ҚАЗАҚ ТІЛДІ АҚПАРАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ӨЗГЕ ТІЛДЕГІ РЕСУРСТАРМЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақ тілді ақпарат ресурстарының өзге тілдегі ресурстармен бәсекеге қабілеттілігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ тілі ақпараттық ресурстары арқылы ірі тілдердің бірі ретінде бірегейлік, соның ішінде мықты ұлттық-мемлекеттік бірегейлік үшін күрес пен әлемдік бәсекеге түсті. Алайда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі деген жоғары мәртебені иелене тұра, ақпараттық мүмкіндіктер бәсекесіне біршама кешеуілдеп қатысып отыр, оның қолданысындағы өзгермелі жағдайлар кейінге шегеруге болмайтын және маңызды шараларды қолға алуды талап етеді.«Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады», — деп  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы қазақ тілінің қолдану аясының кеңеюі қазақ тілді ақпарат құралдарының көбейіп, таралуына түрткі болары хақ. Бүгінгі күннің күнтізбесінде тұрған, ең өзекті, ең маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілінің өз деңгейінде қолданылуы.  Қазақ тілінің техникалық тіл еместігін алға тартып, оның техникалық сөздік қоры бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында жоққа жақын деп байбалам салушылар оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесіне кір келтіріп бағуда. Қазақ тілді ақпарат құралдары – Қазақстандағы халықтардың, қазақ ұлтының дамуына, оның тілі мен дінінің өркендеуіне, әдет-ғұрыптарының насихатталуына, бір тұтас ұлттық мемлекет межесіне жетуге қызмет етуі керек. Сондықтан, баспасөз саласындағы қоғаммен байланыстың негізгі міндеті – билік пен халықты жақындастыру, биліктің саясатын бұқара халыққа, халықтың үнін басшылыққа жеткізуге міндетті. Осындай мүдделік аясында, өткен он жылдың ішінде еліміздегі қазақ тілді БАҚ-тың жайы біртіндеп өзгере бастады. Яғни, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің ұштасқан тұсы ақпарат құралдарында жиі көрініс табуы шартқа айналды.Мемлекеттік тіл саясатын жолға қою мақсатында қабылданған түрлі бағдарламалар мен қолға алынған іс-шаралардың оңды нәтижесі күннен-күнге айқынырақ біліне бастады. Осы тұрғыда ақпарат құралдарының еліміздің, ұлтымыздың даму жолындағы қосар үлесі зор. Әсіресе, ұлттық жадымызды жаңғыртып, іргелі ел болудағы ақпарат құралдарының рөлі аса ауқымды. Ақпарат кеңістігінің иесі мемлекет болғандықтан, ондағы ақпараттар легі сол мемлекет азаматтарының сұранысына сай және оны толыққанды қанағаттандыратын болуы тиіс. Сонда ғана, қоғамдық ортаны қалыптастырып отырған қазақ ұлтының мемлекеттегі рөлі нығайып, қоғамдық байланыстың маңызы артады. Әрбір тілдің бәсекеге қабілеттілігі, ғаламтор пайдаланушылары арасындағы қолданыс көрсеткіші артқан сайын ол тілдің танымалдылығы да арта түсетіні мәлім. Бұл орайда біз ғаламтор кеңістігіндегі қазақ тілінің  қолданыс аясын кеңейтуге мән бере қарауымыз қажет.Ғаламтордағы қазақ тілінің жай-күйіне келсек, компьютерлік тіл (сленг, жаргон, т.б.) сияқты құбылыстардың кейбір көріністері пайда болуда. Ақпараттық технологиялар саласының қазақшасы кейінгі жылдары ғана орнығып келе жатқанымен, тілбұзарлық үрдістерге барынша сергек қарағанымыз абзал.Отандық БАҚ саласын дамыту – еліміздің бәсекеге қабілеттілін арттырудың бірден-бір жолы. Жаһандық ақпарат кеңістігінде осы үдеден шыға білген елдердің ғана жүрісі нық, көші түзу болатыны сөзсіз. Өйткені ақпарат аясы – барлық саланы қамтиды. Демек, оның жүйелі әрі сапалы болуы үшін кешенді жұмыстар атқарылуы қажет. Әлемдік жүйенің әр бөлігі басқа бөліктерге ықпал етеді және өзі де солардың ықпалына түседі. Бұл кез келген салаға – саясат, экономика, қауіпсіздік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және басқа да салаға қатысты. Ақпараттық және басқа технологиялардың осы заманғы дамуы, шектеусіз әлемдік рынокқа шығу, бүкіл дүниежүзімен сауда жасау мүмкіндігі, әлемдік білім мен ақпараттың негізгі ортасына кез келген өңірден қосылу мүмкіндігі, бүкіл әлеммен тікелей байланысқа түсу, басқа елдерден үйрену, өзге халықтардың мәдениетін білу арқылы рухани баю – мұның бәрі қазіргі дүниенің бізге беретін нәрсесінің бір бөлігі ғана. Жаһандануды әркетке келтіретін көптеген себептер бар. Жаһандану процесінің құрамдастары – ғылыми-техникалық прогресті, жаңа ақпараттық, коммуникациялық, әлемдік экономиканың даму деңгейін, оның субъектілерін және басқа да көптеген нәрсені көрмеу мүмкін емес.

«Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) — 1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын мемлекеттің рухани пәрмені (күш-қуаты); мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады; 2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.Қазіргі заман талабы қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде  мен  қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи әдістемесінің, ұлттық мәдениетіміздің қайнар көзі ретінде уақыт пен кеңістіктегі   даму жолдарын, ондағы негізгі бағыттарды, рухани және материалдық мәдениеттің негізгі тірегі мемлекеттік  тілде екенін жүйелі түрде зерделеуді қажет етеді». [1]

«Бүгінгі күннің күнтізбесінде тұрған, ең өзекті, ең маңызды мәселелердің бірі – қазақ тілінің өз деңгейінде қолданылуы.  Қазақ тілінің техникалық тіл еместігін алға тартып, оның техникалық сөздік қоры бүгінгі ақпараттық технологиялар заманында жоққа жақын деп байбалам салушылар оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесіне кір келтіріп бағуда. Қазақ тілді ақпарат құралдары – Қазақстандағы халықтардың, қазақ ұлтының дамуына, оның тілі мен дінінің өркендеуіне, әдет-ғұрыптарының насихатталуына, бір тұтас ұлттық мемлекет межесіне жетуге қызмет етуі керек. Сондықтан, баспасөз саласындағы қоғаммен байланыстың негізгі міндеті – билік пен халықты жақындастыру, биліктің саясатын бұқара халыққа, халықтың үнін басшылыққа жеткізуге міндетті. Осындай мүдделік аясында, өткен он жылдың ішінде еліміздегі қазақ тілді БАҚ-тың жайы біртіндеп өзгере бастады. Яғни, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің ұштасқан тұсы ақпарат құралдарында жиі көрініс табуы шартқа айналды. Сондықтан, біз еліміздегі тәуелсіз арналардағы қазақ тілінің мемлекеттік тілге айналып, «бір тіл, бір ту, бір діл – қағидатының» жүзеге асу барысындағы телеарналардың қазақ тілді аудиториямен байланысын талдамақпыз. Бұл үлкен жақтан алып айтқанда, мемлекеттің негізін қалаушы қазақ ұлты екенін өзге ұлт өкілдеріне ұғындыру, қазақтың тілінің кең етек жаюына үгіт-насихат арқылы  бір ұлтты  – PR  жасау дегенді білдіреді.  Мемлекеттік тілді отандық БАҚ-та насихаттау мәселесі көптен өз шешімін таппай келе жатқан, мемлекеттік, ұлттық деңгейдегі маңызы бар, осыған дейін ұлт зиялылары тарапынан аз қордаланбаған мәселе екені белгілі. Себебі, тілі болмаған ұлт еш заманда, еш дәуірде жеке ұлт ретінде өз орнын таппаған. Тілі құрып біткен ұлттардың жер бетінен жойылып кеткенін әлем тарихынан оқып та, біліп те жүрміз. Ұлттық мүдде тұрғысынан алғанда тәуелсіз телеарналардың басым бөлігі дерлік қазақ көрерменінің мүддесін қорғамады. Бұл ең бірінші түйткілі көп қазақ тіліне қатысты еді. Алғашқы жылдары заңмен бақыланбаған тәуелсіз телеарналар өзгесін айтпағанда, тәулік бойы орыс тілінде хабар тарату арқылы мемлекет құраушы ұлттың негізгі ұстанымдарына қайшы келді». [2]

