МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Мазмұны

Кіріспе

Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттертізімі

Кіріспе

«Елімізде 60 мың дәрігер және 120 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді екен.»[1] Жыл санап мемлекеттік медициналық мекемелердегі дәрігерлер саны бірнеше мыңға өсіп отыр. Сонда да әлі күнге дейін маман тапшылығы байқалады. Медициналық білім беру саласы әрқашан қоғамда ерекше көңіл аударатын, маңызды әрі өте жауапты сала болып қала бермек. Қазақстан медицинасы жайлы сөз қозғағанда медициналық жоғары оқу орындары туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Медицинаның дамуы, алға жылжуы – медициналық білімнің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Медициналық университеттер тарихы — еліміздің тарихының, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасу жолының айнасы болмақ. Ендеше сол айнаға біраз көз жүгіртсек…

Өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бар-жоғы 33-35 жас болған.[1] Халық арасында түрлі жұқпалы аурулар өршіп, медициналық көмекке зәру еді. Дәрігер мамандардың аздығынан, тіптен жоқтығынан сол кезде халыққа медициналық көмекті ресейлік дәрігерлер көрсететін. «Бүкіл Қазақстанда 20-30 жылдары 737 дәрігер, 600-ден астам медбикелер болды. (Салыстырмалы түрде: қазір 50 мыңнан астам дәрігерлер мен 110 мың медбикелер бар). Дәрігер мамандарды оқыту ең маңызды мәселе еді. Сондықтан 1930 жылы 10 шілдеде Ұлттық Комисарлар Кеңесінің қаулысымен Қазақстанда алғашқы Қазақ мемлекеттік медициналық институтын ашу туралы шешім қабылданды. 1930 жылдың 30 қараша күні Денсалық сақтау халкомының №260 бұйрығымен Санжар Жапарұлы Асфендияров медициналық институттың ректоры болып тағайындалды. «Сеть, структура и контингент приема в высшие учебные заведения органов, находящихся в ведении на 1930/1931 год» деген құжатта еліміздегі сол уақыттағы жоғарғы оқу орындары туралы деректер ішінде медициналық институт туралы мынадай жазба кездеседі: «…Алма-Ата. Медицинский институт. Факультет лечебный. Прием: зима 1930/1931 года – 100 человек». Осы жазбаға сүйенсек 1930 жылдың желтоқсанында жұмысын бастаған Алматы медициналық институт алғашқы 100 студентті қабылдайды».[1]

Санжар Асфендияров өз қызметіне 1930 жылы 2-желтоқсанда кіріскен. Сол себептен қазіргі уақытта 2-желтоқсан күні — С.Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық Медициналық университеттің туған күні ретінде аталып өтеді.

«Санжар Асфендияровтың қазақ ғылымына, оның ішінде медицина біліміне салған үлесі ерекше. Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқара отырып, Аспандияров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедралар ашты. Санжар Аспандияров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медицина көмек ісін ұйымдастырды.»[1]

 «Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды. Қазақстанда медициналық білім беретін оқу орынын ашылуын ұйымдастырған, осы бағытта талай күш салған Санжар Асфендияров. 1989 жылдан бастап Қазақ Ұлттық университетіне Санжар Асфендияровтың аты беріледі.Қазір бұл білім ордасы қазақ медицина білімінің қарашаңырағы саналады.»[2]

«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.»[3]

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

 Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді

«20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: Электр есептеуіш машиналары(ЭЕМ) желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21  ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады…”, — деген болатын.»[4]

Осы тұжырымдаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді одан әрі дамытуды пайымдауды (бұдан әрі — медициналық  білім) айқындау, негізгі қағидаттары мен бағыттарын белгілеудің қажеттілігінен туындаған. «ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №317 қаулысымен бекітілгенҚазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру нәтижесінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Ерекшелігін есепке ала отырып, медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды.   Медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдаудың жаңа әдістерін енгізу медициналық білім беру ұйымына оқуға алу үшін ең аз шектік баллды көтеру арқылы ішінара жүзеге асырылды. Медициналық білім беру ұйымдарын қаржыландыру жүйесін жетілдіру  және материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Бір білім алушыны даярлауға жұмсалатын шығыстарды жоспарлау қағидасы әзірленді және бекітілді. 2005 жылдан бастап 2010 жыл аралығында медициналық мамандықтар бойынша оқудың құны 1,95 есе өсті. Барлық Мемлекеттік медициналық Жоғарғы оқу орындары (ЖОО-лары) жанында қазіргі заманғы оқу-клиникалық және зертханалық жабдықтармен жарақтандырылған оқу-клиникалық орталықтар құрылды. Екі мемлекеттік медициналық ЖОО-ның жеке клиникалары нығайтылды.»[4]

«Медициналық білімді басқаруды жетілдіру, сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша бірқатар шаралар өткізілді. Барлық мемлекеттік медициналық ЖОО-лар ИСО 9001:2008 Халықаралық стандартына сәйкестігі бойынша сертификат алды. Медициналық ЖОО-ларды ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерді (6 ұйымның — 4-уі шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 1 – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 1 —  акционерлік қоғам). Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында медициналық білім мен ғылыми-зерттеу жұмысына инновациялық технологияларды енгізуді үйлестіру үшін ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту институты» Республикалық мемлекеттік Кеңес(РМК) жанынан Медициналық білімі мен ғылым инновациялық технологияларының республикалық орталығы құрылды.»[5]

«Еліміздің барлық медициналық білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың халықаралық стандарттарына негізделген орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа бағдарламалары енгізілді. Денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау құрылымының өзгерту жоғары білімнің 3 деңгейлі жүйесінің Еуропалық принциптерімен медициналық білім беру жүйесінің үйлесімділігіне бағытталған болатын. Базалық және бейіндеуші пәндердің міндетті компоненттерінен басқа студенттердің қызығушылығына қарай пәндерді таңдау мүмкіндігі және жеке білім беру бағдарламасын қалыптастыру қарастырылды. Студенттердің науқастармен ерте байланыс жасау практикасы енгізілді. Жаңа пәндер енгізілді (коммуникативтік машықтар, дәлелді медицина негіздері және т.б.)»[6]

Шетелдің үздік медицина мектептерінде және ел ішінде медициналық білім беру саласының халықаралық озық мамандарды тарта отырып, профессор-оқытушылар құрамын білім берудің жаңа технологияларына қайта оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Медициналық білім берудің  дүниежүзілік федерациясының (МБДФ) медициналық білім беру сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу ұлттық стандарттары әзірленді және бекітілді. Инвестициялық жоба шеңберінде (2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы және Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің арасында қарыз туралы  келісім): «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы(ДДҰ)/Еуробюроның қолдау көрсетуімен медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша 16 ұлттық сарапшыны даярлады. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып  мемлекеттік 4 медициналық ЖОО аккредиттеуден өтті.»[6]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-98

Cурет 1.10 000 адамға шаққандағы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің саны

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикаының статистиика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алнған  www.stat.gov.kz.

