БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАДАҒЫ  БАҒА САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мазмұны

Кіріспе

Бәсекелестік ортадағы  баға саясатының қалыптасуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі нарықтық баға барлық механизмнің негізгі элементтерінің бірі болып баға табылады. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы  алсақ, нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе, сұраным мен ұсыным  нарықтық баға әсерінен үнемі ауытқып отырады. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру фирма иегерлеріне ғана емес, күнделікті өмірде тұтынушы болатын өзімізге де қажеті зор. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы осында десек, артық айтқандық болмас. Бағаның құрылуы пәні көптеген жоғарғы оқу орындарында еніп отыр. Жалпы баға күрделі экономикалық категория болып табылатынын экономика курсынан біліп келудеміз. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді.

Бәсекелестік ортада жұмыс жасау үшін, зор шығындарға тап болмас үшін, керісінше, табысқа жету үшін баға белгілеуді білу қажет. «Экспорт және импорт  тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы мен ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауа бағасының жіктелуі экспорт пен импорт тауарларының ішкі бағасы және оның негізгі тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық эәне импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.  Кәсіпорынның баға саясатының мәні бұл бағаның ұтымды деңгейін және құрылымын қалыптастыру, қолдау және нарық жағдайында мүмкін болатын мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар және нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады. Баға нарықтық экономика жағдайында – кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді. Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мәселесі – бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің көзі. Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру – кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады».[1]

Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайтынын ескеріп, ол сонымен қатар, кәсіпорынның кірісі мен шығысы, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайды деген тұжырымдамаға келеміз. «Баға құрылуы – фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал. Кәсіпорындарда белсенді және белсенді емес баға саясатын бөледі. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады».[2]

Сондықтан, түсінуіміз бойынша,бағаның көмегімен кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы табысқа қол жеткізуге болады. Бағаны дұрыс белгілеуді, оны әсіресе қазіргі, нарықтық экономикада қалай жағдайында білу аса маңызды. Бәсекелестік ортадаға бағаның дамуын білу – тәжірибе жүзінде ғана емес, болашақта еліміздің экономикасына игі әсерін тигізетін ақпарат деп тұжырымдаймын.

«Ұзақ мерзімде пайданың барынша мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда мен нарық үлесін қисындастыру жолын іздеу, баға белгілеудің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Көбіне, бәсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: айталық ірі өнеркәсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-ға жоғалтты. Бұл компанияның кейбір өндірістік қуаттары өндірістік үдеріске қамтылмай қалғанымен, баға деңгейін ұлғайту табысты 70%-ға арттырды. Осының негізінде, аталған компания өз өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың бесеуінің төртеуі өнімді бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға артық бағалайтындығын анықтады. Компания осы құндылықты, өзінің нарықтағы шамадан тыс үлесін құрбан ете отырып, сақтап қалды. Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан, құнның ауқымды үлесін алу болып табылады. Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б. Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Аталған баға саясаты мақсаттары әр түрлі уақытта, әр деңгейдегі бағамен, жүзеге асуы мүмкін, олардың арасындағы арақатынас әр түрлі болғанымен, олардың барлығы кәсіпорынның жалпы мақсаты – пайданы ұзақ мерзімді ұлғайту мақсатына қызмет етеді».[3]

Баға саясатының қалыптасуы және оның іске асырылуы кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты екенін білу қажет. Себебі, әрбір кәсіпорынның немесе фирманың негізгі мақсаты – тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізуекенін білеміз. Баға саясатын қалыптастыру және табысты іске асыру үшін белгілі бір кәсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мәселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер жұмыс жасайды. Яғни, олардың қызметі бағаны дұрыс белгілеу болып табылады. «Бұл қызметтерге ақпарат жинау, сатып өткізу көлемін жоспарлау, жарнама кампанияларын жүргізу, тауар маркасының имиджін қалыптастыру, ақпарат тарату жатады. — «паритет» бағаларын белгілеу жағдайында бәсекелестерімен жасырын келісім-шартқа отыру немесе көшбасшыға бағыт алу қарастырылады. Белгілі бір жаңа өнім нарықта орнықты орын алғаннан кейін, баға белгілеудің міндеттері өзгереді. Инновациялық салада бәсеке пайда болысымен, жаңашыл фирма және оған еліктеушілер, нарықта өздеріне позицияларды иелене бастайды және оны қорғауға әзірленеді. Аталған кезеңде олардың әрқайсысы бір-біріне қарама қарсы келесі екі стратегия аралығында орналасқан өткізу концепциясын іріктеп таңдап алады. Олар: өнім оригиналынан толығымен өзгешеленетін стратегия және өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясы. Бірінші стратегия бойынша, фирма өз тауары үшін бірден-бір өте сирек белгілерді істеуді көздейді. Ол өнімнің өсу сатысында қалыптасатын ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, сатып алушылардың көнілдерін аудару мәселелерінде өз жағдайын жедел нығайта отырып, өнім арқылы іске асатын оригиналды идеялармен басым жабдықтаушы болуы қажет».[4]

