып, түзу жолға түспеуші ме  еді. Ал, түрмеге түскендердің түзеліп шықпайтыны бүгінгі күні аксиомаға айналып кетті емес пе?».[19]

ЖАСӨПІРІМДЕР  ҚЫЛМЫСЫ  және оның себептері: Қылмыс жасау жолына түскен өрімдей балалар, ересектер қылмысының негізін қалайды. Кәмелетке толмаған қылмыскердің бірқатар ерекшеліктері бар, атап айтқанда, олардың психологиясына тән ашушаңдық, ересектерге еліктегіштігі, қақтығыс жағдайларға бейімділігі. Сондай-ақ, жұмыс істемейтін, оқудан тыс қалған, бос уақыты мол кәмелетке толмағандардың көпшілігі қылмыс әлеміне жақын тұратынын атап айту қажет. Тәжірибе жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандардың негізгі бөлігі әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы қолайсыз отбасында, ата-анасының біреуі­мен ғана тұратын жасөспірімдер екенін көрсетті. Өркениет тарихының барлық кезеңінде кәмелетке толмағандар қоғамның ең жанды да нәзік мәселесі болып қалуда. Қажеттіліктерін заңды жолмен өтеу мүмкіндігі жоқ жасөспірімдер өз күштері мен мүмкіндіктері шамасында «ақша жасауға» кірісіп, негізінен меншік иесіне қарсы қылмыс жасау жолымен пайда тапқысы келеді.

«Кәмелетке толмағандар жасалатын қылмыстардың негізгі себептері:

– жасөспірімдер тәрбиеленіп отырған отбасылардың әлеуметтік жағдайы мен құқықтық мәдениетінің төмендігі;

– кәмелетке толмағандардың түрлі себептермен оқудан тыс қалуы;

– кәмелетке толмағандардың бос уақыты, тұрмыстық және еңбек жағдайы дұрыс ұйымдастырылмауы;

– қылмыстың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтар мен мектеп инспекторлары рөлінің төмендігі;

– жасөспірімдердің оқуды мерзімінен бұрын тастап кетуі.»[20]

Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстың алдын алу үшін ата-аналар және білім беру қызметкерлері жасөспірімдердің тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауы қажет. Ол – оң эмоционалды ықпал, материалдық игілік және дербес те сенімді қарым-қатынас, пән мұғалімдері өткізетін қосымша дәрістер. Жасөспірімдердің бойын­дағы қуатын игілікті арнаға бұру үшін спорттық және техникалық сабақтар үлесін көбейтіп, қоғамдық іс-шараларға тартудың мәні зор. Олардың өз күштеріне деген сенімділіктерін нығайту үшін табысқа жету салдарын дамытып, зиянды әдеттердің алдын алу және теріс қылықтарымен қатар араласатын ортасын қатаң бақылауда ұстау жақсы нәтиже береді. Кәмелетке толмағандардың мүддесі  үшін арнайы міндеттерді шешетін мамандан­дырылған соттар мен маман­дандырылған әлеуметтік қызметтер маңызды құрамдас бөлік болып табылады.

Соттардың дербестенуі және кәмелетке толмағандарға заң кеңесін беру жүйесінің құрылуы, осы органдар жұмысының барынша сапалы және нәтижелі жұмысын, кәмелетке толмағандарға ең қолайлы заң көмегін көрсетуді қамтамасыз етері айқын. Ресми статистикаға жүгінсек,  « Бүгінгі таңда 18 431 бала ішкі істер мекемелерінде «әлсіз топтар» (группа риска) есебінде тұр. Ал 2 654 жүгермекке әртүрлі қылмысы үшін үкім шығарылып, темір торға қамалған. Олардың 619 — ы – 14 пен 15 жастағы және 2035 — і – 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер.» [21]

