ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жастарды азаматтыққа, өз Отаны –  Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру міндеттері жөнінде нақты айтылған.

 Біздің планетада әр түрлі халықтар тұрады. Сол әр халықтың өзінің тілі, діні, әдебиеті сияқты өз тілінің ерекшеліктері болады. Адамның ойын жарыққа шығаратын – тіл. Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай, сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтқан. 2007 жылғы « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдамасында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» – «Триединство языков» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Ал 2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», – деді. Тілдердің үш тұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға ойдағыдай кіруге тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр. Егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңінде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды қалыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, әр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы шетел тілінің ролін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер және интернет жүйесі арқылы тілдесу әр түрлі мамандықтағы, әр түрлі жастағы, әр түрлі қалауы, қызығушылығы бар адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді. Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.[1]

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» — деген ескерту айтқан болатын. Президенттің елдегі тіл мәселесіне қатысты ұстанымын зерделегенде, оның нағыз демократиялық тұрғыда іске асарлық тіл саясатының жақтаушысы екеніне көз жеткіземіз. Қазақ тілі эволюциялық жолмен дамытылып келеді. Сол себепті де еліміздегі тіл саясатында қысым немесе шектеу қою тәсілдері атымен жоқ. Елбасы барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білгенін қалап, бұл істің әр азаматтың еркімен болғандығын дұрыс санайды.

 «Үш тұғырлы тіл» мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пе ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады. Яғни, орыс тілі мен ағылшын тілі қазақ тілінің көлеңкесінде, ығында жүреді. Президентіміз айтқандай, үш тілдің ішінде қазақ тіліне басымдық беріліп, қалған екі тіл сол ана тілімізге бағынышты күйде болады. Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру. Әрине, мемлекеттік тілмен қатар, ағылшын, орыс тілдерін білетін, өз мамандығының нағыз іскерлеріне. Осы олқылықтарды толтыру мақсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниеге келіп отыр. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады.

 «Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. «Үш тұғырлы тіл» саясатын дамыту үшін қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді мемлекет тарапынан ең бірінші орынға қойылып жатқаны да көзі ашық адамдарға шындық. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқының 93,5 пайызы өз ұлтының тілін — ана тілі деп санайды. Ал, 74 пайызы қазақ тілінде ауызша сөйлей алады, түсінеді. Сонымен қатар 94,5 пайызы орыс тілді болса, 15,4 пайызы ағылшын тілін толық меңгергендер. Демек, 130-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған еліміздегі орыс тілінің қазығы әлі де мықты. Саны бойынша 3/2 құрайды, бұл бізді бір жағынан үлес салмағы жағынан құтқарып та отыр. Бұл статистикаға қарап, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүргізудің нақты уақыты екенін, яғни темірді қызған кезінде басатын кез екенін атап өту керек. Егер, «Үш тұғырлы тіл» саясатын кейінге қалдырсақ, онда дамудан тоқтап қаламыз. [2]