Соңынан, бәсекенің біртіндеп ұлғаюына байланысты, оның өте сирек белгілері тауардың құндылығының нәтижесі ретінде көрініп, бәсекелестердің санының көбеюіне қарамастан, фирма үшін тиімді баға белгілеуге мүмкіндік жасайды. Мұнда, баға белгілеудің ролі, сатып алушылар қасиеттері өте сирек деп есептейтін, тауарды өндіруден пайда алу ретінде қарастырылады.Баға белгілеуде бірнеше әдістер бар.

«Өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясына байланысты фирма өзінің күш жігерін шығындарды ең төменгі деңгейге жеткізуге бағыттайды. Өйткені, нарықтағы баға бәсекелестігіне қарамастан, тауардың өзіндік құнының төмен болуы пайда алуға мүмкіндік туғызады деп болжайды. Өндірістік шығындар бойынша озат болуға бағдарланғанда, нарыққа дендей ену бағасын, көптеген жағдайларда пайдаланбаған дұрыс. Егер, шығындардың төмен деңгейі бойынша артықшылық, мол көлемдегі тапсырыстарға қызмет көрсетуде қолданылмайтын болса, егер, сатып алушыларды өнімнің бағасына қарағанда, оның сапасы және сенімділігі мен беріктігі қызықтыратын болса, баға белгілеуде бейтарап стратегия қолданылады».[4]

Бағаны белгілеуде баға стратегиясын пайдаланған жөн. Сондықтан баға стратегиясына толығырақ тоқталсақ.

 «Баға құрылуы стратегиясы – бұл кәсіпорын өндіретін өнімдердің нақтылы түрлеріне нарықтық баға белгілеу жағдайында негізге алынатын факторлар мен әдістер жиынтығы. Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру көптеген іс-шаралар мен есептеулерді қамтиды: Кәсіпорын өнімдерін өндіру және өткізу шығындарының оңтайлы шамасы анықталынады. Тұтынушылар үшін кәсіпорын өнімінің пайдалылығы және тауарға белгіленетін баға деңгейінің сай болуы шаралары негізделеді. Кәсіпорын үшін өндірістің неғұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін өнімді өткізу көлемі және нарық үлесі шамасы анықталынады. Баға саясатын және кәсіпорын стратегиясын әзірлеу түпнегіздік ақпарат жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияны тұжырымдау сияқты кезеңдерден тұрады.

  • Түпнегіздік ақпарат жинақтау кезеңінде шығындарды бағалау, тұтынушылар туралы ақпарат, бәсекелестер туралы деректер мәселелері қарастырылады.
  • Стратегиялық талдау кезеңі барысында алдын ала жинақталған ақпарат талапқа сай талдауға түседі».[5]

Жоғарыда аталған мәселелердің шешімін тапқаннан кейін, фирма үшін неғұрлым үйлесімді, бағалы, басқаларға қарағанда артықшылығы бар қорытынды баға стратегиясын қалтастыру қажет болады. Қолайлы баға стратегиясы, ол келешектегі бизнесті басқару жоспары болып табылады. Бұл қиын әрі күрделі процесс болғандықтан, оған аса көңіл бөлу қажет. Сол себепті барлық ерекшеліктерді  есепке ала отырып, фирма иегері фирмасына жеке, дербес стратегияны қалыптастырғаны жөн. Тек сонда ғана, баға стратегиясы негізінде қалыптасқан нақты баға жоғары деңгейде пайда әкеледі деп есептеймін.

 «Баға саясатының мақсаттары оның стратегиясы мен оперативті-тактикалық құралдарын анықтайды. Баға саясаты өзінің негізін стратегиялық базаға ие болуы керек. Стратегиялар ұзақ мерзімді болу керек және баға саясаты құралдары арқылы ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету керек. Баға стратегиясының бастапқы бөлімінде «стратегиялық үшбұрыш» «фирма -тұтынушы — бәсекелес» болуы керек. Баға саясатының мақсаттары оның стратегиясы мен оперативті-тактикалық құралдарын анықтайды. Баға саясаты өзінің негізін стратегиялық базаға ие болуы керек. Стратегиялар ұзақ мерзімді болу керек және баға саясаты құралдары арқылы ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету керек. Баға стратегиясының бастапқы бөлімінде «стратегиялық үшбұрыш» «фирма -тұтынушы — бәсекелес» болуы керек. Кез келген кәсіпкер өз тауарына баға белгілейді және оны өзінің мақсаттарына жету үшін қажет құрал, бәсекелестік саясатының бір элементі ретінде қолданады. Баға белгілеудің кәсіпорын үшін немесе фирма үшін маңызы зор, ал қазіргі кездегі баға саясаты алуан түрлі. Баға тұтынушылық шешімдерді қабылдауда ең маңызды критерий болып табылады». [6]

Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, өмір сүру деңгейі төмен елдерде, халықтың кедей бөлігі үшін, сонымен қатар халықтың көп сұранысына ие тауарлар үшін бұл өте әділ жол деп ойлаймын. Өйткені баға бәсекелестік ортада ең маңызды және ең шешуші, нарықтың жалпы жағдайына және кәсіпкердің табысына әсер ететін фактор болып қалуда. Әдетте, көп кәсіпкерлердің баға саясаты толық аяқталмаған және көп қателіктерге толы болатынын ескеріп, олардың арасындағы кең таралғандарын мысалға келтірейік: баға белгілеу көбінесе шығындарға негізделген. Айтылғандар қазіргі кездегі болып жатқан Қазақстан кәсіпорындарына да қатысты.  Компания нарықта баға мен сапа арасында дұрыс баланс тауып, өз тауарын нарықта орнықтыру қажет. Баға белгілеместен бұрын кәсіпкер алдымен ұсынып отырған өнім көмегімен қандай мақсаттарға жетуге болатынын анықтау қажет деп ойлаймын. Баға белгілеудегі кәсіпкердің қандай мақсаттарды көздейді деген заңды сұрақ туындайды. Жауап табар болсақ.

«Баға белгілеуде кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттарына мыналар жатады: Фирманың алдағы уақытта өмір сүруі. Қиындықтар шығындардың көптігінен, тұтынушылардың қалауының өзгергендігінен пайда болуы мүмкін. Сол кезде, өндірісті жалғастыру үшін немесе қорды жою үшін кәсіпорын жиі бағаны төмендетеді. Ал табыс өз маңыздылыған жоғалтып алады. Баға тұрақты немесе өзгерген шығындарды жапқанша, өндіріс жалғастырылуы мүмкін. Ал фирманың өмір сүру кезеңін жалғастыру идеясы тек қана қысқа мерзімді мақсат бола алады.Табыстың қысқа мерзімді көбейтілуі. Көп кәсіпкерлер өздерінің өніміне ең жоғары табыс әкелетін баға көрсеткішін қойғысы келер еді. Алайда, бұл мақсаттарды жүзеге асыру да кейбір мәселелермен байланысты. Осылай, сұраныс пен шығын функцияларын алдын ала біліп қойған дұрыс. Бұл мақсатты орындау барысында табыстың қысқа мерзімне қойылады және басқа да маркетингтік стратегияларды анықтайтын ұзақ мерзімді жетістіктер ескерілмейді. Өнімді мейлінше жоғарылату. Бұл мақсаттың соңындағы кәсіпкерлердің ойынша, өнім көлемінің жоғарылауы шығындардың бір бірлігінің азаюына алып келеді, ал бұл табыстың көбеюіне алып келеді. Баға деңгейіне сезімтал болып келетін нарық жағдайына байланысты мұндай кәсіпкерлер ең арзан деген бағаны қолдануға тырысады. Мұндай тәсіл «нарыққа бастаудың бағалық саясаты» деп аталады. Бұл тәсілді қолданушы фирмалар арасында — «Texas Instruments» бағаны мейлінше төменгі деңгейге түсіріп, шығындардың бір бірлігінің азаюына ұмтылады. Сонымен қатар төмен баға саясаты тек қана қажетті шарттардың орындалуы кезінде ғана тиімді нәтиже береді, ал нақты айтсақ: нарықтың бағаға сезімталыдығы жоғары болуы қажет; өндірістің шығындарын азайтуды тек қана өндіріс көлемін ұлғайтумен жүзеге асыруға болады; бағаның төмендетілуі бәсекелестерді шошытып, олар ондай тәуекелге бармайтынына сенім болуы керек.  «Қаймақ қалқып алу» жоғары баға орнатумен жүргізіледі. Атақты фирма «Du Pont» өзінің нарыққа шығарған тауарына — целлофан, нейлон, тефлон және т.б. мейлінше жоғары баға орнатады. Мақсатты нарықтың кейбір сегменттері шығындардың азаюын жоғары бағаны пайдалана отырып та алады. Берілген баға кезіндегі өткізудің барлық азаюы бағаның төмендеуіне алып келеді. Бұл келесі деңгейдегі (яғни бір сатыға төмен) тұтынушыларды шақыруға септігін тигізеді. Осылай ол мақсатты нарықтың эрбір сегментінде тиесілі айналымға ие болады. Сападағы жетекшілік. Сапа жағынан жетекшілікке ие болған фирма сапаны жоғарылатуға кеткен жоғары шығындар мен НИОКР-ға қажетті шығындарды жабу үшін жоғары баға орнатады. Сапа жөнінен жетекші фирма — «Caterpillars». Ол жоғарғы сапалы құрылыс машиналары мен өте жоғары деңгейдегі сервистік қызмет көрсетуді ұсынады. Бұл фирма өзінің беделін пайдалана отырып, жетекшілік мақсаттарын бәсекелестеріне мейлінше жоғары баға белгілеп те жете алады».[7]

