ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ПРОБЛЕМАСЫ

Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестігі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы көрсетілген. [1]

Қазіргі таңда табиғат ресурстарын тиімді пайдалану ауқымды проблеманы алып отыр.Себебі,табиғи қорлар қажетті деңгейде қорғалып жатқан жоқ. Елімізде көптеген құнды ресурстар бар,бірақ оны пайдалану деңгейі төмен және де оны жүзеге асыратын маман иелері елімізде тапшы болып отыр. Дамыған елдерде табиғат ресурстарын пайдалану жоғарғы деңгейде,себебі олар шикізат ресурсын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады.Өзіміздің елде де осы мәселені жолға қойсақ,елімізде табиғат ресурстарын тиімді пайдалануда проблемалар болмайды.

Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.

Табиғат — бұл  адамзат  қоғамының  өмір  сүру  және  іс-әрекетінің   қайнар  көзі. Өнім  өндіру  және  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  процесінде  адамзат  табиғи  ресурстарының  әртүрлі  түрлерін  пайдаланады. Табиғат  пен  қоғамның  әрекет  ету  мәселелерінің ішінде  жалпы  адамзатқа  неғұрлым  маңызды  міндеттер  қоршаған  ортаны   жақсы  жағдайда  сақтау  қоғамның  бірте  — бірте   көбейіп  келе  жатқан  қажеттіліктерін  әртүрлі  табиғи  ресурстармен   қамтамасыз  ету  болып  табылады. Жоғарыда  аталған  мәселелерге  байланысты   адамды  қоршаған  ортаны  қорғау   және  табиғатты  қорғау  жайлы  пікірлер  туындады. Адамды  қоршаған  орта  адамға  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  табиғи , табиғи – антропогендік  және  антропогендік  обьектілер , құбылыстар  мен  процестердің  жиынтығын  қамтиды, адам  олармен  өз іс  әрекетін  жүзеге  асыру  процесінде  өзара  қарым –қатынасқа   түседі. Бұл  ұғымға  адамдар  өмірінің  қамсыздандырылуы   мен  өнім  өндіру   әрекетінің  аясы  кіреді. Қоршаған  ортаның   тұрақты  жағдайы  қамтамасыз  ету ,  оны  антропогендік  әрекеттің   жағымсыз  ықпалдарынан  қорғау  табиғатты  қорғаудың  маңызды  міндеті  болып  табылады.

Табиғатты  қорғау бұл  адам  әрекеті  мен  қоршаған  табиғи   ортаның  өзара  әрекетін  қолдауға  бағытталған , табиғи  ресурстардың  сақталуы  мен  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ететін , қоғам  қызметінің   нәтижесінің  табиғат пен  адам   денсаулығына  тікелей  және  жанама  әсерін ескертетін  шаралар  жүйесі.Қазіргі  кезеңде қоршаған ортаның  жағдайына  екі  түрлі  факторлар  тобы   шешуші  түрде  ықпал  етеді. Олардың   біріншісі  ғылыми-техникалық  революцияны  және  оның  негізінің  адамзат  қоғамының  өндірістік  қызметі  алғысындағы  көрінісін  қамтиды. Екіншісі  демографиялық  аспектілерді  қарастырады  және  жер  бетіндегі  тұрғындар  санының  көбеюі  мен  урбанизацияны  ( қала  тұрғындары санының  өсуі)  қамтиды. Бұл  факторлар  бірге  алғанда   өндіргіш  күштердің даму  қарқынына  тікелей  ықпал  жасайды, ол,  өз  кезегінде, табиғи  ресурстардың  интенсивті  түрде  азаюына  және  онымен  байланысты  қоршаған  ортаның  ластануына  әкеліп  соғады.[3]

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді

жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Табиғат ресурстары бірнеше белгілері бойынша жіктеледі:

  • Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының сарқылуы;
  • Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады.[4]

Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын – табиғи қормен  қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, қуаттың жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары – басқа шикізат түрін кеңінен қолдану және қалдықсыз пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы – заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.  Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады.

Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.  4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.  Жалпы Қазақстан аумағының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су қорларының маңызы арта түседі. Себебі қуаң климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы егістерді өркендету үшін су қорлары басты орын алады. Бұған қоса қалалар мен өнеркәсіп орындарының өсуі, республикадағы су қорларының жетіспеушілік жағдайына әкеп соғады. Еліміздің трансшекаралық өзендері Ертіс пен Ілені ұтымды пайдаланумен бірге экологиясының қауіпті жағын да ескерген жөн. Олардың бастауы біздің мемлекеттік шекарадан тыс жатқандықтан трансшекаралық өзендердің проблемасы сан қырлы. Олардың шаруашылық және экологиялық сипатымен қатар саяси, тарихи, экономикалық және табиғатын қорғау мәселелері тұр. Көршілес, туыстас мемлекеттермен ортақ өзендердің (Сырдария, Талас, Шу) тағдырына қатысты да дәл осындай проблемалар туындайды.Су қорларын пайдаланудың  жыл сайын өсуіне байланысты оларды ұтымды пайдалану, ластанудан қорғаудың маңызы зор. Өзендерге гидротехникалық қондырғылар салу кезінде де жергілікті табиғат ерекшеліктерін ескеру қажет.[5]

Осымен, қортындылай келе біз табтғат ресурстарын тиімді пайдаланып, елімізде бар байлықтарды текке шашпаныздар дегіміз келеді. Табиғат біздің екінші анамыз! Сол себепті табиғат ананың бізге сыйға тартқан асыл байлығын тиімді пайдаланып,келесі ұрпаққа саф күміс қазынадай қалдырайық! Өз елімізде табиғат ресурстарын тиімді өндіру ақсақ болып тұр. Сондықтан,осы жұмысты игеретін мамандар иелерінің шығуына көптеп көңіл бөліп,қолға алғанымыз жөн. Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп, ысырап болып жатқаны белгілі. Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы, адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегінде табиғаттың басқа компоненттерінің өзгеруіне әкеп соқты. Тың және тыңайған жерлерді игеру барысында мыңдаған  гектар жер топырақ, су және жел эрозияларына ұшырады. Алғашқы жылдары өнім біршама мол болғанымен, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендеп кетті. Жыртылған жердің борпылдақ топырағы желдің әрекетінен құнарлы қабатын ұшырып әкетіп, сол жердің топырағы жел эрозиясына ұшырайды. Өйткені топырақтардың құрылымдық ерекшеліктері ескерілмеді.Қолда бар алтынды қадірлей білейік!

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  2. http://referatkaz.kz/%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BD/
  3. http://bigox.kz/t
  4. https://www.topreferat.com
  5. http://referat700.ru/

Құрастырғандар: Асанова Ж., Өмірбай Л.

Яндекс.Метрика