Сонымен қатар, медициналық білімнің көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. «Мысалы, 4 медициналық ЖОО-да университеттің жеке клиникасының болмауына байланысты болашақ дәрігерлерді науқастың төсегінің жанында толыққанды даярлау мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Медициналық білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай емес. Оқытылған оқытушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты оқу үдерісіне оқытудың интерактив әдістерін енгізу белсенді жүргізілмей жатқан байқалады.»[7]. Пациенттің қауіпсіздік қағидатары және қауіп-қатерді басқаруды оқытуда өз көрінісін табуы керек. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін одан әрі арттыру өзекті мәселелердің бірі.

«Медициналық ЖОО-ның талапкерлеріне арнайы талаптар қоюдың маңызы зор. Елімізде медициналық ЖОО-лар мен колледждердің түлектерінен тәуелсіз емтихан алу тәжірибесі де іске асырылмаған.

Әлемнің озық медициналық мектептерінің қызметін талдау 3 негізгі факторды анықтайды, олардың үйлесімі оның жетістігін қамтамасыз етті:  тиісті ресурстардың болуы, талант концентрациясы (оқытушыларда, сонымен қатар студенттерде), тиімді басқару»[7]

Білім беру ұйымдарының автономдылығын және басқарудың ашықтығын арттыру мақсатында басқарудың корпоративтік формасының қағидатын енгізумен медициналық басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидатын енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жаңа құрылым стратегиялық пайымдауды дамытуға,бюрократтық кедергілерсіз шешім қабылдауға және ресурстарды басқаруға мүмкіндік беретін инновацияларға және икемділі болуға көмек көрсетеді.

«Канада мен Америка Құрама Штаттарының барлық медициналық мектептерінде медициналық білім беру орталықтары бар. Бұл орталықтар медициналық мектепте ғылыми зерттеулер жүргізуге, медициналық білімнің барлық саласында дамуға, оқытушылардың кәсіби тұрғыдан дамуына, қарым-қатынас машықтарына, бағалау мен талдауға, медициналық информатика мен медициналық білім беру зерттеулеріне баса көңіл бөлуде қолдау көрсетеді..

Медициналық және фармацевтикалық білімді  одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау саласында ғылым, білім және практикалық қызметті күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ғылыми жобаларды, республикалық және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін медициналық ЖОО-лардың белсенділігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту үшін жағдай жасау қажет.  Медициналық білім беру саласында зерттеулерді одан әрі дамыту және академиялық салада шешімдер қабылдау кезінде ең үздік дәлелдемелердің қағидаттарын енгізу жоспарлануда.

Алдыңғы қатарлы елдердің сапаны басқару және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі ірі клиникаларды, ең жаңа виртуальдық роботтармен – тренажерлермен жабдықталған симуляциялық орталықтарды құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, практикадан өтетін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің машықтарын пысықтау үшін ірі көп бейінді клиникалардың базасында 16 өңірлік симуляциялық  орталық құру және оларды қазіргі заманғы муляждармен, фантомдармен кезең-кезеңімен жарақтандыру қарастырылуда. Медицина қызметкерлері  өзінің барлық әрекетін автоматизмге дейін пысықтау мүмкіндігіне ие болады және бұл сапаны басқаруға, дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Практикалық денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін денсаулық сақтау саласының кадрларын үздіксіз кәсіптік дамытуды/білім (ҮКД) енгізу, білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру, ҮКД саласындағы медициналық факультеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін үйлестіру жалғасатын болады.  ҮКД қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің рөлін және жауаптылығын, оның ішінде жұмыс орындарында Ғаламторды еркін пайдалануды қамтамасыз ету есебінен күшейту жоспарланып отыр.

Медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің білімдері мен машықтарын бағалау институтын енгізу жоспарлануда.  Осындай білімді тәуелсіз бағалау тетігін құру түлектердің және оны даярлаған ЖОО-ның білім беру сапасына жауаптылығын арттыруы тиіс.»[8]

«Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық білім жағдайын талдай келе,  тұтастай алғанда мынадай мықты тұстары деп атауға болады:

— медициналық ерешелікті есепке ала отырып, медициналық білім беру нормативтік құқықтық базасын құру

— медициналық ЖОО-лары жанында оқу-клиникалық орталықтар құру

— дамыған елдердің тәжірибесін есепке ала отырып, 2006 жылы медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыру

— білім берудің үшсатылы жүйесіне өтуді жүзеге асыру

— инновациялық білім беру технологияларын енгізу

— медициналық білім берудің Дүниежүзілік Федерациясының халықаралық стандарттарының негізінде аккредиттеу ұлттық стандарттарының болуы

— Әрбір медициналық ЖОО-да шетелдің үздік медициналық мектептерінде оқудан өткен белгілі бір оқытушылар әлеуеті бар.

Осал тұстары:

— медициналық білім беруді жеткіліксіз қаржыландыру;

— медициналық білім беру  ұйымдарының материалдық-техникалық базасының толық көлемде қазіргі заманғы талаптарына сәйкессіздігі;

— медициналық білім беру ұйымдарының көпшілігінде университеттік жеке клиникалардың болмауы;

— білім беру ұйымдары менеджментінің тиімсіздігі;

— оқытушылар әлеуетінің білім беру және медициналық технология саласында деңгейінің жеткіліксіздігі;

— медициналық білім беруге арналған мамандандырылған аккредиттеудің ұлттық стандарттарының болмауы;

— медициналық білім беруге арналған мамандандырылған аккредиттеу ұлттық стандарттарының болмауы;

— медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдау критерийлерінің жетілдірілмеуі;

— барлық медициналық білім беру деңгейінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің жеткіліксіздігі, оның ішінде e-learning,

— медициналық білім, ғылым және практика интеграциясының жеткіліксіздігі,

— практикалық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын білім беру үдерісіне тарту белсенділігінің төмендігі,

— академиялық салада  ең үздік дәлелдеу принциптерін енгізудің жеткіліксіздігі.»[9]

«Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың негізгі қағидаттары:

  • Сапа.
  • Құзыреттілік тәсіл.
  • Ғылыммен және практикамен ықпалдасу.
  • Икемділік.
  • Бәсекеге қабілеттілік.
  • Әлеуметтік жауапкершілік болуы тиіс.»[10]

«Медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін даярлау сапасының критерийі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Білім беруде құзыреттілік тәсіл негізгі құзыретіне негізделген  студенттер мен оқытушыларға арналған білім беру бағдарламаларының болуын көздейді. Медициналық ЖОО-ларда ғылыми қызметті дамыту арқылы ғылым мен практиканы ықпалдастыру қағидаты, білім беру қызметіне денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын тарту түлектің сапалы дайындығына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Таңдау компонентін көбейту арқылы білім беру бағдарламаларын икемді ету көпшіліктің сұранысына бағдар жасауды қамтамасыз етеді, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің  басымдықтары ғылым мен техниканың жетістіктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді.»[9]. Түлектің бәсекеге қабілеттілігі тек кәсіби ғана емес, ортаға бейімделуі тұрғысынан сол түлектің басымдықтарын қамтамасыз ететін жеке мінездемесінің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатына бірнеше бағыттар кіреді, оның ішінде қоғамда болашақтағы қажеттілікке жауапкершіліктің артуы және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен ынтымақтастықты нығайту, үздіксіз кәсіби дамуға қолдау көрсету, білім беруде, зерттеу қызметіне және медициналық қызмет көрсетуде және т.б., сапаны қамтамасыз ету.[10]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-99

Сурет 2. ҚР аймақтары бойынша орта медициналық қызметкерлер саны 2015 жылғы көрсеткіш бойынша

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикаының статистиика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алнған  www.stat.gov.kz.

«Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беру дамыту үшін алдағы уақытқа бірнеше мақсат пен міндеттер қойылды:

1-мақсат. Медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

Міндеттер:

  1. Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.
  2. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді қоса алғанда, медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін жетілдіру.
  3. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану.
  4. Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыру тетігін жетілдіру және медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

2-мақсат. Білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру

Міндеттер:

  1. Медициналық білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу.
  2. Білім, ғылым және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдасуын қамтамасыз ету.
  3. Медициналық  білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.
  4. Үздіксіз медициналық білім беру принциптерін  одан әрі  іске асыру.
  5. Медициналық білім саласында зерттеулерді дамыту.

3-мақсат. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру

Міндеттер:

1.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу;

2.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру.» [11]

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарын төмендегі кестеден көре аламыз.

Кесте 1. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін

реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарынан келтірулер

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-99

Ескерту-мәләметтер Қазақстан Республикасының  электронды үкіметінің ресми сайтынан алынды www.egov.kz

Қазақстан Республикасының медициналық білім беруді дамытудың реформасының негіздері:

«Күшті жақтары:

нормативтік құқықтық база қалыптастырылды медициналық білім беру медициналық ерекшелік ескеріле отырып, жақсарды материалдық-техникалық жарақтандыруға медициналық білім беру ұйымдарының оқу-клиникалық орталықтар құрылды, жабдықталған қазіргі заманғы заманауы симуляциялық, зертханалық және медициналық жабдықтармен, іске асырылуда, жаңа МЖБС-әлемдік тәжірибені ескере отырып, инновациялық білім технологиялары енгізілуде, шекараны өту үшсатылы жүйесіне Болон процесінің енгізілуде, кредиттік технология, әзірленген ұлттық стандарттар негізінде аккредиттеу стандарттарын ДМБФ, 4 жоғары оқу орнының институционалдық аккредиттеуден өтті.

Әлсіз жақтары:

— жеткіліксіз қаржыландыру, білім беру үдерісінің басым бөлігі материалдық активтер медициналық білім беру ұйымдарының моральдық ескірген;

— тиімсіз менеджмент білім беру ұйымдарының болмауы дайындалған менеджерлер медициналық білім беру;

— жеткіліксіз басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу медициналық білім беру ұйымдарында, жеткіліксіз деңгейі бар ПОҚ білімі мен дағдылары, менеджмент саласында білім беру мен ғылыми зерттеулер енжарлық, ПОҚ-тың жәрдемдесуі жылжыту жаңа моделінің медициналық кадрларды даярлау,  болмауы аккредиттеу стандарттарын колледж  болмауы аккредиттеу стандарттарын (мамандандырылған) медициналық білім беру,  жетілдірілмеген жүйесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған ПОҚ, жеткіліксіз білім деңгейі ПОҚ саласындағы қазіргі заманғы тәсілдерді медициналық көмек көрсету — стандарттау, дәлелді медицина, медициналық технологияларды бағалау, сапасы және қауіпсіздік, медициналық көмек көрсету.

Қауіп-қатерлер:

— экспоненциалдық өсуі медициналық ақпаратты (жаңарту 1 рет, 3-5 жыл);

— құрылымын өзгерту аурулардың әкеледі отставанию жоо-да оқыту процесінің шынайы жағдайды практикалық денсаулық сақтауда;

— қарт адамдардың үлесінің артуы;

— құнының өсуі, медициналық көмек көрсету;

— үлкен хабардар өздерінің емделушілер өз аурулары туралы;

— жағдайында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі — БҰДЖ) еңбекке ақы төлеу клиникалық кафедраларының профессорлық-ОҚЫТУШЫЛАР тәуелді нақты салым қойылған мақсаттар мен индикаторлар.»[11]

«Медициналық және фармацевтикалық білім беру  негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерінің дамуы.

Негізгі принциптері даму медициналық және фармацевтикалық білім беру болуы тиіс:

  • Қол жетімділігі
  • Сапасы
  • Бәсекеге қабілеттілік
  • Интеграция ғылым және тәжірибе
  • Адалдық және жоғары құзыреттілік басшылары
  • Ашықтығы және жария есептілік.»[12]

«Кез келген саланың дамуы немесе құлдырауы кадрға байланысты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырғымыз келеді. Бұл модель студенттерді іріктеуге қатысты. Сондықтан, таңдау жасау керек, мектепте биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқыған оқушыларды ма, әлде медициналық колледжерде оқыған «дайын» мамандарды қабылдаймыз ба?!» — деді бүгін «Жетекші шетелдік университеттер мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңін қорытындылау туралы» халықаралық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.»[11]

Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша)және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады.[12]

2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері  талқыланды.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-100