Жағаңды ұстататыны сол «Бір ғана 2009 жылы «жынды судан» ұрттап алып, ақылынан алжасқан 16 жасқа дейінгі 360 жасөспірім жасаған қылмыстары үшін жазаға кесілген. Бұл бір. Екінші дәлел. Денсаулық сақтау министрлігінің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, еліміздегі 11 мен 16 жас аралығындағы бозбала — бойжеткендердің 180 000 — нан астамы (дәлірек айтсақ, 182 000) көк түтінге құмар. Ал егер осы жас аралығындағы барлық балалардың саны 1 млн 518 мың екенін ескерсек, бозбала — бойжеткендердің 12 пайызының ағзасы никотинмен уланды деп есептеу керек. Онымен қоса, кішкентай есірткі құмарлардың қатары да көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп барады. Мысалы, тіркеуге алынған 3 681 (ал алынбағаны қаншама?..) нашақор, токсикоман және психотроптық заттарды. тұтынушылардың 600 — ден астамы – 14 жасқа дейінгі жас өскіндер. Әрине, қоғамдағы қылмыстың «жасаруына» соңғы кездері әлеуметтік жетімдіктің қанатын кеңге жаюы да ықпал етуде. Өйткені арақтың кесірінен шаңырағы құлаған жандардың балалары далада қалып, қаңғыбас, қайыршы, ұры — қарылардың қатарын толықтыруда. Мұндайлардың әзірше ресми тіркелгені – 6 123. Бұл сан осыдан екі немесе үш есеге көп болуы да мүмкін».[22]

Бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Бірақ бүгінгі танда жасөспірімдер ғана емес, әйелдерге де қатысты қылмыстар көбеюде. Оны төмендегі диограмма дәлел.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-5

Сурет 2. Қазақстан Республикасында 2010-2014 жыыл бойынша тіркелген қылмыстар саны.(саны/адам)

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.  www.stat.gov.kz

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым, алкоголь, наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді – кездесулер; ойын — сауық, би кештері; рок — концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын — сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады. Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс — әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс — әрекетінің егжей — тегжейін жазып,  жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары, қандай — да бір қылмыс түріне қатыстықтары болмаса да, айғай – шулы әрекеттерімен түнгі тыныштықты бұзатындары үшін үлкендерді жиі дүркілендіретін хипперлер, металистер, мотоциклистер сияқты бейресми топтардың жағымсыз қылықтары баспа сөз беттерінде әртүрлі пікірталастарын туғызып, олар туралы белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастырып жататын. Яғни, жағымсыз қылықтарына жасөспірімдердің тәртібі, мінез — құлқы, тұлға ретінде қалыптасу мәселелері көпшілікті ойландыратын.  Көп болып, олардың жаман жолға салынып кетпеуіне ат салысатын.  Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездесетіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым — қатынаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс — әрекеттер бір — бірімен тығыз байланыста болады. Қаршадай қылмыскерлердің қатарының көбеюі қазақ қоғамындағы санасы ояу жандардың барлығын қатты алаңдатып отыр. Компьютерлік ойындардың лас экспансиясы күннен — күнге күшейіп келеді. «Жұмыртқадан жүн қырыққан» кейбір пысықайлар балалардың болашағына балта шабу арқылы байып жатыр.  Компьютерлік құмарлыққа  заң жүзінде шектеу қоятын кез келді. Жасыратыны жоқ, бізде ең алдымен заң әлсіз. Ал заңы әлсіз елден зар кетпейді. Бір жылдары білім және ғылым министрлігі балаларға арналған ұлттық компьютерлік ойындардың шығарылатынын айтып, жалпақ жұртқа жар салған. Алайда оның арты сиырқұйымшақтанып кетті. Ештен кеш жақсы. Бүгінгі байлам – қаршадай қылмыскерлерге қарсы күресті күшейтуіміз керек. Әйтпесе құрдымға құлатар қылмыстың арыны қатты. Бүлдіршіндеріміздің санасын жұлқылап жатқан сұмдықтарды саусағыңызды бүгіп санай беріңіз: арақ, есірткі, темекі, компьютер, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнем ата — ана.. бұның бәрі қылмысқа алып келетіні белгілі болды.

«Биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші артқан. Шамамен 11 пайызға». [23]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-6

Сурет 3.  Қазақстан Республикасында соңғы жылдардағы қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жұмыстың жағдайы туралы