«Ең басты мәселелердің бірі интернетте қазақ тілінде қажетті көлемде және сапада ақпараттың (контенттің) болмауы.  Қазақ тіліндегі ақпараттың (контенттің) жеткіліксіздігі, қолданыстағы веб-ресурстар сапасының төмендігі және бәсекеге қабілетсіздігі.  Бірнеше мәрте және бірнеше жылдан бері қазақ тіліндегі ақпаратты қолдау үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінуде. Дегенмен, Қазнетте қазақ тілді сайттар саны мүшкіл халде. Оған дәлелді http://kzindex.kz сайтының «KZ домендік зонасында интернет-ресурстардың фонетикасы» бөлімінен таба аламыз. Бүгінгі таңда Қазнетте қазақ тіліндегі сайттар саны қазақстандық сайттардың жалпы санының шамамен 12%-ын құрайды. Жыл өткен сайын қазақ тіліндегі жаңа ресурстар пайда болуда. БАҚ-ның электрондық нұсқалары дамуда, әртүрлі семинарлар, конференциялар, тренингілер, конкурстар өткізілуде, алайда интернет қауымдастығының пікірінше, мемлекеттік тілдегі контентті танымал етуге жаңа тәсілдерді іздеу қажет. Қазнеттегі қазақ тілін дамыту мәселесі бірнеше жыл бойы талқыланып келеді, алайда әзірге мемлекет пен қоғам күшінің бірігуі жоқ. Бірікпеген ұстаным қазақ тіліндегі қорларға жаңа сапалы деңгейге өтуге мүмкіндік бермей отыр.   Интернет белсенділері техникалық аспектіге сенеді, журналисттік өкілдер көп терминнің аудармасына күмәнмен қарайды, сайттарды қолдауға бағытталған бағдарламалар өзектілігін жоғалтуда, қоғамдық ұйымдар Қазнетті талдауда үлкен жұмыс атқаруда, бірақ көбінесе ол елеусіз қалады. Қазенттің сарапшылары «Мәселенің кешенді сипаты бар, оның шешімі тілді үйренуді насихаттау мен жарнаманың біртипті міндеттеріне жатпайды» деп сендіреді». [3]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-33

Сурет 1. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «KZ» домендік аймақта       интернет- ресурстарының статистикасы

 Ескерту: мәліметтер барлық құқықтары қорғалған сайттан алынды. www.inform.kz

«Қазақ тілінің отандық және жалпы әлемдік мәдени құндылықтар аясындағы маңызын, инновациялық жаңа ғылыми-теория негізінде танымдық, тағылымдық мәнін анықтап, қолданыстағы аспектісін таразылай отыра, қазақ тілін орыс тілді  дәрісханаларда, ұлттық мектептерде екінші тіл ретінде, ал шетелдіктер дәрісханасында қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің сапасын әлемдік тіл оқыту үдерісінің дәрежесіне көтеру – қазақ тілін тұрмыстық қарым-қатынас құралы ғана емес, бизнес тілі, білім мен ғылымның және ақпараттық технология тілі ретінде қолдаыс аспектісінің кеңеюіне қатысты заман талабынан туындап отырған маңызды мәселе. Себебі еліміздегі жүргізілген соңғы халық санағы жалпы халқымыздың 65 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгергеніне қарамастан, айналымдағы мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда да құжаттар көбінесе ресми тілде ресімделеді,  алі жарнамалар, маңдайшадағы ақпараттық жазулар, дүкен, мекеме атаулары тіпті орыс тілінде емес, ағылшын тілінде жазылған, бұның өзіазшылық көпшілікке бағынады деген философиялық тұжырымға қайшы келеді әрі тұтынушылардың талабы мен сұранысына сай емес екендігін көрсетеді». [4]

Қазақстанның ақпарат кеңiстiгiндегi сорақылық, дәлiрек айтқанда, қылмысты тiзбелесе, адам жаны ауырады. Аузы аңқиып отырған жас ұрпақтың бейкүнә болмысы қалай уланып жатқанын ойлағанда жаныңды қоярға жер табылмайды. Бұл жерде, ақпараттық кеңiстiк деген ұғымды бiрыңғай БАҚ-қа қатысты ғана түсiнбей, кеңдеу қарастыру қажет. Қазiр кез келген елдiң өндiрiс ошақтарында, энергетика және көлiк жүйелерiнде, қорғаныс және басқару салаларында технократтық және техносфералық үрдiс бел алып, олар ең алдымен ақпараттық қызметке арқа сүйеген. Яғни, Қазақстанда ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, ұлттық аумақтық ақпараттық-телекоммуникация, және де сондай жүйе құру, отандық ақпараттық технологияның негiзiн қалыптастыру, сөйтiп аймақтық ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе қалыптастыру ұлттық-мемлекеттiк қауiпсiздiктiң ең өзектi проблемасы екенiне күмән болмауы тиiс. Бұл проблеманың оң шешiм табуы арнаулы ақпараттық орталық-генераторын дамыту, ғылыми-техникалық, құқықтық және экономикалық, басқа ақпараттар жүйесiн қалыптастыру, электронды кітапханаларды, мұрағаттарды, дерек қорын жасақтау, оларды компьютерлiк оптикалық дискiлiк жадымен жарақтау мәселелерiмен тiкелей ұштасып жатыр. Қысқасы, елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi деген мәселе бүгiнгi таңда стратегиялық мән-маңызға ие болса, соның аясында БАҚ саясаты бiрiншi кезекте тұр. Өйткенi, БАҚ-тың обьектiсi — адамдардың жан-жүрегi.

«Қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде оқытудың инновациялық әдістемесінің базасын қалыптастыратын орталық құру қажеттілігі заман талабынан туындап отыр.. Тілдерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілінің респектабельдік, перспективтілік, демократтық, халықтық сипатын ашып көрсету, коммуникативтік мәртебесін көтеру мәселелері көрсетілген. Елбасы биылғы 2012 жылғы Жолдауында білім беру саласын инновациялық технологиясын арттыра отырып, оқыту ісін әлеуметтік бейімдеу жұмысымен ұштастыра жүргізу қажеттілігін атап көрсетті.

Әлемдік тіл оқытудың озық тәжірибесіне сүйене отырып, мақала авторы қазақ тілін екінші және шет тілі ретінде оқытудың инновациялық: қазақ тілінің грамматикасын прагматикалық тұрғыдан оңтайлап оқытудың кешенді  әдістемесін ұсынады. Әдістеме ғылыми зерттеулер  барысында қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісінде грамматиканы оңтайлап беру әдістемесінің тіл үйренушінің жас ерекшелігіне қарамастан тілді меңгеруге қол жеткізе алатындығын  көрсетті, практика жүзіндегі дәлелінің айқын мысалы – Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастық қарым-қатынасын кеңейту қарым-қатынасты кеңейту шеңберінде, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізге 2010 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алуға келетін, ЖОО-ға дейінгі білім беру  факультетінде оқып жүрген АИР тыңдаушыларының  6 апта ішінде қазақ тілінің күнкөрістік деңгейін: тілдің нөлдік сатысын меңгеріп, жат тілді ортада өте қажетті тілдік жағдаяттарда шағын диалогтер құра алатын дәрежеге қол жеткізеді. Кәсіби шеберлік, бірегей әдістеменің ерекшелігі, тіл үйренушілердің жеке тұлғалық талаптарына ұстаздардың назар аударуы қазақ тілін үйренуде табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді». [5]

Қазақстан Республикасының білім беру нарығында бәсекеге қабілетті қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың отандық  жаңа жүйесін — қазақ тілін шет тілі ретінде грамматиканы оңтайлап оқытатын бірегей  әдістемесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру – қазіргі заман талабынан туындаған қажеттілік болып табылады.