Сурет 3. Жағдайды модельдеу арқылы тәжірибелік оқыту циклі

  «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде оқу процесінің бағдары соңғы нәтижесінде бірінші кезекте сапалы-жаңа деңгейдегі медициналық білімді құруға ұмтылыспен медициналық білім үлгісі, кәсіпті бағдарланған құзыреттерді қалыптастыруда. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, білім беру процесінің соңғы нәтижеге деген бағдары, медициналық білім берудің сапалық – жаңа деңгейін құруға ұмтылады – кәсіби біліктілікті қалыптастыруға бағытталған, оқуға деген құзіреттілік медициналық білім беру моделі жасалуда. Білікті білім беруге деген алғашқы саты ҚазҰМУ түлектерінің кәсіби біліктілік үлгісін анықтау болып табылады, ол келесі компоненттерді қалыптастырудан тұрады: когнитивті компонент: -білім, операционалды компонент: -кәсіби ілімдер, құқықтық компонент: «денсаулық қорғаушысы» т.б. денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен нормативті құжаттарды білу; үздіксіз білім алу, ӛзін-ӛзі жетілдіру мен ӛзіндік дамуға деген дайындық. ҚазҰМУ медициналық білім берудің үлгісін жетілдірудің келесі қадамы жеке пәндер мен оқу деңгейінің біліктілігін жүйелеу және оқу-әдістемелік бағдарламаларды құрастыру болып табылады.»[11] Әрбір жеке пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құралдарға бес негізгі біліктілік құрамы бӛлінеді, оларды студенттер арнайы пәндерді оқу барысында меңгерулері қажет. Курстан курсқа ауысқанда бес компоненттің арасында қатынастық ӛзгерістер мен қиындықтар басталады. Пәндер бойынша біліктілік пен оқу деңгейін бӛлу, мамандықтың білім беру траекториясын қалыптастыруға комектеседі. «Оқу- әдістемелік бағдарламалар білім алушыға курсты және оқу орнын бітіру кезінде жеке пән бойынша соңғы нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл студенттің сауатты, кәсіби бағытта білім алудың соңғы нәтижелерін анықтауға қолдау болады. Оқу-әдістемелік бағдарламаларды енгізу, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыруға, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке пікірлерін, жаңашылдығын, креативті ойлауын қалыптастыруға, мәдениетті іскерлік қатынастың ілімдерін меңгеруге және біртұтас ҚазҰМУ түлегінің МЖМБС-ның квалификациялық мінездемесіне сай үлгісін қалыптастыру. Оқу–әдістемелік құралдар кӛмегімен негізгі элективті пәндердің жүйесі және жеке мамандықтардың траекторлары қалыптасады»[13]. Оқу-әдістемелік құралдардың пайда болуы медициналық білімнің білікті-бағдарлы үлгісіне негізделген және соңғы нәтижеге бағытталған еңбек нарығында бәсекеге қәбілетті оқу орнына келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жоғары білікті маманды дайындау. « Бұл жүйе еңбек нарығына мамандарды дайындауға және мамандықтар бойынша кәсіби бағдарламалардың үлесін арттыруға негізделген, сонымен қатар әлеуметтік серіктестер қатысуымен жасалған: Оқу орнының академиялық еркіндігін кеңейту; Студенттер мен оқушыларға жағдай жасау; Білім беру орындарының сапа механизмдерінің мүлтіксіз қадағалануы; Алдыңғы қатарлы әлемдік рейтінгке кіру (мысалы, Times Higer Education) оқу орны мен бағдарламаның халықаралық аккредитациясы арқылы; Оқу жүйесіндегі білімнің, ғылымның және тәжірибенің интеграциясы; ЮНЕСКО-ның Лиссабон конвенциясына және болон жүйесінің талаптарына сай мамандар даярлау. Отандық және шетел оқу орындарының білім беру бағдарламасына сараптама жасау арқылы, оған қоса ҚазҰМУ түлегінің кәсіби біліктілігі арқасында жасалған үлгі негізінде, оқу-әдістемелік бағдарламаның құрылымы ұсынылды. Ол келесі бӛлімнен тұрады: Түсіндірме қағаз (кӛрсетілген оқу-әдістемелік бағдарламаның қажеттілігі туралы); Кіріспе (бағдарламаны енгізудегі күткен нәтижелер); Мамандықтардың иерархиялық мақсаты; 7 Мамандықтың білім траекториясы; Ұсынылған элективтердің қатары; Сонымен  қатар бағдарлама мазмұны маманның барлық біліктілігін толық көлемде көрсететін және келешек ұрпақтың МЖМБС-сын құрастыру кезінде есепке алыну қажет. Оқу бағдарламалары комитеті мен Білім департаментінің ұсынған құрылымына сәйкес оқу- әдістемелік бағдарламалар құрастырылды.»[14].

Ол мамандықтар ішінен мамандар дайындау бағытын ұйымдастыруға және анықталған мамандықтардың білікті сипаттамасына мүмкіндік береді. Мысалы, «Жалпы медицина» мамандығының ішінде мына бағытта мамандар даярлайтын оқу траекториялары ұсынылған: «терапия», «жалпы тәжірибе дәрігері», «педиатрия», «стоматология» мамандығы бойынша «жалпы тәжірибенің дәрігер-стоматологы» бағытындағы мамандар даярлау; «мейірбике» бағыты бойынша «медициналық мейірбике-менеджер», фармация мамандығы бойынша – «фармацевт-провизор», «менеджмент» мамандығы бойынша «фармация мен денсаулық сақтаудағы менеджер» бағыттары қарастырылған. [15] Жалпы алғанда оқу бағдарламалары оқу жүйесін координаттауға және жүйелендіруге, оқу деңгейіне байланысты әр пән бойынша біліктілік бағалар критериін анықтауға және оқу орнындағы оқу процесінің одан әрі даму мүмкіндіктерін және тиімділік критерийлерін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл мәселе басылымның оқу әдісімен біліктілікті бағалау әдістеріне арналған келесі бӛлімде толығырақ қарастырылған. Сонымен оқу бағдарламалары Болон процесін принциптеуді жүзеге асыратын механизмдердің бірі болып табылады және сапа менеджмент жүйесіне сәйкес білім сапасының жақсаруына негіз болады.« С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың әкімшілігі және педагогикалық ұжымы, нормативті-құқықтық құжаттар мен ҚР-ғы білімді ұйымдастыру туралы материалдарды қарастыра келе мына мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын құрастырып шығарды «Жалпы медицина» (6 дайындық бағыты бойынша «Жалпы тәжірибе дәрігері», «Ішкі аурулар», «Хирургия», «Акушерия және гинекология», «Педиатрия», «Тазалық және эпидемиология») «Қоғамдық денсаулық», «Стоматология» , «Фармация», «Менеджмент», «Медбике ісі». Бағдарлама ҚР 2006 жылы МЖМБС негізінде жасалған. Оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде медицина мамандығының кәсіби біліктілігі ұғымына интегралды сипаттама, кәсіби мәселелерді шешу қәбілетін анықтайтын және кәсіби типтік мәселелер.»[15] . Қазіргі медицина саласындағы білікті маман — бұл тек арнайы білімі, кәсіби қабілеті мен ілімі бар маман ғана емес, сонымен қатар заңдарды кәсіби тұрғыда білетін және ӛзін-ӛзі жетілдіретін маман. Осыған орай медицина саласындағы білікті маман үлгісі барынша күрделі, әрі жан-жақты болып табылады, мұнда назарға тек танымдық білім ғана емес, түлектердің тәжірибелік ілімдері, сондай-ақ жеке және құқықтық аспектілері де алынды. Оқу бағдарламалары  мемлекеттік дамуға негізделген типтік оқу жоспарынан тұрады, бұл әртүрлі бағыттағы медицина профилінің кәсіби білікті мамандарының дайындығына байланысты. «Типтік оқу жоспары әрбір бағыттың ерекшеліктерін ескеретін біліктіліктермен толықтырылған. Бұл таңдау бойынша курсқа кіретін пәндердің оқу жоспарларын енгізумен жүзеге асады. Оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беру пәндерінің циклі білімді қалыптастыруға бағытталған, мұнда медициналық мәселелердің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық мәдени ерекшеліктерін түсіну қажет.»[16]