Ескерту-мәліметтер www.adilet.gov.kz   

 Бұл мәліметті Ішкі істер министрінің өзі жариялады. Сорақысы сол, бұрындары жастар арасында бұзақылық пен ұрлық фактілері көп кездесетін болса, қазіргі таңда жасөспірімдер адам тонау, біреудің меншігіне қол сұғу, тіпті кісі өлтіруге дейін баратын болыпты. Ең көп қылмыс саны Астана қаласы, Атырау, Алматы және Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Бүгінгі күні еліміздегі барлық орта білім беретін оқу ошақтарының қырық алты пайызы ғана мұндай мамандармен қамтылған. Қосымша тағы мың сегіз жүз елу қызметкер керек. Сондықтан Ішкі істер министрі облыс әкімдерін осы мәселеге аса көңіл бөлуді сұрады. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ. Адамның бақыты — балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылы 341 291 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2% аз. Республикада қылмыстылықтың деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда тіркелген қылмыс 198-ді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыстар санының төмендеу тенденциясын көреміз (17,5%ға). 2014 жылы қылмыс құрылымында оның үлесі 8,8% құрады (2013ж. — 10,1%), ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар сәйкесінше 79,6% (77,6%) және 11,6% (12,2%) құрады. Тіркелген қылмыстар арасында жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың үлес салмағы жоғары — 79,5% (2013ж. — 77,9%), оның көп бөлігін біреудің мүлкін ұрлау құрайды — 207,0 мың оқиға (2013ж. — 210,2). Бұл топтағы қылмыстар бойынша өткен жылмен салыстырғанда алаяқтықтың өсуі байқалатындығын атап өткен жөн — 2,2%.Жалпы қылмыстардың барлық түрінде төмендеу тенденциясы байқалады, алайда қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған. қылмыстар тобының ішінде террористік сипаттағы қылмыстар санының едәуір өсуі байқалады, былтырғы жылмен салыстырғанда 31,7% өсті және 2014 жылы 79 оқиғаны құрады. Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 106,9 мың адамды анықтады (2013ж. қарағанда 4,2% көп), қылмыстық жауаптылыққа 44,0 мың адам тартылды (2013ж. қарағанда 11,7% аз). Қылмыс жасап анықталған адамдардың көбісін жұмыссыздар құрады – 79,9% (2013ж. – 77,9%). Орташа есеппен Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір алтыншы адам алкогольді масаң күйде болған, әр бесінші адам топ құрамында жасаған.2014 жылы сотталғандардың саны 23,6 мың адамды құрады, одан 36,5%-ы меншікке қарсы жасалған қылмыстары (қарақшылық, тонау, ұрлық) үшін сотталған 7,4% — есірткімен байланысты қылмыстар үшін және 6% — денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін Қазақстанда қылмыс жасаушылардың саны артып барады».[24] Ресми мәлімет қылмыскерлердің көбі жұмыссыздар екендігін айтады. Әйелдер мен кәмелетке толмаған балалардың арасындағы қылмыс да көбейген. Биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші артқан. Шамамен он бір пайызға. Бұл мәліметті Ішкі істер министрінің өзі жариялады. Сорақысы сол, бұрындары жастар арасында бұзақылық пен ұрлық фактілері көп кездесетін болса, қазіргі таңда жасөспірімдер адам тонау, біреудің меншігіне қол сұғу, тіпті кісі өлтіруге дейін баратын болыпты.

Кесте 1. Қазақстан обылыстарының жасөспірімдер  қылмысы туралы (саны/адам)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-10

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми сайтынан алынды. www.sunews.kz

 «Ең көп қылмыс саны Астана қаласы, ШҚО, Алматы және Павлодар облыстарында тіркеліп отыр. Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі -Жасөспірімдер ісі жөніндегі қызмет мамандарының бақылауында 11 мыңнан астам жасөспірім есепте тұр. Қәзіргі кезде бала тәрбиесінің дұрыс қадағаланбауы,балаларға отбасы дәстүрлерінің, қазақтың салт дәстүрлерінің дұрыс берілмеуі жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюіне әкеліп отыр. Оған мына төменгі статистикалар арқылы көз жеткіземіз. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылы 341 291 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2% көп. Республикада қылмыстылықтың деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда тіркелген қылмыс 198-ді құрады.»[25]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-7

Сурет 4. Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдардағы  қылмыстар саны

Байқағандарыңыздай, статистика көңіл көншітіп тұрған жоқ. Жылдан жылға қылмыс саны өршімесе, кемімегенін байқаймыз. Қылмыстың артуының негізгі себептері – шешімін таппаған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, идеологиялық және тәрбие жұмыстарының жүргізілмеуі. Көңілге бір жұбаныш боларлығы қылмыстың ашылу деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстың алдын алу үшін ата-аналар және білім беру қызметкерлері жасөспірімдердің тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауы қажет. Ол – оң эмоционалды ықпал,  материалдық игілік және дербес те сенімді қарым-қатынас, пән мұғалімдері өткізетін қосымша дәрістер. Жасөспірімдердің бойын­дағы қуатын игілікті арнаға бұру үшін спорттық және техникалық сабақтар үлесін көбейтіп, қоғамдық іс-шараларға тартудың мәні зор. Олардың өз күштеріне деген сенімділіктерін нығайту үшін табысқа жету салдарын дамытып, зиянды әдеттердің алдын алу және теріс қылықтарымен қатар араласатын ортасын қатаң бақылауда ұстау жақсы нәтиже береді. Кәмелетке толмағандардың мүддесі  үшін арнайы міндеттерді шешетін мамандан­дырылған соттар мен маман­дандырылған әлеуметтік қызметтер маңызды құрамдас бөлік болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің  түкпір-түкпірінде елдің тынышын алып, бұзақылыққа ден қойғандардың қатарында әсіресе  жасөспірімдер баршылық. Ал, қоғамда қылмысты белінен қырқып қолға алмаса, қоғам ақсап, ағайындар арасында алауыздық туып, елдің берекесі қашуы мүмкін. Сонда, бұзақылық пен қылмыстың мұншалықты өршіп, белең алып кетуіне не себеп?

