«АЛМАТЫ-DANCE»
би мектебінің бизнес жоспары
Мазмұны
- Бизнес жоспардың түйіндемесі
- Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
- Обьектінің сипаттамасы
- Маркетинг жоспары
- Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
- Қаржы жоспары
- Тәуекелділікті бағалау
- Қорытынды
Қосымша
Жобаның түйіндемесі
Ұсынылып отырған жоба би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Аспандияров М.С.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
- Кәсіпорынды құру
- Пайда табу
- Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы — 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару— бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.
Жоба кезеңдері
1 кесте.
Жоба кезеңі | Орындалу шарттары | Орындалу мерзімдері |
Жобаның бастаулуы | Бірінші ай | |
Кәсіпорынның тіркелуі
(Жеке кәсіпкерлік) |
Қажетті құжаттардың болуы | Бірінші ай |
Несие алу | Қажетті құжаттардың болуы | Бірінші ай |
Кәсіпорынға қажетті орынды (ғимарат) іздестіру | Ғимарат ішіндегі орында жалға алу туралы келісім-шарт жасасу | Бірінші ай |
Қажетті құрал жабдықтарды сатып алу | Бірінші ай | |
Қызметкерлерді жалдау | Жұмысқа алу туралы келісім-шарт жасасу | Бірінші ай |
Маркетингктік іс-шараларды өткізу | 360 күн | Жыл ішінде |
Обьектінің сипаттамасы
Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:
- Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар;
- Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар;
- Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.
Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы, балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.
Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі танымалы:
- Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча.
- Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба;
- Шығыс би: «танец живота» (belly dance);
- Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.
Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Би мектебін ұйымдастыру үшін 80-100 шаршы метр көлемінде орынды жалдауды қажет етеді.
Биді сапалы үйрету мақсатында топтар 5-6 би үйренушілерден тұрады.
Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.
Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет).
Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше өткізудіде жоспарлануда.
Бизнес ретінде би мектептері қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.
Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.
Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.
Би үйретушілердің кадрлық құрамы — Алматы қаласының хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.
Маркетинг жоспары
Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.
Алдағы жылдары демалыс қызметтеріне соның ішінде би мектептерінің қызметтеріне деген сұраныс ұлғаймақ.
Казіргі таңда арнайы яғни эксклюзивті билерді үйрететін би мектептері танымал болуда. Бірақ Алматы қаласы бойынша би мектептеріндегі бағалар жоғары, қарапайым тұтынушылар үшін қолжетімді емес болып тұр.
2015 ж Алматы қаласы бойынша спорт және демалыс ұйымдарының көрсеткен қызметтері 16 млрд. теңгені құрап отыр. (1-ші сурет қара)
Алматы қаласы бойынша 2015 жылы спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрылымында би және балет мектептері қызметінің үлес салмағы 0,8% пайызын құрады. Бұл Алматы қаласындағы спорт және демалыс қызметін ұыймдастыруда би мектептерінің әліде болса да жеткілікті деңгейде дамымағанын және игерілмендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтар арасында би мектептері мен олардың қызыметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр. Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:
— мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында би үйрету мектебінің қызметін жарнамалау;
— буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;
— арнайы журналдар мен газеттер, сайттарда жарнамалау.
Негізі қандайда бір қызмет пен кәсіпті жарнамалау арқылы істі алға қарай жылжытудың негізгі жолы болып табылады. Қосымша жарнамалау ретінде би кештері мен би жарыстарын өткізуге болады. Осындай іс шаралар қатысушыларды ынталандырады.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 200 астам би мектептері мен студиялар бар. Алматы қаласының тұрғындарының саны 1,5 миллионнан астам, және бұл көрсеткіш күнен күнге өсуде екенін ескерсек би үйрету мектептері қызметіне сұраныс ұлғайатыны сөзсіз.
Алматы қаласы бойынша би мектептері қызметінің орташа ақысы
2 кесте.