«Әдістеме жұмысының өзектілігі, ең алдымен, оның зерттеу нысанынан – қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесін әлемдік тіл үйрету бағдарламасына: EF Efekta™ System жүйесіне және корей, түрік тілдерінің прагматикалық тұрғыдан грамматиканы оңтайлап оқыту бағытына сәйкестендіріп, нөльдік деңгейден бастап оқыту үдерісін енгізуді және парадигмалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқыту әдістемесін ұсынуынан айқын көрінеді. Яғни қазақ тілінің қолданыс аясының кеңістік пен уақыт аясындағы даму жолдарын мен танымдық-тәрбиелік мәнін саралау, тілдегі ұлттық таным негіздері мен одан алатын тағылымының жүйелілігін лингвомәдени, психологиялық, педагогикалық, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік негізде анықтаудың  маңызы зор. өзектілігі айқын. Қазақ тілінің коммуникативтік функциясын, тілдік құзыретін жаңаша ғылыми негізде саралаудың, оны жалпыадамзаттық құндылықтармен салыстыра отырып, ерекшелігін танытудың, қазіргі инновациялық даму бағдарламасы тұрғысынан жүйелі түрде зерделеудің маңызы мен мәні ерекше». [6]

«Мәдениеті мен өркениеті дамыған елдер тәжірибесінде тілдің, тілді шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің терең зерттелуі — ұлт мәдениетінің салиқалы дамуы мен этностық құндылықтардың толық әрі жақсы сақталғандығын көрсететіні дәстүрлі үрдіс. Өркениет пен мәдениеттің негізгі тұғыры саналатын мемлекеттік тіліміздің  жалпыадамзаттық құндылықтар мен уақыт пен кеңістік аясындағы ұлттық құндылығымыздың көрінісін, мәдени мұрамызды, ұлттық дүниетанымдық болмысты анықтайтыны рас. Тәуелсіз еліміздің биік мәдениеті мен мәдени келбетін, тіл мәденитін танымдық көкжиегінен зерделеп, оның әлеуметтік мәнін, мәдени, тілдік,   педагогика‑психологиялық  межесін анықтау арқылы қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің бағдарын жаңаша теориялық бағытта саралап, жүйелеудің  шаралары зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайд». [7]

«Егер ұсынылған әдістеменің ғылыми-практикалық деңгейіне, оның перспективасына, құрылымының дәрежесіне келетін болсақ, қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту үдерісі отандық білім беру жүйесінде соңғы 10-15 жылда пайда болған жаңа мазмұнды, соны құрылымды оқу жүйесі ретінде қалыптасты, 2000-жылдарға дейін шетелдіктердің сұранысы тек ресми тілге қатысты болып келсе, соңғы жылдары шетел азаматтарынан тарапынан мемлекеттік тілге деген қызығушылық артып келеді. Қазақстан Республикасы ынтымақ сүйгіш қауіпсіз және табиғы ресурстары бай,  экономикалық ахуалы тұрақты ел ретінде, сонымен бірге Қазақстан Республикасының білім беру дәрежесі де халықаралық аренада жоғары деңгейде көрінуі, еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігі де шетелдік мемлекеттерді, жекелеген шетелдік азаматтарды да қызықтырады, сол себепті де қазақ тіліне деген сұраныстың артқанын ескеріп, қазіргі уақыттың талабына сай қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі жаңаша мазмұнды құрылымды қажет етеді. Осы мәселеге қатысты баспасөз бетінде, конференцияларда көптеген мақалалар, жарияланымдар жарық көрді. Алайда қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту жүйесінің инновациялық технологиясын қалыптастыру мәселесі толығымен шешілген жоқ. Жоба авторлары  әлемдік және отандық тіл оқыту әдістемесін сараптап, зерделеп, қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың жаңаша кешенді әдістемесін: парадигмалық тұрғыдан грамматиканы өзге тілді дәрісханаға оңтайлап оқытуды ұсынады. Алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер грамматиканы оңтайлап оқытудың кешенді инновациялық әдістемесі қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту ісін жақсарта түсетінін көрсетті. Жоба авторлары ұсынып отырған қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың грамматиканы оңтайлап ұсынатын инновациялық кешенді әдістемесі жас ерекшелігіне қарамастан кез келген тіл үйренушіге қолжетімді оқыту жүйесі бұл саладағы бірегей жаңаша мазмұнды әдістеме болып табылады».[8]

«Қазіргі күні ағылшын тілі Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда және Кариб теңізі бассейні мен Оңтүстік Африка Республикасында, Ирландияда қолданылады және орыс, араб, португал, испан, қытай тілдерімен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс тілдерінің бірі болып табылады. Бұрынғы Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының барлық отарларында да өз әлеуетін сақтап тұр. Жалпы Әлемдік рейтингте ағылшын тілі бірінші орын алады, мәселен Интернетте ана тілінде сөйлеушілерінің саны қытай тілінен кем болғанына қарамастан ағылшын тілі қолданушыларының саны бойынша бірінші орында тұр. Осы арада орыс тілі мен ағылшын тілінің басқа мемлекеттерге әсері бойынша Қазақстан мен Ирландияның жағдайы өте ұқсас екенін атап өткен жөн. Мәселен, жарты мың жыл Ұлыбританияның отары болған Ирландияда әлі күнге дейін өз ана тілінде тек халықтың 25 проценті сөйлейді (Еуропада басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет). Ал Азияда халқының көпшілігі басқа тілде сөйлейтін бірден бір мемлекет — ол Қазақстан (Беларусьті есепке алмаймыз, өйткені оның жағдайы өзгеше әрі беларус тілі шығыс славян тілдері семьясына жатады). Қазақстан Ресей империясының құрамында ширек ғасыр, яғни 260 жыл болғанын атап өткен жөн». [9]

Біздің тақырыбымыз үшін қызығушылық тудыратын елдер ол бұрынғы Югославия мен Швейцария. Оңтүстік славян тілдерінде сөйлейтін бір елдің көптеген мемлекетке ыдырауында ешқандай тілдік рөл болған жоқ, ал Швейцарияда неміс тілді, итальян тілді, француз тілді және роман тілді швейцариялықтардың бар екенін әрі ешқандай да ол тілдердің бір біріне қауіп төндірмейтіні анық.

Біздің тақырыбымыз үшін тағы бір қызығушылық тудыратын елдердің бірі ол – Үндістан. Мысалы, Қазақстан жағдайымен салыстыратын болсақ Үндістанда мемлекеттік тіл хинди тілі, ағылшын тілі ұлтаралық қатынас тілі болып саналады, сондай-ақ 18 ең жиі таралған тілдер өңірлік тілдер деп жарияланған, Қазақстандағы жағдайды алатын болсақ, бізде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономика тілі деп жарияланды

«Ауылдық жерде немесе қалада орналасқанына қарамастан кез келген қазақ мектебінде ағылшын тілі ана тілінде оқытылмады. Мектеп оқушысы әлі орыс тілін игермей тұрып, орыс тілінде ағылшын тілін оқуды бастайтын. Ана тілінде, яғни қазақ тілінде шетел тілін оқыту деген сирек құбылыс еді. Мысалы, біздің практикамызда қазақ тілінде бір ғана ағылшын тілінің оқулығы бар болатын. Дәл сондай жағдай мектепте ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында да болған еді.   Бірақ, ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жағдай өзгере бастады. Қазақ мектептері жаппай ашыла бастады, әсіресе өңірлер мен ірі қалаларда қазақ тіліндегі мектептердің саны артты. «Көп қорқытады, терең батырады» демекші қазақ мектебінде оқушылардың санының артуымен байланысты енді ағылшын тілін бұрынғыдай орыс тілі арқылы емес, ана тіліміз — қазақ тілі арқылы үйретудеміз».[10]

«Жоғары оқу орындарының студенттері де ағылшын тілін қазақ тілінде оқитын болды. Жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттерінің саны қазіргі күні 65 пайызға жетуі де маңызды фактор болып отыр. Егер Кеңес Одағы дәуірінде педагогикалық жоғары оқу орындарынан басқа барлық жоғары және орта арнайы кәсіптік оқу орындарында сабақтар орыс тілінде жүргізіліп келген болса, қазіргі күнгі 65 пайызды үлкен жетістік деп санауымыз қажет.   Президент «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын». Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Осыған орай мұны мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтары ретінде қарауымыз қажет.Бұл ретте, Сиэтл университетінің (АҚШ) Кіндік Азияны және Қазақстанды зерттеу орталығының директоры Уильям Фиерманның пікірі өте қызық. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдердің үштұғырлығын» енгізу жөніндегі бастамашылығына оның қалай қарайтындығы туралы «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігі журналисінің сұрағына ол былай деп жауап береді: «Менің ойымша, бұл идея дұрыс және мемлекетті дамытуға жәрдемдесетін болады.. Қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл болғанына қарамастан, қазіргі уақытта сіздің елдеріңізде бір тілдің – орыс тілінің басымдығы білініп тұр. Менің ойымша, Қазақстанда, әсіресе қалаларда қазақ тілі неғұрлым елеулі рөл атқаруы тиіс, ал ауылдарда оның басымдығы әрқашан болған және солай бола береді. Мәселен, қазақ тілі елдің оңтүстігі мен батысына қарағанда шығысы мен солтүстігінде жиі қолданылмайды. Ал, ағылшын тілі Қазақстанда елеулі орын ала бастады және бұл өте жақсы үрдіс». [11]

