ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ

Қазіргі кездегі өзекті мәселелернің бірі медициналық көмек көрсетудің сапасы десем де болады. Өзім болашақ дәрігер ретінде бұл тақырып мені қатты қызықтырды. Медицина өте үлкен жауапкершілікті қажет ететін сала. Адам өмірі сенің қолыңда болады. Сондықтан Қазақстандағы медициналық қызмет көрсету жағдайын біліп, кемшіліктер болса өзімнің болашақта алған білімімнің негізінде сол қателіктерге жол бермей, оны түзеуге өз үлесімді қосамын дегім келеді.

Бүгінгі күні барлығы жақсы дамыған, білгісі келгенін ғаламтордан көріп білуге болады. Не нәрсені көруге болады. Тіпті, уколдың қалай салатынын да көріп аламыз. Сондықтан да, менің ойымша, дәрігер өте білімді, көп нәрсені білуі керек. «Медициналық қызметкерлерді жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру сапа менеджментінің құрамдас бөлігін құрайды.

Медициналық көмек сапасы денсаулық сақтау жүйесінің кешенді параметрлерінің талдау нәтижелерін сипаттайтын, ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін анықтайтын, басқару тиімділігін, функционалды қасиеттерін, жұмысының нәтижелерін бағалайтын маңызды аспект.  «Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды».(1)

 Өйткені, пациентті медициналық көмектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас танытқаны, ем-шаралардың оның өмірінің сапасына қандай әсер еткені туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат маңызды. Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеулер осы мәселеге арналған.

 «Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы сапаны басқару Мемлекет басшысының жіті назарында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында адами әлеуеттің деңгейін көтерудегі маңызды бағыттардың бірі ретінде медициналық қызметтің сапасы мен оның қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау екендігін нақтылап көрсетті.

Медициналық қызмет көрсету сапасының Президенттің жіті назарында отырғандығы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында көрініс тауып отыр. Ұлт көшбасшысы еліміздің барлық аймақтарында сапалы медициналық қызмет алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. Медициналық көмек сапасын арттыруда медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталуын жақсарту шаралары жасалуда, ол өз кезегінде емдеу-диагностикалау үрдісінің техникалық деңгейінің жетілуіне, медициналық техниканың мақсатты жұмсалуына және медициналық көмек деңгейі мен тиімділігіне сапасын арттыруда медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталуын жақсарту шаралары жасалуда, ол өз кезегінде емдеу-диагностикалау үрдісінің техникалық деңгейінің жетілуіне, медициналық техниканың мақсатты жұмсалуына және медициналық көмек деңгейі мен тиімділігіне қолайлы әсер етеді. Осы тапсырма емдеу-профилактикалық ұйымдарында, медициналық көмек көрсетудің әртүрлі сатыларында медициналық іс-әрекет пен ресурстық қамтамасыз ету стандарттарының жіктемесін жасау арқылы іске асырылып отыр».(2)

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қолжетімді, сапалы, әлеуметтік-бағдарлы және экономикалық жүйесінің дамуына қажетті шаралар қосындысын нақтылады. Бүгінгі таңда медициналық көмектің сапасы тиімділік, баламалылық, өнімділік, моральдық-этикалық қағидалар жағынан қарастырылады. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

Қазақстандағы бүгінгі күнгі медициналық қызмет көрсетудегі сапаны басқарудың үлгісі сыртқы (мемлекеттік), ішкі (ауруханаішілік), тәуелсіз бақылау (сараптама) болып бөлінеді. Осы бағдарлама аясында денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттардың біріңғай жіктемесі және мәліметтер базасы; медициналық технологияларды бағалау жүйесі дайындалып, енгізілді; диагностикалау, емдеу және клиникалық нұсқаулар стандарттары дайындалып, іс жүзіне енгізілді және оның тиімділігінің мониторинг жүйесі құрылды».(3) 

Денсаулық сақтау саласында сапаны басқаруды жетілдіру туралы әдебиеттерге шолу жасауда, медициналық көмек сапасын қамтамасыз етудің түрлі механизмдері мен құралдарының бар екенін көрсетіп отыр. Сыртқы және ішкі бақылауды, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы қатар жүргізу денсаулық сақтауда сапаны басқарудың тиімді үлгілерінің көпшілігіне ортақ сипаттама болуда. Дүние жүзіндегі көптеген елдерде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында, денсаулық сақтау саласының түрлі үлгілерінде және түрлі қаржыландыру көздерімен қамтамасыз етілетін медициналық ұйымдарды аккредитациялау жүйесі енгізілген.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету жүйесінде денсаулық сақтаудағы мемлекеттік бақылауды жетілдірумен қатар, медициналық ұйым деңгейінде медициналық көмек сапасын басқару мен тәуелсіз сараптама біртіндеп дамып келеді. Медициналық көмек сапасын арттыру мәселесі тек біздің елде ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде артып отыр. Медициналық көмек сапасының төмендігі, пациенттерді емдеуге жұмсауға болатын қажетті ресурстардың шығындалуына алып келеді, ал тұрғындар болса медициналық көмек сапасына күн өткен сайын сынмен қарауда.

Сөзімнің соңын: «Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну» (4) — деп аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://kk.
  2. http://tengrinews.kz/markets/kazahstan-isklyuchaet-vozmojnost-vvedeniya-edinoy-valyutyi-273587/
  3. http://www.akorda.kz/kz/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursultana-nazarbaeva-narodu-kazakhstana-
  4. http://www.zharar.com/kz/shygarma/2460-purity-guarantee-of-health.html

Құрастырғандар: Дәулетқызы А., Мықтыбек А.

Яндекс.Метрика