Баға саясатының  мақсаттары белгілі бір жүйемен бір-бірімен қатынасады, алайда барлық жағдайда  келісе бермейді. Бірақ барлық бірігулер жалпы, негізгі мақсатқа жету үшін, үзақ мерзімді табыс алу үшін қолданылу керек. «Баға құрамындағы өзіндік құн өндіруші кәсіпорындар үшін тауарлы  маңызы бойынша негізгі элемент болып өзіндік құн табылады. Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық  қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні».[8]

 Баға құрамындағы шығындар бағаның төмен деңгейіне әкелетінін ескерер болсақ, шығынның да құрылымын білу маңызды болып табылатын түсінеміз. «Шығындарды төмендету шаралары олардың құрылымын түсінуге негізделіп, тауарлардың бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік жасайды. Сондықтан өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар. Тұрақты немесе үстеме шығындар үнемі түрде болады және олар өндіріс көлеміне байланысты емес. Бұл жылуға, электрқуаттылығына, жалға және т.б өндіріске жағдай жасаумен кететін шығындар.Үлестік (бір бұйымға) тұрақты шығындар келесі формула бойынша анықталады. Кәсіпорын үшін жекелеген бұйымдардың өзіндік құнын есептеп білгенше,жалпы тұрақты шығындардың көлемін анықтаған маңызды. Оны анықтау есептік жолмен калькуляция жасауға қарағанда жеңілдірек. Өндірістің шағын көлемінде өнімнің бөлек түрлерінің өзіндік құнының орташа көрсеткіштері тұрақты шығындар есебінен құралады. Өндіріс көлемі өсе келе тұрақты шығындар өндірілген тауардың көп саны арасында үлестірілетіндіктен орташа шығындар төмендейді. Өзгермелі шығындар өндіріс көлемінен тікелей байланыста өзгереді».[9]

 Тауардың бірлігінде әдетте бұл шығындар өзгермейтінін ескере отырып, ал олардың жалпы сомасы өндірілген тауарлар көлеміне байланысты өзгереді.

«Шығындарды есептеудің жүйесі мемлекеттік баға қалыптастыру мақсаты үшін толық өзіндік құн калькуляциясы мен жалпы нақты шығындар туралы ақпараттар алудағы орталықтан басқарылынатын экономиканың талаптарын қамтамасыз ету мақсатына бағдарланған. Өндіріс пен баға шығындарын төмендетуге ғаламды түрде ынта болмады, жалғасынша кәсіпорында да өзіндік құнды басқару лайықты деңгейді қамтымады. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарда нарықтық жүйеге лайық «стандарт-кост»,«директ-кост», «маржинал костинг»жүйесі енгізілген. Соған сәйкес фирмалар тек өзгермелі шығындар есебін жүргізеді. Тұрақты шығындар болса, салық салудан бұрын алынатын пайда құрамына енгізілді. Бұл нарықтық жағдайларда  жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда өндіріс қуаттары жүктемесінің құбылу жағдайлары пайда болып, сату көлемі мен өнімнің өзіндік құнының деңгейіне әсер етуімен түсіндіріледі. Толық емес құн негізінде бекітілген баға, толық шығындар негізінде есептелгеннен төмен болады, сонымен қоса ол сатып алушылар үшін тартымды болады».[10]

Шығындардың құрылымына тоқталатын болсақ, оларды өзгермелі, тұрақты деп бөлуге болады. Оларды үлестіру әдісі бойынша жіктейді. Бұл кезде калькуляциялық баптар бойынша жүзеге асырылады.

«Калькуляция — тауар  бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар  бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын анықтайды. Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы арқылы жүзеге асырады. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді. Өнімдерді өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес элементтерге топтасады.Олар:

  • материалдық шығындар;
  • еңбек төлемі шығындары;
  • сақтандыруға аударымдар;
  • құралдардың тозуы;
  • басқа да шығындар».[11]

 Ал жеке-жеке элементтерге келер болсақ, материалдық шығындар элементіне шикізат пен негізгі материалдар; сатып алынатын бұйымдарға  жартылай полуфабрикаттар жатады. Қосалқы материалдарға өндіріс қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар жатқызылады. Ал еңбек төлемі шығындарына: еңбекақы, өтемдік төлемдер, натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.