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ең алғаш рет бұл идея 2006 жылғы қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылған болатын. Үштұғырлық идеясы мынадай қарапайым және түсінікті формуладан тұрады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін оқимыз. Азаматтардың үш тілді игеруіне бағыт ұстаған Қазақстан қазіргі күнгі жағдайды ескереді: тілдердің үштұғырлығы елдің бәсекелестік қабілетінің көрінісі болып табылады. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық- саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айнал-дыру. Осы құжатта «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді». [12]

Соңғы кездері қазақ тілін оқыту мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында «қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту» және «қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер көтеріліп жүр. Қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды жетілдіруді де естен шығармағанымыз жөн. Өйткені бұл өте маңызды да күрделі мәселелердің бірі.

Жоғарыдағы қазақ тілі туралы айтыс-тартыстар мен саналы талқылаулардың тірелетін жері біреу-ақ екенін барлығымыз түсінген сияқтымыз: – қоғамда тілге деген қажеттілік болмаса, оны ешкім де үйренбейді, үйренгені – қолданбайды, қолданғаны – (қажеттілік болмағаннан кейін) тастап кетеді. Мың жерден тілдерді дамыту орталықтарын ашайық, қазақ тілін меңгерген басқа ұлт өкілдерінің арасында жарыстар өткізіп, сыйлықтар берейік, славян тектес азаматтарды қазақ тілді хабарлардың жүргізушісі етіп тағайындайық, 2020 жылы республикадағы азаматтардың 90 пайызы қазақ тілін білу керек деген үкім шығарайық ешқандай нәтижеге жетпейміз. Себебі – қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік жоқ.

«Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, тілге деген қажеттілік мына жолмен жасалады:

«Құқықтық, заңдық жолмен тілге деген қажеттіліктің жасалуы. Мемлекет белгілі бір заңдар арқылы мемлекеттік тілге деген қажеттілікті тудырады. Ол заңдарда мемлекеттік тілді меңгермеген жандарды белгілі бір қызмет түріне қабылдамау сияқты талптардан бастап, мемлекеттік тілді қате жазған жарнама берушіге қомақты айып салуға дейінгі баптар болады. Қысқасы, азаматтардың екі аяқтарын бір етікке тыға отырып, мемлекеттік тілді білмеген адамдардың тіршілік ауқымын тарылтады, оларды мемлекеттік тілді білуге мәжбүрлейді. Бұндай талаптар өркениетті елдердің «Мемлекеттік тіл туралы» заңдарының барлығында бар (заңның басты міндеті де азаматтарды мәжбүрлеу болып табылады). 90-жылдардың басында Прибалтика елдері де осы бағыттағы баптарды өздерінің заңдарына енгізіп, мемлекеттің аумағында бір ғана мемлекеттік тілдің жұмыс істеуін жүзеге асырды. Ол заңдарда әрбір мамандық иелеріне мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі де көрсетілген. Мемлекеттік тілді білуді талап ететін мамандықтардың ішінде мемлекеттік қызметкерлерді былай қойғанда, сауыншылар мен сылақшылар, құрылысшылар мен жүргізушілер де бар… Ал басшы орындар (министрліктер) өздеріне бағынышты төмендегі құрылымдарға өзге тілде (мысалы, орыс тілінде) жазылған қағаз жіберсе, заңның аясында айыппұлдың астында қалады. (Ал біздерде 93 пайыз қазақтардан тұратын Қызылордаға да жоғарыдан орыс тілінде қағаздар келіп, оған орыс тілінде жауап беруді талап етеді). Қазақ еліндегі тілдердің қолданылуын реттейтін «ҚР Тілдер туралы» заңының – қос тілділікті сақтау, дамыту заңының – бұл талапты жүзеге асыра  алмайтыны бәрімізге белгілі, сондықтан ұлтшыл азаматтар бірнеше жыл бойы «ҚР Мемлекеттік тілі» туралы заңының қажеттілігін айтып келеді. Айтып қана қоймай, осындай заң жобасын дайындап, жұртшылыққа, Парламентке ұсынып та көрді. Алайда, орыстанған, орыс тілді билік, өздерінің орыс тілді балаларының болашағын ойлап, жұмған ауыздарын ашар емес. Демек, бұл жол – заң арқылы тілге қажеттілік жасау жолы – жақын арада жүзеге аспайтын мақсат».[13]

«Еліміздің Конституциясы бойынша қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, ал орыс тілі ресми түрде онымен бірдей қолданылатын тіл болып белгіленген Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттік органдар мен мекемелерде ісқағаздары екі тілде жүргізілетін елге айналдық. Соған сәйкес тіліміздегі аударма мәтіндердің көлемі еселеп көбейді. Аударма құжаттар барынша артып, бұған дейін болып көрмеген деңгейге жетті. Мемлекеттік органдар мен мекемелерде ресми құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару қалыпты құбылыс, күнделікті жұмыстың бір бөлігі болып саналатын болды.. Орыс-қазақ деп отырғанымыз күнделікті хат-хабардың бір бөлігін айтпағанда, ол құжаттардың, Заңдардың, Жарлықтар мен қаулы, қарарлардың тоқсан тоғыз пайызы алдымен орыс тілінде дайындалып, одан кейін мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тіліне аударылады. Аудармасыз аттап баспайтын болдық. Үкіметте, Парламентте, Сот, Прокуратура, министрліктер мен агенттіктерде, әкімдіктерде, ұлттық компаниялар мен банктерде аударма басқармалары, бөлімдері мен секторлары немесе жекелеген аудармашылар жұмыс істейді. Олар негізінен орыс тілінде дайындалған заңдар мен қаулыларды, жарлықтар мен өкімдерді, шарттар мен келісімшарттарды, бұйрықтар мен шешімдерді, ережелер мен нұсқаулықтарды, стандарттар мен хаттамаларды және басқа да сан түрлі үлкенді-кішілі кіріс-шығыс құжаттарын толассыз аударумен айналысып келеді. Керісінше, ілеспе хаттар мен қызметтік жазба сияқты ішкі құжаттарды, ұсақ-түйек хаттар мен шағын хабарламаларға дейін орысшаға аударып беруді талап ететін де басшылар бар. Бұл олардың осы жылдар ішінде қазақ тілінің қажеттілігін еш сезінбегендігінің, әлі де қазақша жазылған құжаттарды қарап, оған бас қатырып, уақыт жоғалтуды қажет деп санамайтындығының көрінісі». [14]

«Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректері бойынша, бүгінде елімізде 7551 БАҚ тіркелген, оның 78 пайызы жеке меншік иелігінде. Статистикаға сүйенсек, еліміздің ақпараттық нарығында 13 тілде ақпарат тарататын БАҚ бар. Еліміздегі БАҚ-тың 469-ы қазақ тілінде, 856-сы орыс тілінде, 879-ы орыс және қазақ тілдерінде хабар таратып, жарық көреді. Қазақстанда этникалық топтардың тілдерінде 28 басылым шығады. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Негізінен кез-келген мемлекеттің ішкі-сыртқы міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін өзінің ақпараттық саясаты болады. Бүгінде жаңаша даму жолына түскен Қазақстанның халқы мен экономикасы үлкен өзгерістерді басынан өткеруде. Демократиялық жаңғырулар тереңдетіліп, қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің қажетті шарттары тұрақтандырылуда.
Осындай өтпелі кезеңде БАҚ-тың қоғамдық санаға әсері саяси-әлеуметтік күші айқын байқалып отыр. Егемен елде болып жатқан барлық оқиғаларға ақпарат құралдары тікелей араласа отырып, қоғамның басқа салаларымен ақпарат қызметі де өз рыногына шықты. 2013 жылдың бірінші жарты­жыл­­дығындағы есеп бойынша, рес­публикада 2697 БАҚ әрекет ете­ді». [15]