Айта берсек, мың сан түрлі себеп табамыз. Тәрбиенің босаңсуы, жастар арасында өзімбілермендік белең алып, әке-шешені, үлкенді тыңдамауы, шет елдік атыс-шабыс киноларының  өскелең ұрпақ тәрбиелеуде тигізетін кері әсері т.б. Тізе берсек, толып жатыр. . Көңілге бір жұбаныш боларлығы қылмыстың ашылу деңгейі жылдан-жылға артып келеді.

Қорытынды

Қорыта келе, ата салтың – асыл қазынаң  жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек. Сол жұмыстың бір тамшысы ретінде ұлттың тәрбие ісіндегі «Бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүр» туралы жаздым. Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Балаға қатысты салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені. Мен бала туған күннен бастап ересек жасқа толғанға дейін атқарылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері толық қамтылатынына көз жеткіздім. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті,мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт — дәстүрге, оның бала тәрбиесіне  ерекше мән беруіміз керек. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек. Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

Іздену жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:

Туған соң адам боп, Бауырласқан тәніміз,

Білімсізден жаман жоқ, Бұзылмаған антымыз.

Ел дәстүрін білмесең, Кең даланың ежелгі,

Жұрт айтады надан деп. Қазақ дейтін халқымыз.

Ата-бабаң ардақты, Өзге ұлттай біздің де,

Жамандыққа бармапты. Бар дәстүр мен салтымыз.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. Алматы, 2012, -30бет.
  2. Мұхаммед.Д.Ә. Ана мен бала. Алматы 2012, 53бет
  3. Макаренко А.С. Шығармалар жинағы, 2013 .112бет.
  4. Б.И.Иманбекова. Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігі. Алматы, 2009. 145бет.
  5. К.Исламжанұлы. Тал бесіктен жер бесікке дейін.2015. 5бет
  6. 17наурыз2017. http://www.kt.kz
  7. Биекенов.К.,Сыдырова М. Әлеументтанудың түсіндірме сөздігі Алматы 2017. 150бет.
  8. Керімбаев.Р Табиғат.Бала.Тәрбие. Алматы2011. -85 бет.
  9. Р.М.Қоянбаев.Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны.Алматы 2015.-124бет
  10. 1Қоңырбаева С. «Отбасы: бала мен ата-ана», Алматы, 2016.-206бет
  11. http://www.bolashak.gov.kz/index.php/kz/pretendentu/trebovaniya
  12. Қожағұлова.Ғ.Қ Бала тәрбиесі Алматы,2011. -178бет
  13. Әлімбаев.М. Халық-ғажап тәлімгер. А.Рауан,2014 -10бет
  14. Омарова.Р.С. Халық тәлімі-тәрбие бастауы. Қазақстан мектебі,2010.-255бет
  15. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет
  16. Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы, 2011 -96бет
  17. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә. Педагогика. Оқулық. –
    Астана:2010 -201бет
  18. «Бала тәрбиесіне-отбасы дәстүрінің маңызы» Егемен Қазақстан — 2016жылғы  23
  19. ақпандағы -4 бет
  20. Алауханов Е. ’’Қылмыс және қылмыстық әрекет»//Заң, №8,2010ж, 30-33бет
  21. Науымов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы,Астана,2011 10-11бет
  22. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім) Алматы,2013 -45бет
  23. Н. Құдайбергенова. «Отбасындағы бала тәрбиесі» , Халық газеті, 22

қараша 2012 жыл, 5-бет.

  1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000376 сайтынан алынған
  2. http://egemen.kz/2013/?p=8002 Егемен Қазақстан газеті сайты

Құрастырғандар: Керімбай Б., Жұмахан Ұ.

 

 

Яндекс.Метрика