 «Сақтандыру аударымдары элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%). Құралдардың  тозуы элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі. Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары,өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады. Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалаы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді. Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады. Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар. Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады». [12]

Мәселен, кәсіпорын өз тауарларына ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады. Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады, және бұл баға бойынша басқаларға қарағанда жоғары сатуға ие болады. Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін баға саясатын құрады. «Баға құрамындағы пайда өз өнімін бекітілген бағамен өткізе отырып, қандайда болмасын кәсіпорын тек қана өндіріс пен өткізу шығындарын өтеумен шектелмей, нарық жағдайында қызмет етуге мүмкіндік беретін пайда көлемін алуға тырысады. Пайда бағаның маңызды элементтеріне жатады. Пайда –бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі. Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады. Алынатын пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді. Салықтарды төлегеннен кейін таза пайда белгіленген арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді». [13]

 Кәсіпорын кадрлерді дайындау және қайта дайындауды, жобаларды жүзеге асыра алады. Ал тұтыну қоры есебінен кәсіпорын жұмыскерлерге әлеуметтік төлемдердің жоғарлауын және де мекемелерді қамтамасыз етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпорын үшін пайда  оның даму үшін керек және өндірістің  қамтамасыз етеді.

«Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың  екі негізгі көзі бар.Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет. Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсекеге қабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді». [14]

Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген табыс әкелуге түрткі болатын қозғаушы күш екені барлығына мәлім. Өнімнің жекелеген түрлерін өндірудің салыстырмалы экономикалық тиімділігін сипаттау үшін пайданың шамасы жеткіліксіз. Алынған пайданы кеткен шығындармен салыстыру қажет. Көп жағдайларда пайданың мөлшері тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі нәтижесінде нарықта қалыптасады және ол көптеген факторлардан, шаруашылық соны жүргізу уақытынан, кеткен шығындар әсерінен өзгеруі мүмкін. Әдетте, жасалған мәміленің немесе келісімшарттың  көлемі ұлғайған сайын, оның құрамындағы пайда үлесі аз болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық шығындар, еңбек және тозу шығындары және т.б болғандықтан, оған белгіленген баға ең жоғарғы деңгейде болады. Мысал ретінде еліміздің сыртқы сауда тауар айналымын алар болсақ, сыртқы сауда тауар айналусымымы өткен жылғы көрсеткіштер төменде берілген:

Кесте 1. Сыртқы сауда айналымы өткен жылғы тиісті айға, %-бен

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b511

Ескерту: Мәліметтер http://stat.gov.kz/getlmg?id=ESTAT105722ресми сайттан алынды

«Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап). Баға құрамына келесі салықтар кіреді:

  • Әлеуметтік;
  • Қосымша құн салығы;
  • Акциз.

Әлеуметтік салық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік- экономикалық немесе мәдени аяларын дамытуға не материалдық қолдауға бағытталған бюджетке төленетін аударымдар. Әлеуметтік салық зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа, әлеуметтік сақтандыру қорына, жалпы медициналық сақтандыру қорына, жұмысбастылықты қолдау қорына аударымдарды, автокөлік жолдарын пайдаланушыларды аударымдарын біріктірді. Нарық типтеріне байланысты сатушы  баға қалыптастырғанда  әр түрлі деңгейдегі еркіндікте болады.  Экономистер нарықтың түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы  баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады». [15]

Бәсекелестік ортада ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың немесе бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Жеке сатып алушы немесе сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын  тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен  сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық  тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын көретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Жаңа бәсекелестің  нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайды. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді.

 «Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек».[16]

Баға құрылымы негізінде күрделі болып келеді.Баға тек шығындарды қайтару,  не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. «Баға – ол айырбас барысында белгілі тауарға ие болу мақсатында тұтынушы қиюға дайын ақшаның саны, немесе игіліктердің, құндылықтардың қосындысы. Баға барлық уақытта ақша түрінде  болмайды. Баспа-бас айырбас натуралдық айырбастаудың ерте уақыттағы түрі. Баға белгілегенге дейін кәсіпорын өзінің тауарлық стратегиясын анықтауға тиісті. Егер кәсіпорын мақсатты нарығын дұрыс таңдаса және тауарларын дұрыс жайғастырса, онда маркетингтік кешенді қалыптастыруда, сонымен қатар белгіленген бағалар туралы мәселелер туындамайды. Сонымен қатар кәсіпорын қосымша мақсаттарды да көздей алады. Неғұрлым кәсіпорын өзінің мақсатын айқын көре алса, соғырлым тауарға баға белгілеу оңайға түсед».[17]

Басқа фирмалар керісінше өз тауарларын төмен бағалайды. Мұндай тауарлар нарықта жақсы өтеді, бірақ олардың бағасын сатып алушының ойындағыдай, оның фирмаға келтіретін түсімі төменірек болады. Кәсіпорын күнделікті  баға белгілегенде алдымен бәсекелестер бағасын негізге алып өз шығын және сұраным көрсеткіштеріне онша мән бере қоймайды. Ол бағаны негізгі бәсекелестердің баға деңгейінде, одан жоғары не төмен белгілеуі мүмкін. Кейбір фирмалар шамалы сыйлықтық үстеме алу немесе шамалы жеңілдік беру нәтижесінде бағаны тұрақты деңгейде ұстайды.