№ | Сабақ түрі | Бағасы |
1 | Айлық абономент (10 сабақ) | 14 000 — 27 000 теңге |
2 | 1 реттік сабақ | 1 500 — 4 000 теңге |
3 | Жеке сабақтар ( үйретуші бір үйренуші ) | 3 000-7 000 теңге |
4 | Бағыт бойынша би үйрену сабағы | 18 000 — 35 000 теңге |
Би мектептерінің негізгі клиенттері балалар, жас -өспірімдер, 30 жасқа дейінгі жас адамдар және зейнеткерлер. Олардың мақсаттары денсаулығын жақсарту мен биді кәсіби деңгейде үйрену болып табылады.
Бүгінгі күні нарықтағы күшейіп келе жатқан бәсекеге қарамастан би мектебі болашағы бар бизнес ретінде қарастыруға болады.
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері
Би мектептебін ұйымдастыруға қажетті негізігі құрал жабдықтар:
- Музыкалық құрал-жабдық (Музыкалық орталық);
- Дауысты күшейтушілер;
- Ілгіш;
- Қалқа (ширма);
- Стол;
- Орындық;
- Ұзарытқыштар мен жалғастырушылар;
Қаржылық жоспар
Болжамданған кірістер (табыстар) құрлымы келесі талдауларға негізделген:
- Би мектептерінің қызметіне тұтынушылардың сұранысын талдау;
- Нарықтағы би мектептері ұсынған қызметтерді талдау;
- Би үйрету мектептері қызметтерін жалпы нарықтық жағдайын талдау.
Би мектепбінің қызмет көрсетудің есептік кезеңіндегі жоспары
3 кесте.
Кезең | Қызмет атаулары | Қызмет көрсетуді жүзеге асыру (абонементер) көлемі (айына) | Абонементтің бағасы (12 сабақ) | Қызмет көрсетуден түскен түсім (табыс) |
Бірінші ай | Топтық сабақтар | 4-5 | 15 000 | 60 000 |
Екінші ай | Топтық сабақтар | 10-12 | 15 000 | 150 000 |
Үшінші ай | 12-14 | 15 000 | 180 000 | |
Төртінші ай | 18-20 | 15 000 | 270 000 | |
Бесінші ай | 24-26 | 15 000 | 360 000 | |
Алтыншы ай | 26-28 | 15 000 | 390 000 | |
Жетінші ай | 28-30 | 15 000 | 420 000 | |
Сегізінші ай | Топтық сабақтар | 26-28 | 15 000 | 390 000 |
Тоғызыншы ай | Топтық сабақтар | 24-26 | 15 000 | 360 000 |
Оныншы ай
|
Топтық сабақтар | 24-26 | 15 000 | 360 000 |
Он бірінші ай | 24-26 | 15 000 | 360 000 | |
Он екінші ай | 24-26 | 15 000 | 360 000 |
Егерде нарықтағы жағдай кәсіпорынның дамуына оң әсерін тигізсе, би үйрету мектебінің көрсететін қызметінің көлемін 390-420 мың теңгеге жеткізуге болады.
Жоспарланып отырған шығындар — капиталдық және ағымдағы шығындардан құралады.
4 кесте.