Базалық пәндер циклі базалық биомедицина саласындағы ғылыми әдістер мен концепциялардың түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Олар клиникалық ғылыми білімдер мен олардың тәжірибеде қолданылуына бағытталған негіз болып табылады. Профилді пәндер циклі медицина профиліндегі маманның кәсіби қызметінің негізгі міндеттерін шешуге қажет клиникалық білім мен ілімдерді қалыптастыруға, емделушімен тиімді қарым-қатынас жасауға және клиникалық ойлауды дамытуға; шешім қабылдау ілімдерін қалыптастыруға бағытталған.

«Оқу бағдарламалары арқылы медицина профиліндегі мамандарды дайындау нәтижелері: Мамандығы бойынша толыққанды сапалы жоғарғы білім алу;

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жалпы дәрігерлік тәжірибенің кәсіби біліктілігін дамыту және қалыптастыру;

Шығармашылық мүмкіндікті, бастама мен жаңашылдықты, креативті ойлауды дамыту;

Дамудың жоғарғы интеллектуалды сатысына жету, қызметтік тіл мәдениеті, жоғарғы этикалық нормалар;

Денсаулық сақтау және фармация саласындағы әкімшілік-құқықтық және ұйымдастырушылық-құқықтық басқарудың әдістері мен тәсілдерін білу;

Мамандардың кәсіби білім алуының үздіксіз жалғасуы. ҚазҰМУ–дың оқу бағдарламаларды енгізудегі негізгі мақсаты, білімі халықаралық стандартқа сай келетін біліктілікке ие, бәсекеге қәбілетті маман дайындау.

Аталған бағдарлама медицина және фармация мамандарын даярлаудағы кемшіліктердің орнын толықтырады. Осыған орай, ұсынылған оқу бағдарламасы оқудағы біліктілік кӛзқарасты қалыптастырып, ғылым мен тәжірибедегі ортақ адамдық және ұлттық құндылықтар негізінде кәсіби тұлға болып қалыптасуға кӛмектеседі. Бұларды енгізу оқу жүйесін оңтайлы етуге, студенттер мен оқытушыларды соңғы нәтижеге бағыттауға, тәжірибелік жұмыстарды желілдіруге, психологиялық-педагогикалық қолдау, білім алушылардың кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылатуға және жалпы алғанда оқу орнының білім сапасын кӛтеруге бағытталған. Оған қоса құрастырылған бағдарлама медицина профиліндегі мамандарға оқудың жеке траекториясын анықтауға және осы арқылы ӛз пәнінен терең білім алуға мүмкіндік береді.»[17]

Кесте 2.С.Ж.Асфендияров атындағы «Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің» жоғары арнайы білім мамандықтары

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-100

Ескерту-мәліметтер Қазақ Ұлтық Медицина Университетінің ресми сайтынан алынды  www.kaznmu.kz

«Университеттің халықаралық қызметін Халықаралық ынтымақтастық бөлімі және Болон үдерісінің виртуалды институты үйлестіреді.

Халықаралық қызмет үздіксіз білім беру және клиникалық мәселелер жөніндегі проректор Ф.Н. Нұрманбетованың басшылығымен жүзеге асырылады.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі 2008 жылы құрылды, өз қызметін шетелдік университеттермен, ғылым және медициналық орталықтармен, фармацевтикалық ұйымдармен сыртқы байланысты дамыту, университеттің халықаралық ынтымақтастығын

дамытудың стратегиялық міндеттеріне сәйкес еліміздің білім беру және денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады.»[17].

Бөлім қызметінің басты бағыты мақсаты университеттің халықаралық академиялық кеңістікке кірігуі, әлемдік білім беру нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  білім, ғылым және клиникалық қызметті әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастықты әлемдік талаптарға сәйкес жүзеге асыру, сондай-ақ аталған қызмет бағыттары бойынша сапаны қамтамасыз ету болып табылады.

«Бөлімнің басты міндеті халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтау, әлемдік ТОП 500 рейтингіндегі шетелдік серіктестермен жетістікті жоспарлар құру, білім беру, ғылым және клиника саласында байланыс орнату үшін серіктестерді іздеу және таңдау, университеттің халықаралық ынтымақтастық, білім, ғылым және клиника саласындағы ақпараттық қолдау, болашақтағы және іс жүзіндегі шетелдік мамандармен келіссөз, Университеттің халықаралық қызметіне мониторинг жүргізу, Халықаралық қауымдастықтармен ұтымды ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.»[17]

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің халықаралық қызметі университет мәртебесін нығайтуға, білім берудің интернациолизациясын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігі мен ғылыми қауымдастыққа кірігуге бағытталған. ҚазҰМУ халықаралық ынтымақтастықты шетелдік жетекші университеттермен жасалған келісім аясында жүзеге асырып, бірлескен халықаралық білім беру бағдарламаларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар ұйымдастырады, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын іске асырады, танымал визитинг-профессорларды дәріс оқуға, тәжірибе алмасуға шақырады.

«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық ынтымақтастықты Солтүстік Америка -10, Еуропа – 47, Азия-Тынық мұхит өңірі – 14, Таяу Шығыс – 1, Балтық және ТМД елдерімен – 36 және т.б. шетелдік жетекші университеттермен бекіткен келісімшарттар, келісімдер, меморандумдар аясында жүзеге асырады.

Университет әлемнің 35 мемлекетінің 108 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге және меморандумдарға қол қойған, олардың ішінде 21 жоғары оқу орын университеттердің әлемдік QS WUR рейтингіне кіреді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі алғашқы медициналық көмек және үздіксіз кәсіби білім беруді Ұлыбританияның Данди университетімен өзара ұтымдыынтымақтасты дамыту арқылы  медициналық білім беру саласының әлеуетін нығайтудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін Медициналық университеттер мен Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін біріктірді. 2014 жылдың шілдесінде сәйкес тараптар Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум медициналық білім беру саласындағы оқыту мен ғылыми зерттеулердің және жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлау барысында халықаралық озық тәжірибені пайдалануға мүмкіндік береді».[19] Ынтымақтастық аясында бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар әзірленеді және жүзеге асырылады, медициналық білім беру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткізу мақсатында академиялық ұтқырлықты дамыту жүзеге  асырылады.