 «Фирмалардың көпшілігі бағаны есептегенде өз тауарларының құндылығын сезінуден бастағанды дұрыс деп санауда. Олар баға тағайындаудың негізгі факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды. Сатып алушылардың ұғымында тауардың құндылығын құрастыру үшін олар өздерінің маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін пайдаланады. Бұл жағдайда баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек. Көптеген фирмалар өз тауар бағаларын жоғары қоятындықтан олардың нарықта өтуі өте нашар».[18]

Бәсекелестік баға тағайындау фирмалардың өзара таласу кезінде пайдаланылады. Мұндай жағдайда фирма өз бағасын белгілеу үшін осы бағамен өз шығындарының ара қатынасын не сұранымды есепке алмай, бәсекелестерден күтіліп отырған ұсыныстарын бастама есебінде санайды. «Баға белгілеу проблемаларының тәсілдері: жаңа тауарға баға белгілеу, тауар номенклатурасы шегіндегі баға белгілеу, географиялық ұстаным бойынша баға белгілеу, жеңілдетілген және сынақталған баға белгілеу, өткізуді ынталандыру үшін баға белгілеу және дискриминациялық баға белгілеу. Маркетингтік  баға құрылуында қолданылатын әдістерінің көбінің негізіне шығындар және ағымдағы баға деңгейі алынады. Коммерциялық негізде тауар асортименттерін талдау және өндірілетін өнімдердің бәсекелестік қабілеттерін анықтау кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеуде айрықша орын алады. Бұл бағыттағы маркетингтік зерттеу фирманың жалпы тауарлық номенклатурасында тауар топтарының ұстамдарын анықтаумен байланысты. Осы мақсатпен тауарлардың топтары, түрлері және үлгілері бойынша шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы жасалады. Тауардың бәсеке қабілеттілігі түсінігі барынша ауқымды және сан қырлы. Тауар ассортименттерін зерттеулер фирманың нарықтағы стратегиясын жасаудағы негізгі бағыттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Бұл көрсеткіш кешенді сипатқа ие және  техникалық, экономикалық және әлеуметтік – ұйымдастырушылық сияқты элементтерден тұрады. Тауарды маркетингтік тұрғыдан ұсыну келесі элементтерден құралады:

  • жарнама немесе жарнамалық компания;
  • өткізудің кейінге қалдырылуы;
  • икемді баға саясаты;
  • жұртшылықпен байланыс».[19]

Кез келген мемлекеттің алдында тұрға ең басты мақсат – халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылату. Әрбір ел осы процесстің орындалуы үшін бірқатар шараларды жүргізеді: халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын, шағын және ірі бизнесті дамыту, халық денсаулығын сақтау, білім деңгейін жоғарылату, сонымен қатар ел азаматтарының жалақы мөлшерін жоғарылатады. Алайда, аталып өткен соңғы шараның нәтижелері көп елдерде, сонымен қатар біздің елде де айтарлықтай біліне бермейді. Яғни, халықтың табысын жоғарылатқаннан кейін, көп ұзамай, тауарлардың да бағасы жоғарылағанын байқаймыз.

«Халықтың әлеуметтік жағдайы кез келген елдің демократиялық және экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылады. Нарықтық экономика жағдайында баға – нарық механизміндегі басқа элементтермен тығыз байланысты және олардың өзгеруіне айтарлықтай әсерін тигізетін экономикадағы ең басты элементтерінің бірі. Баға белгілеу түрлерінің ең көп қолданатыны және ең дұрысы – шығындарды анықтау негізінде баға белгілеу. Алайда, оның бәріне мемлекет төтеп бере отырып, бағаның өсу себептерін анықтап, оны жойып отыру керек».[20]

Баға белгілеудегі өзгерістерді байқау мақсатында, Қазақстандағы өзімізге жақын тұрғын үй нарығындағы бағаны салыстырып қарайтын болсақ. Мәліметтер төмендегі кестеде берілген.