Қазақтардың жаһандану үрдісіне тартылуы, бір жағынан, біртұтас әлемдік кеңістіктегі барлық қоғамға қосылудың кепілі болса, екінші жағынан –бұл тартылыстың индикаторы болып табылады.
Қазақстандық студенттердің әлеуметтік және сөйлеу тіліндегі сөйкестіліктерінің өзгеруі жаһандану тендецияларының көрінісі ретінде танылады және олардың әсерлерінің талдауында көрініс тапқан.
Жаңа әлемдегі кәсіби өсу біртұтас ақпараттық кеңістікке қосылусыз мүмкін емес, ал бұл жеке тұлғадан анықталған компьютерлік сауаттылықты және қазақ тілі мен ағылшын тілін жан-жақты білуді талап етеді. Өйткені көптеген, қисапсыз ақпараттың көзі электрондық түрде, ағылшын тілінде беріледі.
Қазіргі жағдайда қазақтардың жаһандану үрдісіне тартылуының шарттарының бірі тілдік шарт яғни, шет ел тілдерін оқып-үйрену арқылы тілдік құзыреттілік деңгейінің өсуі, екінші жағынан – туған тілдің құндылықтарын сақтап қалу.
Тілдік біліктілік жұмыс істеу немесе интернетке кіру үшін ғана керек емес, компьютерлік қарым-қатынас қазіргі әлемде коммуникацияның айқын ерекшелігі болып табылатына қарамастан, оның қажетті бір шарты табысты кәсіби карьера жасау үшін де керек. Көптеген батысеуропалық компаниялар өз штаттарында шет тілде емін – еркін әңгіме жүргізіп, сұхбат құра алатын қызметкерлер ұстайды. Американдық университеттер, мемлекеттік қызмет және қызмет көрсету аясындағы компаниялар жұмысқа қабылдау кезінде ағылшын тілінен басқа, ең болмаса бір шет тілін білетін үміткерлерді жақсы бағалайды. Қазақстандық жұмыс берушілерде шет тілін білетін мамандарды бағалай бастады. Жетекшілік міндеттерді атқара алатын адамдарға ұсынылатын негізгі талаптардың ішінде шет тілін меңгеру ерекше қойылады.
Көптеген ағылшын, неміс компаниялары келесі шарттар бойынша бойынша сұрыптайды: ағылшын тілін жақсы білу, интеллект, шығармашылық қадам, адамдармен тіл таба білу, мінез тұрақтылығы, мақсатқа жетудегі табандылық. Осылайша, шет тіл біліктілігі кәсіби жұмысқа тұру кезінде іріктеудің ең басты критериі болып табылады.
Студенттік топтың жаһандану үрдісіне қосылуы бір жағынан, шет тілдерін көңіл қоюдың жоғарылауымен, екінші жағынан, әлеуметтік мәртебесі биік орыс тілінің ықпалымен сөйлеу мәдениетінің өзгеруімен байланысты. [3]

Мемлекеттік тілді дамытуға қоғамдық қамқорлықты жұмылдыру мақсатында Елбасы 2008 жылы «Мемлекеттік тілді дамыту қорын» ұйымдастыруды ұсынды. Сол жылы 5- қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президенті қорынан 48 млн. теңге бөлінді. Бұл қордың мақсаты мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған түрлі тиімді жобаларды іске асыру болды. Бүгінгі таңда елімізде Президенттің 2011 жылғы 29-маусымындағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2020 жылға таман Қазақстандағы ересек тұрғындардың 90 пайызы мемлекеттік тілді білуі тиіс. Ал орта мектепті бітірген түлектердің қазақ тілінде сөйлеуін 100 пайыз қамтамасыз ету белгіленді. Үш тұғырлы тіл принципі бойынша 2020 жылы ел халқының 20 пайызы ағылшын тілін меңгеруі керек. Ал үш тілді бірдей меңгерген азаматтар саны 15 пайызға жетеді деп жоспарлауда. Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлес салмағын 2014 жылы 53, ал 2020 жылы 70 пайызға жеткізу белгіленді.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблея­сының ХІХ сессиясында 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90 пайызы қазақ тілін меңгеруге қол жеткізу міндетін айта келе: «Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз оң үлес қосу керектігін айтып келемін. Елімізде 10 миллионнан астам қазақ болатын болса және олар түгел тілді игерсе, байлықтың ең үлкені осы болар еді. Өзіміз, бәріміз игерсек, сөйлесек осындай орта пайда болатын болса, барлық мәселеміз шешіледі. Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуы тиіс» деді.
Мемлекет басшысы бұл идеяларды 2012 жылдың 14-желтоқсанында жарияланған «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тереңдете түсіп, 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс екенін атап өтті.[4]

“Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік тіл – қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да, елімізде “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылуда.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ең бірінші орында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қазақ тілін және бәсекеге қабілетті елдің берік іргесі мен кемел келешегінің кепілі ретінде орыс және шет тілдерін үйренуіміз керек. Мынандай шарықтау заманында көп тілді игергенге ешкімнің таласы болмайтыны хақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://sabaq.kz/11081/
  2. http://el.kz/m/articles/view/content-26576
  3. http://5fan.info/polbewjgeotrqas.html
  4. http://anatili.kazgazeta.kz/?p=17092

 Құрастырғандар: Өмірзақ А.,  Жарылқапова Т.

 

Яндекс.Метрика