«2014 жылдың қазанында қол қойылған меморандум аясында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және медициналық жоғары оқу орындарының жетекшілері Ұлыбританияның Данди университетінің Медицина, Стоматология және Мейіргерлік іс колледждерінің серіктестік ынтымақтастық мәселелерін талқылау және денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау, ұлттық медициналық білім беру жүйесімен танысу үшін барып қайтты, сапар нәтижесі бойынша медициналық білім беру бағытындағы стратегиялық серіктестік туралы жол картасы әзірленді.»[20]

«Данди университетінің медициналық білім берудегі инновациялар бойынша декан орынбасары, профессоры Джин С. Кер стратегиялық серіктестікті жүзеге асыру аясында «Университет күндері -2014» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты және құзіреттіліктерге негізделген медициналық білім беру бойынша оқытушыларға арналған семинар өткізді. Профессор Д.Кер 2015 жылдың ақпанында ҚазҰМУ базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстанадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек қажеттілігін анықтау: жалпы тәжірибе дәрігерін даярлау» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Шеберлік сыныбына 50 жалпы тәжірибе дәрігері, зерттеушілер, әкімшілік персонал, алғашқы медициналық-санитариялық көмек пәнінің оқытушылары және республикамыздың 13 өңірінің мейіргерлері қатысты».[21]

ҚазҰМУ қызметкерлері медицина мамандықтары бойынша академиялық бакалавриатты ұйымдастырудың ерекшеліктері, медицина факультеттерінде жүзеге асырылатын үздіксіз медициналық білім берудің интеграциялық бағдарламалары, студенттердің клиникалық даярлығы, үздік практикасы, жалпы тәжірибе дәрігерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері бойынша оқу семинарынан өтті.

«ҚазҰМУ және Ұлыбритания, Саутгемптон университеті арасындағы ынтымақтастық туралы  қол қойылған меморандум аясында ҚазҰМУ басшылығы 2015 жылдың наурызында қоғамдық денсаулық сақтау саласында және мейіргерлерді оқыту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бірлескен бағдарламаларын әзірлеу және келісу үшін сонымен қатар ғылыми-зерттеу қызметін бірлесе жүзеге асыру мақсатында жұмыс сапарымен барып қайтты».[20]

«Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Оңтүстік Корея Кенгхи университетінің халықаралық медициналық орталығы арасында білім беру бағдарламалары бойынша дәрігерлерді клиникалық даярлау, мейіргелік іс саласында білім беруді дамыту бағытындағы ғылым мен практиканы, білім беруді  әрі қарай жетілдіру саласында академиялық тәжірибе алмасуды дамыту, ұлттық білім беру, ғылым және практика саласында ынтымақтасты дамыту жөніндегі Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.»[21]

«ҚазҰМУ және Тайбэй медициналық университеті (Тайвань) арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімшарт аясында ҚазҰМУ басшылығы мен қызметкерлері ТМУ-ге бірлескен іс-шаралар өткізу үшін, тәжірибе алмасу және Тайбэй университетінің QSWUR рейтингіне ену тәжірибесін зерделеу, медициналық университеттің дамуы бойынша ең үздік практикамен бөлісу мақсатында барып қайтты. Тайбэй медицина университетінің ректорымен және басшылармен кездесіп, Тайвань білім және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ұлттық сақтандыру жүйесі, профилактикалық медицина бойынша «MJ Health Management Consultant Co» компаниясы өкілдерімен медицина саласындағы мәселелер талқыланды.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына (Болон қаласы, Италия) қол қойған, 40 кәсіби қауымдастықтың мүшесі :

  • Cақтандыру жүйесінің жобасы (СЖЖ) бойынша кардиологтардың еуропалық қауымдастығы;
  • Еуропалық кардиологтар қауымдастығы;
  • Еуропалық аллергологтар және клиникалық иммунологтар академиясы (EAACI);
  • Қазақстан Республикасының  аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығы;
  • Еуропалық радиологтар қауымдастығы;
  • Халықаралық морфологтар қауымдастығы;
  • Еуропалық эндокринологтар қауымдастығы (ESE);
  • Қазақстан Республикасының диабет қауымдастығы;
  • Халықаралық эндокринологиялық қоғамы (АҚШ);
  • Республикалық білімді бағалау және коммуникативтік дағдылар орталығы;
  • ҚР Ұлттық медициналық қауымдастығы (ҰМҚ);
  • Ресейлік акушер-гинекологтар қоғамы;
  • Қазақстандық ұрпақ өрбіту және сексуалдық денсаулық қауымдастығы (КМПА);
  • Еуропалық гинекологтар және эндокринологтар қауымдастығы;
  • Түркия офтальтологтар қоғамы; Еуропалық катарактальдық және рефракциялық хирургтар қауысдастығы (ESCRS);
  • Еуропалық урологтар қауымдастығы;
  • Америкалық урологтар қауымдастығы;
  • Дүниежүзілік урологтар қауымдастығыТМД елдерінің  халықаралық хирург-гепатологтар қауымдастығы;
  • ҚР ДСМ «Пернинаталдық медицина» қауымдастығы;
  • Еуропалық хирургиялық онкология қоғамы (ESSO);
  • Еуразиялық онкологтар федерациясы (EAFO) және білім, ғылым, клиника және фармация, стоматология саласының халықаралық қауымдастықтарының да мүшесі болып табылады.