Кесте1.Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі (2011-2016 ж. аралығы)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b512

Ескерту: Мәліметтер ресми сайттан алынды http://stat.gov.kz/getlmg?id=ESTAT208888

«Тауарларды өткізу саясаты тауардың өндірушіден түпкілікті сатып алушыға дейінгі жолын анықтайды. Өткізу каналын таңдау үшін , келесі сұрақтарға жауап беру керек :

  • Нарық туралы ақпарат жинау;
  • Сату қызметкерлерін ұстау;
  • Тапсырысты өңдеу;
  • Сатып алушыға тауарларды жеткізу;
  • Қоймалау;
  • Сорттау;
  • Тауар қорларын сақтау;
  • Ассортименттің кеңдігін қамтамасыз ету;
  • Сатып алушыларға қызмет көрсету;
  • Сатып алушыларды несиелеу;
  • Сатып алушыларға кеңес беру және техникалық қолдау.

Сонымен қатар өткізу каналдарына тоқталар болсақ, өнімнің ерекшеліктері мен кәсіпорынның мүмкіндіктерін есепке ала отырып, өткізудің тікелей немесе жанамалы түрімен танысқан жөн.

  • Тікелей өткізу каналы – тауарлар мен қызметтерді сатып алушыға тікелей сату
  • Жанама өткізу каналы – делдалдың көмегімен сату». [21]

Қорытынды

Осы жұмысқа толықтай әрі терең зерттеу жүргізе отырып, жалпы бағаның қандай қызмет атқаратындығын,оның нарықтық эканомикадағы рөлі,сондай-ақ бағаны белгілеу және тағайындау кезеңдері және т.б мәліметтер қаралды. Баға белгілеу-өте күрделі маркетингтік зерттеу жұмыстарын талап ететіндігі зерттеліп отыр.Яғни белгіленген баға ертеңгі күнде фирма не кәсіпоры. Сонымен баға белгілерінің ең басты факторлары өндіріс шығындары, оның жалпы тұрақты, өзгермелі және жиынтық  шығындары сұраныс,тұрғындардың сатып алу қабілеттілігі, бәсеке жағдайы,тауар сапасы,тасымалдау көлемі, мемлекеттік реттеу саясаты және т.б Міне,осы факторларды  толықтай қамти отырып,өндіруші тұтынушыға тиімді етіп,әрі өзі мейлінше пайда табатындай тұрақты бар бағаны қалырптастырады. Сонымен қатар,бұл жұмыста бағаның әр түрлі нарықтық модельдерінде әр түрлі болады. Сонымен баға-нарық реттеушісі,ол тауардың нақты түрдерін өндіруге мүмкіндік береді,сұранысты шектейді немесе ұлғайтады,осылайша  белгілі бір өнімнің өндіруші мен тұтынушыға бірдей деңгейде тікелей және жанама түрде әсер етіп отырады.Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту кәсіпорынның фирмалық баға саясатын зерттей отырып жасайтын, маркеинг бөлімдерінің маңызды міндеті. Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімін тапқаннан кейін, фирма үшін неғұрлым үйлесімді бағаны басқашаларға қарағанда артықшылығы бар. Қорытынды баға стратегиясын қалыптастыр жүзеге асырылады. Бұл қолайлы баға стратегиясы ол- келешектегі бизнесті басқару жоспары. Баға стратегиясын қалыптастыруда баға фирмаларының стратегиясын,  әдебиеттерде мамандар мен ғалымдар ұсынатын стратегияны және аталған фирманың өз тәжірибесінде жүзеге асырылған стратегияларлды түп нұсқа ретінде қарастыру қажет болды және өарастырылд ыдесе де болады.

Еліміздің Бұкіләлемдік сауда ұйымына кіруге талпыныс жасап отырған уақытта, кәсіпорынның баға саясатында ұстанып отырған бағыты, ішкі және сыртқы нарыққа өнім шығару мүмкіндіктері оның алдындағы бәсекелік қабілетін анықтайтын фактор болмақ. Қазіргі кезеңде отандық кәсіпорындардың баға белгілей әдістері ең алдымен шығындарға, инфляциялық болжалға сонан соң сұраныс пен бәсекелестер іс-әрекеттеріне сай бейімделеді. Егер шығындарға негізделген бағалар саясаты шығындарды өтеу қағидасынан туындаса, онда сұраныс пен бәсекеге бағытталған әдістер әдістемелік база мен оларды қолдану тәжірибесінің жоқ болуы себепті мамандардың біліктілігі мен тиісті ақпараттық базаның болуын талап етеді. Баға белгілеудің барлық тәсілдерін үйлестіруге болады. Сұранысты баға өсірудің ең жоғарғы шегі,шығындарды оның шегі ретінде, ал бәсекелестердің бағалары мен бірін-бірі ауыстыратын тауарлар бағасын бағаның жуық мәні деп алуға болады. Табыстың қысқа мерзімді көбейтілуі, өнімді мейлінше жоғарылату, сападағы жетекшілік, яғни, сұраныс пен шығын функцияларын алдын ала біліп қойып, бұл мақсатты орындау барысында табыстың қысқа мерзімне қойылуы және басқа да маркетингтік стратегияларды анықтайтын ұзақ мерзімді жетістіктер ескерілмеуі жатады. Сонымен қатар, сапа жағынан жетекшілікке ие болған фирма сапаны жоғарылатуға кеткен жоғары шығындар мен НИОКР-ға қажетті шығындарды жабу үшін жоғары баға орнату мысал бола алады. Баға саясатының айтылған мақсаттары белгілі бір жүйемен бір-бірімен қатынасады, алайда барлық жағдайда дерлік келісе бермейді. Бірақ барлық бірігулер жалпы, негізгі мақсатқа жету үшін, үзақ мерзімді табыс алу үшін қолданылу керек.