 Соның ішінде:

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-34

Сурет 2. Қазақстан Республикасындағы 2013 жылғы есеп бойынша БАҚ – тың әр  тілде таралуының үлес салмағы  (%) 

Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми сайты www.old.el.kz

«Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіндегі деректерге сүйенсек, Тәуелсіздік жылдарында 2544 заң қабылданған екен. Солардың ішінде «Көші-қон туралы» және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» екі-ақ заң жобасы депутаттардың бастамашылығымен мемлекеттік тілде әзірленген. Осыдан кейін мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы туралы сөз қозғаудың өзі ұят. Қандай мемлекеттік органда, ұлттық компанияларда, мемлекеттік мекемелерде, банктерде олардың басшылары аударма бөлімдерін ашып, орысшадан қазақшаға аударатын аудармашыларды неғұрлым көп ұстап отырса, онда сол мемкемелерде қазақ тілінде құжат дайындап, ісқағаз жүргізе алатын мамандар жетіспейді деген сөз. Сол мекемелер мен ұйымдардың басшылары да ең алдымен өзінің, содан соң қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруге, кәсіби қызметінде қолдануға мүдделі емес, құлқы жоқ деп, сенімді түрде қорытынды жасауға болады. Себебі, еліміздің Ата заңында, Тіл туралы заңында мемлекеттік мәртебесі тайға таңба басқандай айқын жазылған тілді ел Тәуелсіздігінің ширек ғасыр мерзімінде меңгеруге олардың қабілеттері мен уақыттары жетпей қалыпты деудің ешқандай негізі жоқ».[16]

Осындай жағдайдың белең алуы ресми аударма көлемінің артуымен тікелей байланысты. Түптеп келгенде бұл тек аударманың ғана емес, қазіргі қазақ тілінің үлкен мәселесіне айналып отыр. Өйткені бүгінгі таңда аударма мәтіндер көлемінің артқаны сондай, аударманың тілі бүтіндей қазақ әдеби тілінің, бүгінгі жазба тілдің сапасына да тікелей ықпал етіп отырғандығы айдан анық. Онымен де қоймай аударма сөйлеу тілімізге де кері ықпал етіп, тілдік нормалардың бұзылуының себепшісі болып отыр. Жазба тілді,  құжаттарды былай қойып, бүгінгі жас буын журналистер, дикторлар, тележүргізушілер, әртістер мен әншілер ауызша сөйлеу кезінде де қазақ тілінде орысшадан аударып тұрғандай сөйлейтін болып барады. Етек алып бара жатқан бұл дерттің диагнозын қойып, себептерін анықтау да қазіргі тіл қолданысының өзекті мәселесі.

«Қазақ тілі жақын арада мемлекеттік тіл ретінде Конституцияда белгіленген құқығына сәйкес осы елдегі бірінші тіл ретінде қолданылу мүмкіндігіне ие бола алмайды. Орыс тілінде жасалған заң мен құжатқа, оның ар жағында тұрған орыс тілді маманға басымдық беріледі де отырады. Ал қазақ тілі іс жүзінде екінші тіл, ал қазақтілді маман аудармашы дәрежесінде қала береді. Өйткені ол тұпнұсқа құжатты дайындаушы емес, дайын құжатты аударушы, мықтағанда редакциялаушы ғана. Заңдар мен қаулылар, басқа да маңызды құжаттардың басым бөлігі алдымен орысша дайындалып, содан кейін ғана аудармашыларға, «қазақтарға» жолданатындықтын, заң шығармашылығында, құжат дайындауда қазақ тілі қосалқы тіл, ал сол тілге аударатын аудармашылар да қосалқы мамандар, құжат дайындайтын мамандардың көмекшісі деңгейінде қалып отыр. Бұл бүгінгі өміріміздің шындығы. Мемлекеттік тілді меңгермеген, ол тілде сөйлемейтін, жазбайтын көптеген меморгандар мен мекемелердің басшылары мен мамандардың көбі мұны көріп-біліп отырса да өзгертуге құлықсыз, ал құлқы барлардың қауһары жетпейді. Шындығына келгенде көптеген орыстілді лауазымды мемлекеттік қызметшілер, түрлі мекемелердің басшылары мен қызметкерлері елдегі тілдік ахуалдың осы қалпында қала бергенін қалайды. Қазақ тілін меңгермей-ақ табысты қызмет етіп, жетістіктерге жетіп жүргендіктен, оны үйренуге бас қатырғысы келмейді». [17]

Бізде қазақ тілінде құжат дайындайтын мамандар  мен оларды оқып, қол қоятын басшылар үлесі әлі төмен. Орысша оқығанымен қазақ тілін мақсатты түрде меңгеріп, оны кәсіби қызметінде пайдаланып жүрген ұяты, намысы бар азаматтар да ішінара кездеседі. Өкінішке қарай, ондайлар өте аз. Қазақ тілі курстарын бітіріп, тілді тәп-тәуір меңгергендердің мемлекеттік тілде құжат дайындайтындар қатарына қосу, жылдан-жылға олардың қатарын көбейту тетігі жасалмаған. Қаншалықты жиі айтылса да, қазақ тіліне келгенде қасарысып туындамай келе жатқан «қажеттілік» деген бір ұғым бар. Бұл жерде де сол қажеттілікті өзіміз туғызбай отырмыз. Сондықтан тілді оқыған мамандардың көбі білгенін қайта ұмытып қалып жатыр.

«Бізге республикалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарын барынша дамытып, бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру керек. Әсіресе, мемлекеттік тілде xабар тарататын ақпарат құралдарына басымдық бергеніміз жөн. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін баспасөз xатшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметкерлердің, сондай-ақ журналистердің мемлекеттік тілді білу деңгейін арттыру қажет. Ал мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың сапасы жоғары болуға тиіс», – президентіміз Н.Ә. Назарбаев». [18] Оның сөзіне қарағанда, бүгінде барлық аймақтарды отандық теле-радио желілерімен қамтамыз еткен жөн. Осы орайда шекара маңындағы елді мекендерді назардан тыс қалдырмау қажет. Сондай-ақ отандық газет-журналдарды кеңінен тарту мақсатында пошта бөлімшелері мен киоскілерді көбірек ашқан дұрыс.

«Қазақ тілді журналис­тер еш­кімнен кем емес. Бірақ, дегенмен, қазақ тілді ақпарат құралдары орыстілді ақпарат құралдарымен салыстырғанда төмен деген қоғамдық пікір, психо­логиялық стереотип қалыптасқан. Және оны өзгерту қажеттілігі де бар. Бұндай стереотипті өздері қазақша білмейтін адамдар қалыптастырды. Өздері оқымай, бірақ, осындай пікірді ұстанған адамдар бар. Бұл мәселе кез келген ресми, ресми емес отырыстарда да айтылып жатады. Бәрін білмеген бір жағынан жақсы да шығар. Өзара ішімізде ғана айтылатын изотериялық мәселелерді өзіміздің ана тілімізде талқылап аламыз. Тағы бір байқағаным, шетелден келген ғалымдар айтылғанды көп тыңдамайды. Әуелі, сол елдің баспасөзін оқып, өздері көреді. Сөйтіп өздерінің пікірін қалыптастырады. Олар ғылыми атақ, не дәрежеге мән бермейді. Алдымен, ақпарат сапасына қарайды. Айталық, біз интеллект сөзін айтқанда, оны ақыл-оймен байланыс­тырамыз. Мысалға, Қытайда бұл еліктеу деген мағынаны қамтиды. Сондықтан, меніңше, қазақ журналистикасының елік­тегенінде тұрған ешнәрсе жоқ. Әлемдік озық әдебиеттерге еліктеп, өзімізге керегін алып, репродукциялық сатыдан өту керек­піз. Кейіннен,шығармашылық сатыға өтуіміз де табиғи құбылыс. Өзіміз біле­міз, Қытай әуелі кез келген нәрсенің көшірмесін жасап алады.Кейіннен, өз нәрселерін шығарады. Бұл продуктивті көшіру. Өйткені, олар сол сатыда қалып қоймай, келесі сатыға көтерілетіндей дамыта көшіреді. Ал, бізде өкінішке орай, еліктеп, көшіру бар. Бірақ, ары қарай дамытып, жаңа өнім шығару жоқ. Жүйелі саясат жоқ, бәрі энтузиазм тұрғысында деп жатырмыз. Бәлкім, осы жүйелі саясатты қалыптастыру өзіміздің азаматтық позициямызға, есікті қағуымызға байланысты шығар. Қақпаса есік ашылмайды. Бүгін осындай тақырыпты көтеріп жатқандарыңыз өте дұрыс». [19]