Олар: Еуропалық медициналық білім беру қауымдастығы (АМЕЕ), Еуропадағы стоматологиялық білім беру қауымдастығы (ADEE), Еуропалық университеттер қауымдастығы (EUA), Университеттердің халықаралық қауымдастығы (IUA), Еуропалық фармацевтикалық факультеттер қауымдастығы (EAFP), Еуропа өңірінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі қауымдастығы (ASPHER), Халықаралық фармацевтар федерациясы (FIP), Халықаралық стоматологтар қауымдастығы (ADEE),  Еуропалық жүйе бойынша денсаулық туралы ғылым және биомедицина саласындағы PhD бойынша білім беруді ұйымдастыру (ORPHEUS), Еуропадағы медициналық мектептер қауымдастығы (AMSE), Еуразиялық университеттер қауымдастығы (ЕАУ), Сібір ашық университеті қауымдастығы.»[21]

«Еуропа, Азия мен АҚШ, сондай-ақ, таяу шетелдегі жетекші мамандары ҚР-ның медициналық мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту саласындағы проблемалық мәселелерін талқылайды», — деп атап өтілген хабарламада
«Үздіксіз медициналық білім беру — қауіпсіздік кепілі және медициналық көмек көрсету сапасы» тақырыбындағы алғашқы республикалық конференция 2014 жылдың 25-27 қыркүйегінде Алматыда өтеді. Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және «Медициналық мамандарды үздіксіз кәсіби дамыту» АҚ болып табылады.
Конференция жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Корея Республикасы, АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь және өзге елдердің үздіксіз кәсіби білім беру саласындағы жетекші мамандарықатысады».[22.] Конференция бағдарламасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек, қан айналымы жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау, онкологиялық қызметтер саласындағы ҚР-ның денсаулық сақтаудың басым бағыттарын шешу үшін дәрігерлер, медбикелер мен денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту салымы тұрғысынан қалыптастырылған. Конференция аясында балалар неврологиясының өзекті мәселелері қарастырылады, шеберлік сыныптары, семинар-тренингтер, сондай-ақ, корей шығыс медицинасы бойынша форум өткізу жоспарланған.
Хабарламада атап өтілгендей, денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін халықаралық диапазонда кеңінен талқылау халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үздіксіз кәсіби білім беру сапасын жетілдіру бойынша нақты қадамдарын айқындауға мүмкіндік береді.

«Ресейлік-америкалық медициналық қауымдастығы, Ресей және Беларусь халықаралық стандарттарды енгізу және халықаралық сертификат берумен медициналық қызметкерлерге үздіксіз білім беру саласындағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу мәселелері жөнінде дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қортындысын жасау жоспарлануда.»[22]

Ұзақ уақыт қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарында студенттердің теориялық және мануалды тәжірибелік дағдылар мен шеберлігін бағалау үшін әр түрлі әдістер қолданылды: ауызша сұрау, клиникалық есептерді шешуге негізделген жазбаша емтихан, электрокардиограмма мен рентгенограмманы клиникалық жинақтау, биоорталарды клиникалық және биохимиялық зерттеу нәтижелері туралы жағдаяттық есептер бойынша сұхбаттасу. Бірақ, бұл әдістердің барлығы субъективті сипаттама ғана береді, олардың ішінде бақылау нәтижелерін бағалау үшін стандартталған жол жоқ, олар соңғы нәтижеге – пәнді / курсты аяқтаған кезде студенттің ие болған білім нәтижелерін, біліктілігін анықтауға бағытталмаған. Сонымен, студенттердің білімін бағалаудағы дәстүрлі жолдар қазіргі заманға сай жоғары білім мен түлектерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейді. «Студенттердің оқу іс-әрекетін бағалау стратегиясында болып жатқан өзгерістерді талдап, зерттеушілер тӛмендегі беталыстарды бекітеді:Жазбаша жұмыстар (емтихан), жабық емтихан Ашық емтихан, кооперативті емтихан, курстық жұмыстар, жобалар Оқытушы, тъютордың бағалауы Студенттер қатысуымен бағалану имплицитті (айқын емес) өлшемдері ,бағаның эксплицитті (айқын) өлшемдері ,бәсекеге қабілеттілік ,қызметтестік ,нәтиже бағасы ,үрдіс бағасы ,мақсаты мен міңдеті,оқу нәтижелері ,білімнің бағалануы ,икемділік пен қабілеттердің бағалануы ,еске сақтаудың тестілендіруі ,түсінудің, интерпритациялаудың, қолданудың, талдаудың, синтездің бағалануы ,курстың бағалануы.Медициналық жоғары оқу орындағы студенттердің біліктілігін қалыптастыру үшін қолданылып жүрген оқыту мен бағалауға арналған жолдарды ӛзгерту қажет. 2004 жылы Әлемдік банк ӛткізген салыстырмалы зерттеу бұрынғы кеңестік елдерде (Ресей, Беларусъ, Украина) және Батыстың дамыған елдерінің (АҚШ, Франция, Канада, Израилъ) жоғары оқу орындарындағы түлектер мынандай нәтижелер кӛрсетті: бұрынғы кеңестік студенттер «білім» мен «түсіну» өлшемдері бойынша ең жоғарғы нәтиже (9-10 балл) алса, «тәжірибеде білімін қолдану», «талдау», «синтез», «бағалануы» (1-2 балл) өлшемдері бойынша ең тӛменгі балға ие болды. Ал, дамыған батыс елдеріндегі студенттердің нәтижелері керісінше: олар «білім» ӛлшемі бойынша тӛмен кӛрсеткіш көрсеткеіне қарамастан, «талдау», «синтез», « дағдыларды дамыту» бойынша және шешім қабылдауда білімін қолдану бойынша жоғарғы деңгейді көрсетті). Сонымен, барлық түйінді және арнаулы біліктілігін біріктірген, оқытудың біртұтас жақындасқан нәтижесі ретінде қарастырып, олардың кәсіптік құзырлылығының қалыптасуына баса назар аудара отырып, Қазақстанда медициналық студенттерді оқытудағы басымдықты өзгерту қажет. Демек, оқыту үрдісі үздіксіз цикл ретінде қарастырылуы тиіс: білім беру мен оқытушы кӛмегімен дағдыландырудан бастап муляждар арқылы оқытуға дейін. Сосын, қажетті дағдыларды игергеннен кейін, стандартталған пациенттер мен науқастарға курация жүргізу керек. Келесі кезең – клиникалық жағдайларды модельдеу. Ал, студенттің құзыреттілікті игергенінің қорытынды бағаласы Шынайы Құрылымдық клиникалық емтихан (ШҚКЕ) болып табылады.