Қорытындылай келе. Баға —  тауар мен қызметтерге төлем екені белгілі. Оның атқаратын қызметтері оның мәнін айқындайды. Яғни, бағаның атқаратын қызметтері есеп жүргізу, ынталандыру, бөлу, сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдеу және өндірісті оңтайлы ұйымдастыру болып табылады. Фирма баға стратегиясын және саясатын таңдау үшін оған қандай фактор әсер ететінін білу қажет. Көбінесе оған сыртқы фактор аса әсер етеді. Бағаға әсер етітін факторларды айқындай отырып, мысалы, шығын, тұтынушы, тауар өозғалысына қатынасушы, бәсеке және мемлекет, оның алдағы уақытта жұмыс жасауын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен, баға белгілеу саясаты, оның стратегиясы өте күрделі және көпсатылы үрдіс екенін аңғарып, анализ жасау мақсатымен, оның мақсатын, түпкілікті қызметтеріне талдау жасалды, жұмыс жүргізілді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ибрішев Н.Н. Корпоративтік қаржы/ ЛЕМ,2014 ж.16 бетінен алынды
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2011, I том, 35 бетінен алынды
  3. Ондасынова А.И. Антимонопольная и ценовая политика в Казахстане. – Алматы, 2005 ж.-48 б.
  4. Сатыпалдыұлы С. Нарықтық экономика. Алматы, 2010 ж.-35 б.
  5. Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Маркетинг негіздері. Алматы, 2009 ж.-12 б.
  6. Қойлыбай Хожаназаров Маркетинг негіздері. Алматы, 2011 ж.- 16 б.
  7. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы, Алматы, 2012 ж.-201 б.
  8. Бердалиев К. Менеждмент: Лекциялар курсы. Алматы, 2001 ж.-58 б.
  9. Сагинова Б.К. Баға және оны белгілеу. Оқулық. Алматы «Дәуір» 2010 ж.-36 б.
  10. К.Ә. Ахметова «Фирманың маркетингтік қызметі» — Астана, 2011 жыл.-15 б.
  11. Ахметова К. Ә. Қаменова М. Ж. Нақыпова Г. Н. Фирманың маркетингтік қызметі. Астана 2014 ж.-36 б.
  12. Шаекина Ж.М.  Нәбиева Е.Н. Базарова С.Қ.  Маркетинг негіздері. — Астана  2015 ж.-34 б.
  13. Ш. Қашықов, Ө. Нурғалиев «Кәсіпкерлік және маркетинг негіздері» — Қарағанды, 2010 ж.-18 б.
  14. Газимов А.М. Тұтынушы теориясы – Астана, 2013 ж.-70 б.
  15. Дюсембаев А.Д. Маркетингтік негіздер. Карағанды, 2011 ж.-84 б.
  16. Салемжанов И.К. Баға және баға белгілеу. – Алматы, 2008 ж.-72 б.
  17. Сарбасова А.К.Өнеркәсіп. — Алматы: Қазақ университеті, 2011ж.-56 б.
  18. Сағындықов А, Ахметов Қ.Ғ «Менеджмент негіздері», Алматы 2012ж.-47б.
  19. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика», 2013ж.-32б.
  20. Тойхин С.Х, Жайнақов Ә.Т «Маркетинг негіздері», Алматы 2014ж.-75б.
  21. Алшанов Р. А.. Экономика независимого Казахстана: достижения и пути развития. Алматы. 2012ж.-73б.
  22. Қ.Н. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайберенов, А.Ә. Жантаева, «Менеджмент» Алматы, 2010ж.-34б.
  23. Жатқанбаев Е. Б.Экономиканы реттеу: Оқулық. — Алматы: 2014ж.47б.
  24. Ғ.С.Сейітқасымов. Баға. Алматы. 2011ж.-68б.
  25. Кадырова А.С. Экономика производственной сферы. Павлодар 2009 ж.-54б.

Құрастырғандар: Үмүтбаева А., Әбдіхан Б. 

Яндекс.Метрика