«Қазақстандағы жалпы БАҚ саны – 1973. «Қазақстан» мен «Балапан» телеарналары таза қазақ тіліне ақпарат таратса, өзге республикалық телеарналардың 50 пайызы мемлекеттік тілде. Эфирлік уақыттың 80%-ға жуығы орыс тілді телебағдарламалар мен орыс тіліндегі өзге де көрсетілімдермен толтырылуы ұлттық мүддеге қайшы».[20]

Бүгінде телеарна – әлемді жаулаған ғаламтор серіктесі, тіпті кейде оған бәсекелес болуға жарарлық қызмет атқарып келе жатқан бірден-бір ақпарат құралы болып табылады. Кез келген елдің, мейлі мемлекеттік немесе жеке телеарналары болсын, халық үшін, сол елдің мүддесі үшін қызмет ететіні айқын. Оның ішінде тілге жасалған қызметін ерекше атаған жөн. Өйткені телеарналар ұлттық сипаттағы бағдарламаларды дәстүрге сай етіп көрсете білгенде ғана олардан алар тәрбиеміз көп болмақ. Ал егер де мазмұны мен мақсаты айқындалмаған бағдарламалардан құралса, онда оның әсері қандай болары айтпаса да түсінікті.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-35

Сурет 3. 2014 жылғы теледидарларда көрсетілген қазақ тіліндегі бағдарламалардың  үлес салмағы (%)

Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми сайтынан алынды.  www.old.el.kz

Қазақ тілді көрерменге бағытталған ұлттық арналардың бұл көрсеткіші көңілімізді бір қуантып тастағанымен, өзге де коммерциялық арналардың тілін қазақыландыруымыз керектігі күнтізбедегі мәселе болып қала береді. Бұл тізімдегі телеарналардың кейбірінің алыс ауылдарға тарайтынын есепке алғанның өзінде 100 пайыз қазақ тілінде эфирге шығатын «Қазақстан» ұлттық арнасынан өзге,  бір де бір телеарнаның болмауы елдігімізге сын екені бұқаралық ақпарат құралдарында жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі болып қала беретініне көз жеткіземіз.

«БАҚ ұжымдары мен еліміздегі көрнекті баспасөз өкілдері Президентті қолдады. Ақпарат тасқынында тәуелсіздік рухымен суарылған, келешекке сендірген жаңа лептегі мазмұнды мақалалар басым болды.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мынадай негізгі міндеттерді жатқызуға болады:

  1. мемлекеттің және қоғамның басты мақсаты адамның өркендеуіне ақпараттық саланы бағдарлау;
  2. ақпараттық қауіпсіздік туралы мемлекеттік доктрина яғни ғылыми концепция әзірлеу;
  3. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біріңғай мемлекеттік саясатының жүзеге асыру механизімін және негізі бағыттарын анықтау». [21]

«Ақпараттық үрдістермен байланысты мәселелерді зерттеу, әлемдік саясаттануда, әлеуметтануда, әлеуметтік философияда XX ғасырдың екінші жартысында белсенді түрде бастау алып, «Ақпараттық қоғам», «Өркениеттің үшінші толқыны», «БАҚ төртінші билік ретінде» сияқты концепциялар пайда болды. Ақпараттық жүйенің ролі социумда болып жатқан «индустриядан кейінгі қоғам», «ақпараттық өркениет», «электронды дәуір» сияқты өзгерістердің деңгейінде бағаланады. Сол сияқты бүгінгі заманымыздың көп қолданылатын теңеулерінің бірі «ақпараттық қоғам» болып табылады. Ақпараттың адам өміріндегі ықпалының артуы, электронды-компьютерлік технологиялардың күннен күнге жанданып дамуы, олардың адами іс-әрекеттің барлық саласына (білім, ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, тұтыну, байланыс, бизнес, мәдениет т.с.с.) ықпалының артуы ақпараттық қоғам ұғымының ғылыми айналысқа енуіне негіз болып отыр». [22]

«Қазақ журналистикасының бағын байлап отырған мәселелерге келсек, біріншіден, Қазақстанда қазақ журналистикасының рыногы әлі жеткілікті дамымағаны. Демек, мұндай жағдайда өзара бәсекелестіктің әлсіз болары хақ. Оның үстіне, кеңестік идеологияның құрсауынан құтылғанына әлденеше жыл өтсе де, қазақ журналистерінде жалтақтық, жасқаншақтық басым екендігін жасырын емес. Кейбіреуінің тәжірибесі де аз. Жекелеген редакторлар мен олардың қожайындары журналистерді «сарай ақыны» ретінде ұстағысы келеді. Еркіндіктен жиі жапа шеккен журналистің еркін ойлауы да өте қиын шаруа. Осындай басты кемшіліктерден құтылса қазақ журналистикасының бағы жанары ақиқат. Еліміздің ақпарат айдынының қақпасы шетелдік БАҚ өнімдерінің алдында айқара ашық жатыр. Ақпараттық кеңістігімізді сыртқы нарықтың өнімдері жаулап алды. Арысы алыс шетелдерден, берісі көршілес Ресейден ағылған газет-журналдар елімізден шығатын басылымдардың бағын байлап тұр. Біздің ұлттық медиа-магнаттарымыз жоқтың қасы. Өзін медиа-магнатпын деп жүргендердің көздегені қара басының қамы. Ұлт мүддесі оларды толғандыра қоймайды. Партия құруға, түрлі жарнамалық шаралар ұйымдастыруға ақша аямайтын байшыкештер ана тілінде сауатты газет ашуға аса құмбыл емес. Оның орнына шетелдің құлпырған түрлі-түсті газет-журналдарын төбелеріне көтеріп әспеттейді. Баспасөз атаулы сананы жаулап алар аса қауіпті қару, идеология құралы екендігін есте ұстаған ләзім. Кезінде алпауыт АҚШ көршісі Канаданың ақпарат кеңістігін жаулауға кіріскен болатын. Уақыт өте келе жергілікті газет-журналдардың жолын жауып, жаппай үстемдік жүргізе бастаған. Шетелдік басылымдарға салықты шектен тыс көбейтті. Ақыры, қып-қызыл шығынға батқан америкалықтар көздеген мақсатына жете алмай, Канаданың ақпарат айдынын тастай қашты. Міне, тарихтағы болған үлкен мысал». [23]. Сол сияқты, кезінде Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязов еліне ағылған бүкіл баспасөз біткенге қарсылық танытып, шекарасын қымтап алғаны белгілі. Кей-кейде ұлттық мүдде жолында Канада мен Түркіменстан секілді батыл қадамдар жасаған жөн-ақ.

«Бүгінгі таңдағы БАҚ дамуының негізгі тенденцияларының бірі – жаһандану. Бүгінгі күні ақпарттық қарым-қатынас деңгейін шартты түрде: жергілікті, ұлттық және жаһандық деп үшке бөлеміз:

-Бірте-бірте жергілікті және ұлттық деңгейдегі ақпараттық қарым-қатынас салмағының жаһандыққа ауысуы.

— Коммуникацияның жергілікті деңгейден ұлттық және жаһандыққа өтуі, жеңіл әрі қарапайым түрде жүзеге асуы.

-Ұлттық шекара және ақпараттық кеңістіктің тұйықтығы әсер етпейтін ірі трансұлттық коммуникациялық корпорациялардың мәні мен салмағының өсуі.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаһандану соңғы жылдары белсенді түрде дамуда. Қазіргі уақытта оның бірнеше бағытын көруге болады:

  1. Көптеген БАҚ-тың ақпараттық әсерін әлемнің бірнеше  елдеріне тарату.
  2. БАҚ-тың трансұлттық корпорацияларда жинақталуы, әртүрлі коммуникациялық жүйелердің біртектес желіге қосылуы». [24].

