Стартаптың ерекшеліктері
Стартаптың бизнес ретінде бірнеше ерекшеліктері бар. Олар:
1. Жаңа өнімді немесе жаңа қызмет көрсету түрін нарықта ұсыну. Стартаптың басты мәселесі жаңа идеяны немесе осы күнге дейін жұмыс істеп тұрған бизнесті жетілдіріп, дамытып өзін басқа қырынан көрсетіп нарықта ұсыну болып табылады.
Соның арқысында стартап нарықта үлкен компаниялар және фирмалармен бәсекеге түсе алады. Өйткені осы күнгі бизнесте пайда мен жетістікке тек нарыққа жаңа өнім немесе қызмет көрсету түрін ұсынған кәсіпкерлер ғана жетеді. Сондықтан да стартап әрқашанда
2. Стартаптың негізі қызықты әрі жаңа бизнес идея болып табылады. Кезкелген бизнес — жаңа идеяға (ойға) сүйенеді. Және де егер идея болмаса, бизнесте болмайтынын естен шығармаған жөн. Бірақта стартап мәселесінде идея аса маңызды әрі құнда нәрсе. Егерде ол идеяның перспективасы күшті әрі болшақта көп пайда әкелуі мімкін болған жағдайда бұл идея өте құнды әрі қымбат болады. Ал бұл дегеніміз құр идеяның өзін сатуға болатынын көрсетіп отыр. Мысалы, интернет желісінде көптеген бизнес жоспарлар мен идеяларды еркін әрі тегін табуға болады. Бірақта олардың 99,9% пайызы ұқсас келеді. Ал бұл дегеніміз жақсы идеямен тегін ешкім бөліспейтінін көрсетіп отыр.
3. Стартапты құрушылардың көбісі жастар. Статистикалық ақпартқа сәйкес стартапты бастаушылардың орта жасы 25 жастағы азаматтар. Оның себебі жастар әрқашанда қызу қанды, армандары шексіз және қандайда қиындықтан қорықпай тәуекелге баратын жандар. Шынандада адамның 18-бен 25 жастағы шағы жаңа белесті бағындыруға арналған кезеңі, яғни «Тепсе темір үзетін» шағы. Мысалы бәрімізге танымал iPhone (Айфон) ұялы телефондарын шығаратын Apple компаниясының алғашқы өнімін Стивс Джобс өзің достарымен үйінің есік алдындағы әкесінің гаражында жасады.
4. Стартапты бастаушылардың мақсаты тек қана ақша табу емес. Әдетте стартапты бастаушылар өз ісіне жан тәнімен кіріседі. Керек болған жағдайда тәуекелгеде барудан да тайынбайды. Өйткені оларды мазалайтын тек қана жұмыстарының нәтижесі. Әрине стартапшының бастаған ісі қандайда оң нәтиже бермеуі мүмкін, бірақ істі бастамай және оны аяғына дейін жеткізбей оның нәтижесін білу мүмкін емес. Сондықтан да «Уайым түбі тұң қиық түсесіңде кетесің, тәуекел түбі жел қайық өтесің де кетесің» дейді халық даналығы.
5. Қаржыландыру қиындықтары. Идеяны жүзеге осыру барысындағы қаржынландыру қиындықтары стартаптың басты мәселесінің бірі. Бір жағынан оның таңғаларлық ештемесі жоқ. Өйткені старттапты бастайтын жастар ме жас кәсіпкерлер. Сондықтанда стартапты қаржыландыратын инвестор қажет.