Л.М. Наумовтың пікірі бойынша дәрігерді дайындау үш кезеңде шешіледі: клиникалық ойлаудың қалыптасуы, соның негізінде дәрігерлік іс-әрекетті игеру қалыптасады, содан кейін осы алғашқы екі кезеңнің негізінде кәсіби дағдыларды автоматты түрде жүзеге асыру қалыптасады. Дәрігерлік қызметтің модельдік әдісі студенттің кәсіби дағдылары мен білікті дағдылары қалыптасады. Л.Б.Наумов дәрігерлік қызметтің модельдік әдісінде кәсіби тапсырмалар, жағдайлық мәселелер мен ойындарды дәрігерлік шеберлікке жеткізетінін үш жоғары кезеңде анықтады.»[23] Жағдайларды модельдеу үрдісі дағдыларға үйрету кезінде өте тиімді. Дәрігер- оқытушының мақсаты студенттерге сай рольдік модельде ғана емес, сол рольдік модельде қабылданатындай болуы қажет. Болашақ дәрігерлер жоғары тәжірибелі науқастармен тиімді жұмыс атқаратын топ мүшелерімен сапалы медициналық көмек көрсете алатын мықты және болашағы бар салада жұмыс істейтін заманауи маман ретінде болуы керек. Жағдайды модельдеу студенттердің білім алуын түсіну үшін қажет. Өйткені бұл терең білім алу үрдісіне жағдай жасайтын тәжірибелік оқу циклы. Оқытудың бұл түрі дәрігерлерді кәсіби даярлауда басты элемент болуы қажет және бұл үрдіс дәрігерлерді бүкіл өмірі барысында, жалпы тәжірибеде белсенді үйретуді көздейді. Үйренушілер бұл цикл барысында ойлаулармен ілесетін жана тәжірибе үйреніп, әр түрлі жауапты реакцияларды қолдануды үйренеді. Әрі қарай үйренушілер алған жаңа ойларын қалыптастыра алуы оларды нақты және логикалық түсіндірмелерге айналдырып, бұл түсініктерді жаңа жағдайларда қолдануды үйреніп, циклді аяқтайды. Бұл цикл суретте көрсетілген.

Жағдайды модельдеу әдісін қолдана алу оқытушы студентке керекті мағлұмат беруде, дағдылар мен білімін терең қалыптастыруда көмектеседі.

Қорытынды

«Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.»[24] Денсаулық сақтау мамандарын дайындау озық дамуда болуы қажет. Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дайындаудың басты постулаттарының бірі – «өмір бойы білім алу» болып табылады, бұл медицина қызметкерлерінің өз білімін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру қажеттілігін тудырады.

Денсаулық сақтау саласы мамандарының да кәсіптік құзыреттілігіне қойылатын талаптардың артуы жағдайында білім беру процесіне басқару ұйымдарынан бастап білім алушыларға дейін қатысушылардың жауапкершілігі артып келеді.  Жоғары медициналық білім берудегі құзыреттілік тұрғының қажеттілігі қазіргі замандағы қоғамды сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани-адамгершілік өзгерістермен анықталады. Бұл өзгерістер білім берудің осы саласының соңғы нәтижесінің жаңа сапасы – жоғары медициналық білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың кәсіптік құзыреттілігіне қол жеткізу талабын қойып отыр. Осы жағдайда құзыретті медицина мамандарын дайындау мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, өйткені халық денсаулығын қорғау еліміздің еңбек потенциалын сақтаудағы басты бағыттардың бірі болып табылады.

 «Негізгібасымдықтар:
— Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.
— Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.
— Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.
— «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
— Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деп ойлаймын. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.
— Медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.
— Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.
— Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғары оқу орындары болуы тиіс. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналатын АҚШ-тағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керек.
— Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз.
— Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.»[25] Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады.

Еліміздің денсаулық сақтау саласы қарқынды даму кезеңін бастан өткеруде, жаңа клиникалар салынып, заманауи жабдықтар қолданысқа берілген. Дегенмен, медицина сапасын қамтамасыз етуде басты тұлға болып дәрігер, медбике, олардың кәсіби білімі мен білігі болып қалмақ.  Бұл – Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 – 2015 ж.ж. арналған «Саламатты Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламасында айтылады және олар қомақты қаржы қорымен қамтамасыз етіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://zhardem.kz/news/6979-Бахрушина Л. А.\ 20.02.2012
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы// Егемен Қазақстан, 2011.12ақпан.-http://orleu.kz/?p=1559
  3. «Денсаулык», редактор Каназ Молдахмет, 2012 год, 26 б. kz/press
  4. Аканов А., Мырзабеков О., Ахметов В. и др. Болонский процесс – путь КазНМУ в общеевропейское образовательное пространство. – Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2010.-59-60б.
  5. Аканов А.А., Хамзина Н.К., Ахметов В.И. и др. Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова: на пути инновационных преобразований. – Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, 2010.
  6. Амиров Н. Медицинская газета, 19.11.2010.6.
  7. http://bilim-all.kz/article/4510-Qazaqstandagy-meditsinalyq-universitetter-mektep-tulekterin-qabyldamauy-mumkin, Мусаев А. Е. 20.06.2014
  8. http://primeminister.kz/kz/news/10/mezhdunarodnye-eksperty-obsudjat-perspektivy-nepreryvnogo-professionalnogo-obrazovanija-meditsinskih-kadrov-rk Усманова  Г. М., 19.04. 2012
  9. https://kaznmu.kz/press/wp-content/uploads/2012/12/4-., Аканов А. А., Ахметов В.И, 21. 03. 2011.
  10. «Здоровье и болезнь», редактор И.Г.Цой, 2015 год, 34 б. http ://www.ukgma.kz
  11. «Медицина», редактор А. Сейсенбаев, 2014 год, 34 б. kz
  12. «Онкология и радиология», редактор Ж.А. Арзыкулов, 2013 год, 21 стр. national_clinic.kz
  13. «Клиническая медицина Казахстана», редактор А.К. Байгенжин, 2012 год, 30 стр. kz
  14. «Офтальkaz_nii_oir@nursat.kz мологический журнал Казахстана», редактор Т.К.Ботабекова, 2014 год, 17б.
  15. «Педиатрия и детская хирургия», редактор А.К. Машкеев, 2010 год, 25 стр. kz
  16. «Терапевтический вестник», редактор К.Б. Кабдрахманов, 2015 год, 26 бет. kz
  17. Кодекс Республики Казахстан о здоровье народа и системе здравоохранения (с изменениями и дополнениями по состоянию на 30.06.2010 г., 125 б)
  18. «Фармацевтический бюллетень», редактор К.У. Ушбаев, 2014 год, 21 стр. kz
  19. Муминов Т.А., Даулетбакова М.И. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских вузов. – Алматы: КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова,
  20. «Центрально – Азиатский научно – практический журнал по общественному здравоохранению», редактор М.К. Кульжанов, 2012 год, 19 стр. kz
  21. «Вопросы ментальной медицины и экологии», редактор А.Л. Катков, 2012 год, 16 стр. com_farmacia@nursat.kz
  22. «Алматы медицинский журнал», редактор Ж.Ш. Жумадилов,
  23. 2012 год, 16 стр.  kz@rambler.kz
  24. «Проблемы стоматологии», редактор Т.К. Супиев, 2013 год, 23 стр. kz flerdari.kz
  25. «Фармация Казахстана», редактор Г.Д. Бердимуратова, 2014 год, 23 стр. ismailovancpt.kz
  26. «Морфология и доказательная медицина», редактор А. А. Идрисов, 2013 год, 28 стр. kz

Құрастырғандар: Нұрымова А., Туракова Ж

Яндекс.Метрика