Әлемде озық технологиялардың дүниеге келуімен ақпарат кеңістігі де айтарлықтай ұлғая түсті. Ұлы державалар да өздерінің техникалық  және өзге де жетістіктерін пайдаланып, өз ықпалдарын, пәрменділігін жүргізуге ұмтылуда. Әрине, әлемдегі болып жатқан мұндай өзгерістерден табиғи және адами байлығы мол Қазақстан шет қалуы мүмкін емес. Жаһандану процесі жүріп жатқан кезеңде ашық қоғам құруға ұмтылып отырған мемлекетпіз. Коммуникация саласындағы тың үрдістерді саралай келе қазіргі қоғам өмірінде ақпараттың мәні ерекше екенін түсінеміз. Кейбір зерттеушілердің болжамы бойынша, ақпараттың адам санасына, әлеуметтік  жинақылығына, өмір сүру салтына және тұрмыс саласына әсер етуі ойлау қабілеті басқаша дамып жетілген адамның жаңа типінің пайда болуына әкеп соққан тәрізді. Еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі даму үрдісінің ерекшелігі, ол адамдардың мәдени-тарихи ерекшелігіне, ұлттық менталитетіне, мемлекетке қалыптасқан этномәдени және тілдік жағдайға негізделген. Кеңес Одағынан кейінгі кезеңде еліміздің ақпараттық кеңістігі бірнеше эволюциялық жаңғыру, жаңару кезеңдерін басынан кешірді. Ақпараттық кеңістікте бұрын болмаған: жеке партиялық, діни, жарнамалық, интернеттік, тағы басқа да сегменттер пайда бола бастады.

Ақпарат құралдары және коммуникацияның әлемдік өркениет тарихындағы негізгі даму кезеңдері ақпарат таратудың қағаздық емес құралдарынан басталып, одан әрі қолжазба дәуірге көшіп, тарихқа тұңғыш баспа станогын әкелді. Журналистика қоғамдық институт ретінде қалыптасып, электронды БАҚ-тың негізі қаланып, бүгінгі күні ақпараттану жаһандану үрдістерімен, біркелкі әлемдік ақпарат кеңістігімен сипатталады.

«Ғылыми әдебиеттерде ақпараттық қоғам деңгейіне жеткен елдерде жер халқының 1 млрд. жуығы өмір сүреді, сондықтан оларды «алтын миллиард» деп атау бастапқыда әдетке айналып, бұл елдерге Батыс Европа елдері, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызылады».[25]

«Халықтың билік органдарының қызметі туралы хабардар болуы бірнеше талаптарға жауап беру керек:

  1. Халыққа жеткен ақпараттың ақиқатқа барабар болуы, олай болмағанда, аталмыш ақпараттың  жалған болғандығын көрсетеді.
  2. Ақпарат толық болу керек. Халықтың өзі жеке билік көзі, сол себепті билік басындағы іс әрекеттер туралы нақты толық ақпаратпен қамтамасыз болуға халық құқылы. Тек толық ақпараттандырудың арқасында ғана халық белгілі бір келісім, шешім қабылдауына кепілдік бере алады. Тиісті әрекеттерді қамтып, қажетті жағдайларды ескертетін толық ақпарат ешқашан зиян келтіре алмайды. Егер ондай ақпаратқа қажеттілік тумаса, онда ол толыққанды ақпарат болып есептелмейді.Қоғамның хабардарлығының деңгейі, ақпаратқа қол жеткізу дәрежесі  демократияланудың түйінді мәселесі. «Ақпарат – демократияның басты валютасы»деп америкалық заңгер Ралф Нейдер айтпақшы, ақпарат көбейген сайын демократия арта береді, ақпарат көбейген сайын сенім арта береді». [26].

«Бүгінде медиа нарықты өзге елдердің БАҚ-тары жаулап алды деп даурыққанша, мысалы неге оларға қарсы отандық баспасөздің қауқарын күшейтпеске? Бұған еліміздің қабілеті толықтай жетеді. Кезінде «Караван» басылымы бүкіл Ресейге тараған. Ал қазіргі кезде еліміздің арнасы мен баспасөздерін жаулап алғаны — өзіміздің әлсіздігімізден. Біздегі толып жатқан тәуелсіз арналар басыбайлы «өнімі» болмаған соң, Ресейдің дайын бағдарламаларын сатып алуға тәуелді. Демек, өзіміздің өнімімізді шығаратын кез жетті.

Ақпараттың мәңгілік сақталатын құндылық, оны қорғаудың қажеттілігінің өміршеңдігіне қарамастан, қауіпсіздігі жайындағы тақырып таяудан бері ғана қозғалған тың көрініс. Ақпараттық қоғамның талабы бойынша Ресейден келетін ақпарат легі сол секілді Ресейге де тегіс таратылуы қажет еді. Өкінішке орай, бізде ақпараттық кеңістікті айтарлықтай ұлттық белгілермен толықтыруға қаржылық, технологиялық және творчестволық мүмкіндік әлі де толықтай жетіспейді. Сондықтан бұл фактілердің барлығы да екі ел арасындағы ақпарат кеңістігіндегі теңсіздікті қалыптастыруда. Дегенмен, қазір қоғамды ұлттық мемлекеттік үлгіде дамытудың түрлі жолдары қарастырылған.Жаһандану ақпаратты тікелей өндіргіш күшке, ықпал етудің құралы мен сонымен қатар постиндустриялды қоғамның діңгегі мен барынша әлсіз буынына айналдырғаны адамзатты ақпараттық дәуірге әкелді.Қазақстан үшін ақпараттық қауіпсіздік тақырыбы өзекті мәселе. Ресей мен Қытайдың арасындағы орасан зор территорияны иеленіп жатқанын және халық санының аздығын ескерсек, мәселенің өзектілігіне көз жеткізуге болады. Дамудың жаңа парадигмасына барлық ел бірдей ілесе алмауының салдарынан, қазіргі кезде әлем екі жікке бөлінді («digital», «divide» деп аталатын), себебі алдыңғы қатарлы елдер өздерінде жаңа салаларды қарқынды дамытудың есебінен басқалардан ілгері озып шықты. Бұлайша бөлінудің салдары «екінші топтағы» елдер үшін апатты жағда». [27]

«БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет дамуындағы орны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігіне айырықша мән береді.Еліміз тәуелсіз ел атанып, даму жылдарының ұзына бойында бұқаралық ақпарат құралдар көбейіп, өзара бәсекелестік пайда болды. Қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістерді ескере отырып, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең – ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалып­тасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның жаһандық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.Бүгінгі таңда ақпарат қоғамның материалды, энергетикалық, адамдық ресурстары секілді маңызды деңгейге көтерілді. Бұған Гарвард университетінің проспектісіндегі: «Материалсыз ешнарсе пайда болмайды, энергиясыз ештеңе жүзеге аспайды. Ал, ақпаратсыз ешнәрсенің мәні жоқ» деген сөздері дәлел бола алады». [28]

«Әлемдік елдерде БАҚ арқылы ұлттық мүддеге жұмыс істеу әрқашан бірінші орында тұр. Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейтін көптеген модельдер бар. Барлық БАҚ-тың дамуы үшін елдің ішінде бәсекеге қабілетті ортаны құруға мемлекет тарапынан қолдау көрсету нұсқасының болашағы бар, себебі мұнда тек жекелеген медиа құрылымды ғана емес, еліміздің барлық ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту көзделген. Көп жағдайда БАҚ мемлекеттің бақылауында болады, не болмаса, әртүрлі қаржылық-өнеркәсіптік және саяси элиталық топтардың күрес құралына айналады. Соңғылары көбінесе қоғамдық пікірге жүгінеді, бірақ ол мемлекеттік билікті шынайы етіп немесе өз бастамасын қоғамның жалған түрде қолданғанын көрсету үшін жасалады.Ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде еш жерде ештеме айтылмайды. Бәсекеге қабілетті БАҚ-тың болмауы Қазақстанды ақпараттық периферияға душар етеді, онда біз өзге ақпарат пен өзге идеологияның тұтынушыларына айналамыз, дәл қазір де трансұлттық медиаимперияның басшылығы жағдайындағы халіміз солай болып отыр.Мамандар былай дейді: «Егер мемлекет әлемдік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйеге ойыншы ретінде кіре алмаса, онда ондай мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне қауіп төнеді». [29].