№ | Шығын атаулары
(Капиталдық шығындар) |
Саны
(дана) |
Кезеңдер | Шығын соммасы |
1 | Музыкалық құрал-жабдықтар | 1 дана |
Жобаның бірінші айы |
60000 |
2 | Дауысты күшейткіштер | 1 дана | 8000 | |
3 | Ілгіш | 2 дана | 7000 | |
4 | Қалқа (Ширма) | 2 дана | 12000 | |
5 | Стол | 1 дана | 6000 | |
6 | Орындық | 1 дана | 3000 | |
7 | Орындықтар (Скамейка) | 2 дана | 9000 | |
8 | Ұзарытқыштар мен жалғастырушылар | 3000 | ||
Барлығы | 108 000 |
№ | Шығын атаулары
(Ағымдағы шығын) |
Саны (шт.) | Кезең | Айсайынғы шығын | Шығын соммасы |
1 | Би залын жалдау | 80-100 шаршы м. |
Жобаны жүзеге асыруда |
90 000 | 1 080 000 |
2 | Жаттықтаушылар | 2 | 80 000 | 800 000 | |
3 | Электроэнергия | квт/сағ. | 2 000 | 21 800 | |
4 | Бөлме тазалау | 1 | 30 000 | 360 000 | |
5 | Өзгеде шығындар | 2 000 | 24 000 | ||
6 | Несие төлемдері (несие соммасы 353 592 тенге, пайыз мөлшері 17% жылына) | 29 466 | 353 592 | ||
7 | Салық мөлшері 3% | 190 800 | |||
Барлығы | 2 749 192 |
Тәуекелді бағалау
Айтып отырылған бизнесте тәуекелділіктің түрлері келесідей:
- Би үйрету мектебі бизнесінің дамуы мен жетістігі үйретушілердің (жаттықтаушылардың) кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты;
- Би үйрету мектебінің орналасуы жерінің (тұтынушылардың тығыз орналасуы) қолайлығына байланысты.
Инвестициялардың қаржы- экономикалық негіздемесі
Жобаны іске асыру үшін 353 592 теңге мөлшерінде қаржы салымы қажет. Қаржы несиеге алынады. Несие мерзімі 12 ай. Несие пайызы – 17%.
Жүргізілген алдын ала есептеулер бойынша кәсіпорын өзінің қызметінің 4-ші айында шығынсыз нүктеге (өзін-өзі ақтау нүктесіне) жетеді. Бұл кезеңде бірінші пайда көлемі 68 434 теңгені құрайды.
3 сурет. – Есептік кезеңдегі жоба бойынша ақша ағымы
(есептік кезең 12 ай)
Жобаның алғашқы 3 айында кәсіпорын пайда әкелмейді. Бұл жағдай осы кезеңде негізгі капитал салымдарының (бизнеске ақша салу) болуымен түсіндіріледі. Төртінші айдың басында ғана кәсіпорын бірінші пайда әкеледі. Алғашқы пайданың мөлшері 68 434 теңгені құрайды. Жобаның 6-ші, 7-ші және 8-ші айлары түсетін пайданың максималды деңгейін көрсетіп отыр. Бұл жағдай адамдардың көктем айларында өздерінің дене тәнінің формасын дұрыстауға деген талпынысымен түсіндіріледі.
Жоба бойынша есептік кезеңде жалпы шығындар 2 857 192 теңгені құрайды. Жоба бойынша жалпы пайда 802 808 теңгені құрайды.
Қорытынды
Бизнестің бұл түрі (би үйрету мектебі) табысты әрі болашағы бар екенін жүргізілген есептеулер мен талдаулар көрсетіп отыр. Бұл істің ең басты шарты шеберлігі жоғары мұғалімдердің болуы мен би үйрету мектебінің клиенттер үшін қолайлы жерде (үйлеріне, жұмыс орындарына жақын) орналасуы.
Би үйрету мектебін ашу жоба басшысынан білімі мен күш-ерік жігерін салуын талап етеді. Сонымен қатар, құжаттарды дұрыс тіркеуді және әр түрлі маркетингтік амалдарды қолдануды қажет етеді.
Бұл іс экономикаға, қоғамға және кәсіпкерге пайда әкеледі, сонымен қатар жобаның әлеуметтік маңызы бар.
Қосымша
Би залы 80-100 шаршы метр
Музыкалық құрал-жабдықтар
Дауысты күшейткіштер
Ілгіш
Қалқа (Ширма)
Стол
Орындық
Орындықтар (Скамейка)
Ұзарытқыштар мен жалғастырушылар