Ақпарат құралдары және коммуникацияның әлемдік өркениет тарихындағы негізгі даму кезеңдері ақпарат таратудың қағаздық емес құралдарынан басталып, одан әрі қолжазба дәуірге көшіп, тарихқа тұңғыш баспа станогын әкелді. Журналистика қоғамдық институт ретінде қалыптасып, электронды БАҚ-тың негізі қаланып, бүгінгі күні ақпараттану жаһандану үрдістерімен, біркелкі әлемдік ақпарат кеңістігімен сипатталады

Қорытынды

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы мемлекеттік тілдегі ақпараттар жеткіліксіз. Бұл мәселені реттеу үшін 2010 жылғы 15 шiлдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне «электрондық үкiметтi» дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттiк ақпараттық жүйелердегi қазақ тiлiндегi ақпараттың көлемi орыс тiлiндегi ақпараттың көлемiнен кем болмауға тиiс деген норма енгізілді. Дегенмен, бұл талап бүгінгі күнге дейін орындалмауда. Тұрғындардан мемлекеттік интернет-ресурстарында мемлекеттік тілде жеткілікті ақпарат ала алмай отырғандығы жөнінде арыз-шағымдар түсірілуде. Осы ретте мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қазақ тілінде ақпараттардың орналастыруы туралы жоғарыда аталған норманың орындалуына мониторинг жүргізу қажет. Сонымен қатар, бұл мәселені қалыпқа келтіру үшін мемлекеттік органдардың сайттарының құрылымы мен оларды толтыру бойынша арнайы мемлекеттік стандарт қабылдау қажет. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын мемлекеттік тілде дамытуға тосқауыл болып отырған факторлардың бірі — ортақ терминдер жинағының жоқ болуы. Сондықтан мүмкіндігінше жылдам түрде қазақ тілінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы бойынша терминдер жинағын (глоссарийін) әзірлеу қажет.Қазақ тілінде мобильдік байланыстағы SMS хабарламалар тарифі латын әріптеріне қарағанда екі есе жоғары. Бұл жерде мемлекеттік тілді кемсітушілік жоқ па деген заңды сұрақ туындауда. Ақпараттық технологиялардың ерекшеліктеріне қарамастан SMS хабарламалар бағасын бір қалыпқа келтіру қажет. Керек десе қазақ тілінде жіберілетін SMS хабарламалар тарифін екі есе төмендету әділ болар еді.Осымен бірге, аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды заң арқылы қамтамасыз ету қажет. Ал қолданыстағы Тіл туралы заңда тілді электронды ақпарат тіліне айналдыру секілді маңызды міндеттер қарастырылмаған.

«Статистика мәліметтеріне сүйенсек, елімізде қазақ тілін білетін азаматтардың саны өсе түсуде. Жақын жылдары бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жөнінде жоспарлар бар. Бүгіннің өзінде мектептердің 80 пайызы қазақ немесе аралас мектеп. Мемлекетте барлық оқушылардың ¾  қазақ тілін меңгерген және олардың көпшілігі үшін қазақ тілі – ақпарат алудың негізгі тілі. Егер де 9 ай сайын тұтынылатын ақпараттың көлемі 2 есене өсіп отыратынын ескерсек, дәстүрлі кітаптар ақпаратқа деген сұранысты өтей алмайтыны түсінікті, бұл жерде жаңа технологиялар мен интернетсіз қиынға соғады». [30].

Біз соңғы кезде ғаламтор қолданушылары санының өсуі мен мектептердің компьютерлермен жабдықталуының жақсаруы туралы жеңімпаздық мәлімдемелер жасауға әуес болып кеттік. Әрине, бұл маңызды, бірақ бұл ақпаратқа қолжетімділіктің «техникалық» шарты ғана.Жаһандану ақпаратты тікелей өндіргіш күшке, ықпал етудің құралы мен сонымен қатар постиндустриялды қоғамның діңгегі мен барынша әлсіз буынына айналдырғаны адамзатты ақпараттық дәуірге әкелді. Ақпараттық қоғамның маңызы күннен күнге артып келеді. Ең бастысы ақпарат осы ғасырда тауарға айналып, барлық салада үлкен сұнранысқа ие. Ақпараттың зиянды жағы да бар екенін ұмытпау қажет. Бірақ, оны қоғамдағы адамдарға зиянсыз ету үшін ақпарат тепе-теңдігін ұстау қерек. Сонымен қатар отандық кадрларды нарыққа, экономикаға байлансыты бейімдеу басты жұмыстың бірі. Жаһандану кезеңінде бүгінгі тәуелсіз еліміздің аяққа нық тұруына ақпараттың қолжетімділігі де үлес қосары анық. Бірақ, ұлттық идея мен құндылықты аяқ асты етуге болмас. Ол үшін отандық және шетелдік БАҚ-тарға ана тілімізді дамытуды жүктеу қажет. Сонымен бірге цензура қою да қазіргі таңда мемлекетімізге артық болмас. Себебі, әр елдің өзіндік ұстанған дара жолы, ұлттық ұстанымы бөлек. Ол сонысымен де өзге елдерден ерекшеленіп тұратыны хақ.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/0
  2. БАҚ және қазақ тілі// Айқын. -2016. 12 қараша, -5 бет.
  3. Мамай Жанболат. Қазақстанда Қазақстан туралы бір ауыз сөз жазбайтын басылымдар жарық көріп жатыр //  Жас алаш. – 2010. 2 ақпан, -10 бет
  4. Марқабаева Г. Жаһандану және мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік. // Ақиқат – 2007. 5 наурыз, -10 бет.
  5. Қазақ тілді ортада ағылшын тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері//Ақ жол -2014. 16 қараша, -15-17бет.
  6. http://old.el.kz/m/articles/view/content-23624
  7. Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО– да оқыту –Астана. -2011. 56 бет
  8. Н.М.Ознобина. Очерки по современной советской и зарубежной экономике, 2013, 178 бет
  9. Т.Әбдіқадырова, Г.Үрістенбекова. Төл дыбыстарды меңгерту – тіл меңгертудің негізі. –Алматы. -2013.
  10. Ж. Қалиев, В.С. Мальцев, З.Н. Очаковская. Ағылшын тілі. -2011.
  11. Қазақ тілі мектепте, колледжде және ЖОО– да оқыту –Астана. -2014. 56 бет
  12. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде // Егемен Қазақстан. — 2013. 25 мамыр, 13 бет.
  13. Қазақ тіліне қажеттілік тудырудың жалғыз жолы// Қазақ үні. -2012. 20 бет
  14. http://www.qazaquni.kz
  15. Мәуленбек Д. БАҚ туралы заңға базына // Үш қиян. – 2009. 10 маусым
  16. Қазақ сөйлеу тілі синтаксистік бірліктерінің прагматикалық негіздері. – Алматы, 2001, 246-б
  17. Көркем аударма дамуының үлгісі// Ана тілі. 2015. -24 шілде. 12 бет.
  18. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде // Егемен Қазақстан. — 2013. 25 мамыр, 13 бет.
  19. http://group-global.org/kk/publication/22193
  20. Смайыл А.  Ұлттық идея ұстыны // Егемен Қазақстан. – 2006. – 25 қаңтар
  21. — 12.06.2008Елубай С. Ақпараттық соғыс немесе ұлтшылдық пен ұлтсыздық хақында  // Жас алаш. – 2012. 21 қазан
  22. Досова Л. Ақпарат кеңістігі: заңдылығы мен ақиқаты // Нұр-Астана. – 2009. – 25 маусым. 23-25 б.
  23. МамырбековН. Орыс тілді басылымдар ұлт проблемаларын көтермейді деген пікірмен келісесіз бе? // Алаш айнасы. – 2010. 29 қаңтар.
  24. Матвеева Л.В., Аникеева Т.Я. Психология телевизионной коммуникации. – Москва: РИП-холдинг, 2002. – 316 б.
  25. Өтеулиев С.Қ. Электронды үкімет ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде // Саясат-policy. – 2009. — №6-7.
  26. abai.kz. – 23.01.2010.
  27. Төленқызы Р. Ақпараттың тұзағына шырмалған сана (этнограф, ғалым А.Сейдімбекпен сұхбат) // Алматы ақшамы. – 2009. – 12 ақпан.
  28. Марқабаева Г. Жаһандану және мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік. // Ақиқат. – 2007
  29. Бұлұтай Мұртаза. Азаматығымызды ардақтайық // Президент және халық – 2009. 11 желтоқсан
  30. inform.kz

Құрастырғандар: Бидайқұл Ж., Ерхасым Ж.

Яндекс.Метрика